"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАР СУЫНАН ТАЗАРТУ ҚАЛЫПТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28.03.2015
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Семейде қар суынан тазалауға барлық техника жұмылдырылған. Шаһар көшелерінен арнайы су соратын машиналар, су айдайтын қондырғылар, үлкен тиегіштер мен жүк машиналарының қызу жұмыстарын байқауға болады.  Қар ерісімен, қала аумағын тазалау жұмыстары қарқын алып, арықтар мен құбырлар, су жинақталатын коллекторлар тазартылуда. Қажет болғанда жерді құрғатып, судың жолын бөгейтін инертті материалдар да жеткілікті.

{jcomments on}Еріген қардың суы қала тұрғындарына қолайсыздық тудыратыны анық. Оның үстіне қызыл су тұрғын үйлерге де қауіп төндіреді. Қазір осы жағдайдың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет мамандары тәуліктің кез келген уақытында  үздіксіз жұмыстар атқаруда. Қала әкімі Айбек Кәрімов орталық көшелер мен орталық базар маңы және Дальняя, Мирный кенттерінде болып, су басу қаупі бар аудандарды аралап көріп шықты. Сондай-ақ шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, арыз — шағымдарын тыңдап, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Алдымен Дальняя кентіндегі Лесная көшесінің жағдайымен танысқан Айбек Мүталапханұлы аталмыш көшенің тұрғындарымен кездесіп, көшеге арнайы арықтар салу керектігін, сонда ғана мәселе шешімін табатынын жеткізді.

— Бұл көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жолды биіктетуіміз керек. Дальняя көшесіндегі сияқты жол бойына арнайы арықтар салғанымыз дұрыс болады. Өйткені биіктеген жолдан аққан сулар үйлерді алып кетуі мүмкін. Ал қазір жағдайдан шығудың бір — ақ жолы — суды сорғызып отыру, — деді Айбек Кәрімов.

 

Ал тұрғындар қызыл суды шығарып жатқан жергілікті билікке ризашылықтарын білдірді. Бұдан кейін әкім аталған ауданда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Дальняя көшесінде болып, өткен жылы салынған арықтардың жұмысын өз көзімен көрді. Кейін Дальняя көшесі мен Шымкент көшесінің қиылысына аялдады. Аталған көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталған. Дегенмен алдағы уақытта су ағатын арықтар салу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл шаруа күн жылысымен қайта жанданады.

 

— Өткен жылы бұл жерден тіпті өту мүмкін емес еді. Ал қазір жол жөнделіп, ретке келтірілді. Енді былтыр басталған жөндеу жұмыстарын осы жылы аяқтауымыз керек. Бұған міндетті түрде бюджеттен қаражат қарастыратын боламыз. Су ағатын арықтар салатын болсақ, мәселе шешіледі деп ойлаймын, — деді қала әкімі.

Одан кейін Мирный кентіне барған шаһар басшысы аталмыш ауданда көктемде су басатын  Макаренко көшесі мен ондағы арықтарды көріп шықты. Жағдаймен танысқаннан кейін сала мамандарына аталған көшені тез арада тегістеп, су ағатын құбырды кеңейтуді тапсырды.

Айта кетуіміз керек, қар суының көбейіп, шалшыққа айналмауы үшін, қала тұрғындары да     жауапкершілік танытып, өздерінің аулаға жинал-ған қарларын тазалаулары қажет. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік иелері өз  ғимараттарының  аулаларынан үйілген қарды шығарып, су ағатын арықтарды тазарту керектігін ескергендері жөн.

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                      «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

17 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

17 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС