"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

28.03.2015

26 наурыз күні, шаһарда елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына орай, форум ұйымдастырылды. Шараға оқу орындарының студенттері, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Форум аясында митинг пен автошеру, флешмоб өткізілді.

{jcomments on}«Біздің таңдауымыз – тұрақтылық», «Бірлік пен бейбітшілік – біздің басты байлығымыз», «Елімнің тағдыры – менің тағдырым». Форум аясында қаламыздың Орталық алаңында өткізілген митингке жиналған жастар осындай ұрандар жазылған плакаттар ұстап тұрды. Шараның салтанатты бөлігі автошеруден басталды. Жиырмадан астам автокөлік Түйемойнақ аралынан бастап орталық алаңға дейін жүріп өтті.

Шараның ашылу салтанатында бірінші болып сөз алған Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н. Ә. Назар-баевтың Семей қаласы бойынша қоғамдық штабының төрағасы Шәріпбек Әмірбеков биылғы кезектен тыс Президент сайлауының еліміз үшін үлкен мәнге ие екенін, сол себепті Қазақстанның әрбір азаматы аталмыш саяси науқанға белсене қатысуы керек екенін атап өтті.

 

— Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы алдыңғы қатарлы ел ретінде таниды. Қазақстан өз болашағына үлкен сеніммен қарайтын беделді мемлекетке айналып отыр. Біздің еліміз сенімді даму мен өркендеу жолында, сол себепті алда келе жетқан сайлауда Қазақстанның әрбір азаматы саналы, ең бастысы, дұрыс таңдау жасауы керек,- деп атап өтті Шәріпбек Ағабайұлы.

 

Сайлау науқанына орай өткізілген шараны қолдайтындарын сахна төріне шығып сөз сөйлеген мәдениет ошақтары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері де білдірді. Бұл азаматтардың қатарында Абай атындағы театрдың директоры Яков Горельников, Семей қаласы әкімшілігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрайымы Жанна Жибраева, Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице — президенті Сұлтан Картоев, Семей қалалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әбділдабек Тұрсынов бар. Орталық алаңға жиналған жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде олар шешуші сәтте әрбір дауыс- тың маңызға ие болатынын тілге тиек ете келе, жастар қауымын, қала тұрғындарын алда келе жатқан сайлау науқанына белсене қатысуға шақырды.

Шара барысында сондай-ақ сахна төрінде «Көк тудың желбірегені», «Жаса, Қазақстан», «Атамекен» сынды патриоттық әндер шырқалды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

18.11.2026
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындардың өндірісі мен сатылымына толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.  Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтың күнделікті...

Толығырақ...Details

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

18.11.2026
Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.  Жиында Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысы...

Толығырақ...Details

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

18.11.2026
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

Қазақстан Республикасының Құрылтайында онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелеріне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауға, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

16 часов бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

16 часов бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

16 часов бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

17 часов бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

20 часов бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

20 часов бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

21 час бұрын

«Бөтен ойындардың» қатысушысы болма: Семейде студенттерге есірткі қылмысы үшін сотталғандардың хикаясы көрсетілді

21 час бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

21 час бұрын

Ауыл шаруашылығын жаңғырту: азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық дамудың маңызды бағыты

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС