"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРДАГЕРЛЕР ӘН ШЫРҚАДЫ

10.04.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық Мәдениет сарайында қалалық халықтық ардагерлер хорының концерті өтті. Шара ағымдағы жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, ҚР Ата Заңы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы сияқты мерейтойлық даталарға арналған. Концерт барысында, соғыс пен Жеңіс тақырыбындағы әндермен қатар, халық шығармашылығынан музыкалық туындылар орындалды.

{jcomments on}Мәдени шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – қалың көрермен арасында жекелеген авторлар жазған патриоттық мәндегі музыкалық туындылар мен халық шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Он жылдан астам уақыт бойы үздіксіз  жұмыс істеп келе жатқан ардагерлер хорының репертуары да бай. Оның ішінде соғыста майдан даласындағы ерлік, Отан қорғау тақырыбындағы мазмұны терең туындылармен қатар, халық әндері де бар.

— Бүгінгідей концерттің ұйымдастырылуы өте үлкен мәнге ие. Біз еліміздің тарихындағы маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық даталарын лайықты деңгейде атап өтуге тиіспіз. Әлбетте, бүгінгі шарада көбіне соғыс тақырыбындағы әндер орындалады, алайда біз Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейлі мезеттерді де назардан тыс қалдырмауға, бұл тақырыптарды да мейлінше қамтуға тырыстық, — дейді ардагерлер қорының мүшелері. Сондай-ақ олар мұндай концерт ұйымдастыруды сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласында жау әскеріне қарсы қаймықпай соғысқан жауынгерлердің рухына тағзым етудің, көзі тірі ардагерлер мен сол жылдары тылда аянбай тер төккен тыл еңбеккерлеріне алғыс айту екенін жеткізді.

 

Концертті тамашалауға келген көрермендер арасында қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова да болды. Өз сөзінде ол осындай ерекше кеш ұйымдастырған халықтық ардагерлер хорына алғысын білдірді. Сондай-ақ қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары мұндай мәдени шараны өткізудің маңыздылығы жайлы ойымен бөлісті.

 

— Мерейтойлық даталарды атап өту еліміздің азаматтарының барлығы үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан оларды тойлауға ардагерлер хорының үн қосуын заңды деп білемін. Әрі бұл — аталмыш өнер ұжымының халық арасында патриоттық тақырыптағы музыкалық туындыларды насихаттаудағы, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы жұмысының көрінісі деп атауға болатындай, — дейді Рашида Ашрафқызы.

Концерт барысында халықтық ардагерлер хоры көрермен алдында сұрапыл соғыс жылдарындағы халықтың, жауынгерлердің көңіл-күйін айқын суреттейтін бояуы қанық әндер мен халық шығармашылығынан алынған туындыларды орындады. Олардың ішінде әйгілі дағыстандық ақын Расул Ғамзатовтың өлеңіне жазылған «Журавли» әні мен тағы да басқа музыкалық шығармалар бар. 

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС