"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді

31.01.2026
Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданында бірнеше жылдан бері аяқталмай, созылып келе жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысып, жауапты басқармаларға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Аймақ басшысы алдымен Кеңгірбай би ауылы маңындағы Қарашоқы шатқалында бой көтеріп жатқан балалар лагеріне барды. Бір ауысымда 40 баланы қабылдайтын нысанның құрылысы 2023 жылы басталғанымен, мердігерлердің жауапсыздығынан жұмыс әлі толық аяқталмаған. Қазір ғимаратта жылыту жабдықтарын орнату және ішкі әрлеу жұмыстары қалып отыр. Сонымен қатар лагерь орналасқан аумақта орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ болғандықтан, су тасымал арқылы жеткізіліп отыр.

Осыған байланысты облыс әкімі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен құрылыс басқармасына нысанды қатаң қадағалауға алуды міндеттеп, мердігерге жұмысты сапалы әрі жедел тәмамдауды тапсырды. «Мұндағы құрылыс жұмыстарын оқушылардың жазғы демалысына дейін аяқтауымыз керек. Сондықтан жұмысты жандандыру қажет», – деді Берік Уәли.

Сапар барысында аймақ басшысы Көкбай ауылындағы спорт модуліне де барды. Бұл нысан да 2023 жылы басталып, белгіленген мерзімде пайдалануға берілмей қалған. Мердігер ұйым өкілдері жобаны аяқтау үшін қосымша қаржы қажеттігін жеткізген. Жоба бойынша спорт модулінің жылу жүйесі электр энергиясы арқылы жұмыс істеуге бейімделгенімен, нысанның тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған жылу қазандығын салу жөнінде ұсыныс айтылған.

Облыс әкімі жауапты басқармаларға ғимарат құрылысын аяқтауға қажетті құжаттамаларды әзірлеуді, ал мердігерлерге жұмысты сапалы бітіруді тапсырды. Сондай-ақ, аудан аумағындағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың уақытында қолданысқа берілуін бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді

Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді
default
Мақалада: Абай ауданыбалалар лагеріБерік Уәлисақалды құрылысспорт модулі

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

20 часов бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

22 часа бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС