"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРДІ ЕСЕЛЕДІ

21.04.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елорда төрінен наурыздың 23 жұлдызында аймақтарды аралауға аттанған «Менің Қазақстаным» үгіт-насихат пойызы Шығыс Қазақстан облысына жасаған алғашқы сапарында ең алдымен Аягөз қаласына аялдады. Патриоттық акция қатысушыларын күтіп алу салтанатына қала тұрғындары көп жиналды. Жиналған көпшілік алдында аудан әкімі Бақытжан Байахметов жалынды сөз сөйлеп, делегация мүшелеріне алғысын білдірді.

{jcomments on}- Биыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев  «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш-қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек», — деген болатын. Біз тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз. Біздің қазақстандық жол  — бейбітшілік, келісім және даму жолы! 20 жылдық аясында кең — байтақ Қазақстанды аралап, сапарға шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы еліміздегі ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті көрсететін маңызды шаралардың ұйытқысына айналып, міне, бүгін біздің ауданымыз Аягөзге ат басын тіреп отырсыздар. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! — деді аудан басшысы көпшілік алдындағы өз сөзінде.

«Менің Қазақстаным» пойызының әлеуметтік жобасы аясындағы интеллектуалдық бағыттағы жұмыстары осылайша Аягөз ауданында да өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үсенгелді Медеуов пен Ахмед Мурадовтың қабылдауында азаматтардың жеке өтініштері бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін, «Бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі» деген тақырыпта патриоттық бағыттағы дәріс ұйымдастырылды.  Осыдан соң «Сыйластық. Түсіністік. Келісім» атты толеранттылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл семинар-тренинг ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызмет басшысы Нұрбек Шаяхметовтің модераторлығымен өтті. Аталмыш лекцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ү.Медеуов, А.Мурадов, Астана қалалық қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ш.Исмаилов қатысып, өз ойларын ортаға салды. Бұл шараға Аягөз ауданы әкімдігінің басшылары, мемлекеттік қызметтегі мамандар, мұғалімдер мен жастар қатысты.

 

Шара соңында аудандық орталық кітапханаға «Теңдессіз сыйлық» акциясы аясында мемлекеттік этносаясатқа арналған кітаптар табыс етілді. Мұнымен қатар аудан әкімі атынан ҚР-ның  халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевқа, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забироваға «Аягөз ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Осылайша, «Менің Қазақстаным» пойызының мүшелері Аягөз ауданындағы жұмысын жақсы нәтижелермен қорытындылады. Жалпы, бұл күні қоғамдық келісім кеңесінің қабылдауына 20 адам келсе, 715 адам дәрігерлік кеңес алыпты. Ал әлеуметтік сала бойынша 15, халыққа қызмет көрсету мәселесі бойынша 7, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бойынша  62 адам қабылдауда болып, өздеріне тиісті көмек-кеңестерін ала алды. Сондай-ақ  ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерінің қабылдауында 27 адам болған екен. Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен лекция, семинар-тренинг, іскерлік ойындарға 150, жастармен өткен кездесуге 150, ал кітапхана қызметкерлерімен өткен семинар-тренингке 40 адам қатысып, акцияның мәнін ашатын өзекті деген бірқатар сұрақтар талқыланды.

Ал кешкі мезгілде Аягөз қаласының орталық алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтіп, отаншылдық тақырыбындағы әндер шырқалған мәдени шараны жалпы саны 13 мыңға жуық адам тамашалапты.

Қуан ӘЛІМБЕК,

Аягөз ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

16 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

18 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

18 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

18 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС