"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАПСЫРУ ЖАЛҒАСУДА

24.04.2015

Семей қаласында «Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медалін табыстау жалғасуда. Майдан даласында Жеңіс үшін жан аямай шайқасқан ардагерлермен бірге, тыл еңбеккерлеріне де құрмет көрсетілді.

{jcomments on}Өңіріне мерекелік медаль таққандардың бірі — тыл еңбеккері Зайнезаип Шукшумбаева. Кейуана биыл 95 жасқа толған. Алайда қария, осы жасқа келгеніне қарамастан, тың көрінеді. Сұрапыл соғыс басталып, бала күнінен талай қиындықты көрген Зайнезаип әжей еңбектің арқасында аурухананың есігін де ашпаған.

— Мен өмірі ауырған кісі емеспін, ауруханаға да жатып көрмеппін. Соғыс жылдары балалар үйінде жұмыс істедім. Колхоздың жұмысына да араластым. Талай қиын жағдайлар бастан өтті ғой. Өгізбен шөп те таситынбыз. Өзімізде жоқ болса да, барымызды майданға жіберіп отырдық. Бір күнде қаншама адам майданға аттанады. Енді соғыс болмасын. Сендер оны көрмеңдер, — деп көзіне жас алды қарт әжей.

Қария шөпшегінің неменесі дүниеге келіп, оның да қуанышын көріп отыр. Ұрпағының осы күнге жетіп отырғаны- бейбітшілік пен тұрақтылықтың елімізде ту тіккені дейді.

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» ұранымен тылда еселі еңбек еткен жандардың қатарында Владимир Щербаков та бар. Биыл 80 жасты алқымдайтын тыл еңбеккері, әкесі соғысқа аттанғанда, 7 жаста ғана болған. Бұл күн қария есінен ешқашан сөнбек емес.

— Сұм соғыс басталғанда әкемді алып кеткенін ешқашан ұмытпаймын. Анамыз екеуіміз қимастықпен шығарып салған едік. Ал 1943 жылы қаңтар айында әкеміздің із — түзсіз жоғалғаны туралы қағаз алдық. Сол жылы мектепке бардым. Оқып жүріп жұмыс жасайтын едік.  Сондықтан осы бейбіт өмірді, оны сыйлаған ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек, — дейді тыл еңбеккері.

 

Сондай-ақ қалалық тілдерді оқыту орталығы атынан мекеме директоры Олжас Соғымбаев Шайдолла Диқанбаев ақсақал шаңырағына барып мерекелік медальды табыс етті.

 

— Біз сұрапыл соғыс кезінде, ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен уақытта, майдан даласында ерлік көрсеткен батырлармен қатар, тылда тер төккен  қарияларымызға қарыздармыз. Сіздер ешқандай ауыртпашылыққа қарамастан, аянбай еңбек еттіңіздер, сол арқылы Жеңіске үлестеріңізді қостыңыздар. Семей қаласы әкімдігі атынан мерекемен арнайы құттықтай келдік, — деп атап өтті О. Соғымбай.

Өз кезегінде Шайдолла ақсақал соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп келе жатқан жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ризашылығын білдіріп, бейбітшіліктің мәңгілік сақталуын, келешек ұрпақтың соғыстың ауыртпашылығын көрмеуін тілеп, ақ батасын берді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

10 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС