"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

30.04.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында алғашқы құрылыс нысандарының жұмысы басталды.

Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс алаңдарын аралап, жобаның барысымен танысты. Орталықтың макетін аймақ басшысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр таныстырды.

Жобаға сәйкес, қаланың оң жағалауында аумағы 1000 гектар болатын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салынады. Мұнда тұрғын үй қоры 3 миллион шаршы метрден асады. Ал әкімшілік және коммерциялық нысандар көлемі 1,2 миллион шаршы метрге жетеді. Жоба толық іске асқанда орталықта 75 мыңнан астам адам тұрады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, бұл аумақта мәдениет, білім, денсаулық сақтау және спорт нысандары, қонақ үйлер мен бизнес орталықтар, қоғамдық кеңістіктерді қамтитын 40-тан астам нысан салу көзделген.

Аймақ басшысы «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында салынып жатқан бірқатар нысандардың құрылысымен де танысты. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы қолға алған Достық үйі мен Шымкент қаласы салып жатқан Шығармашылық орталығының құрылысы қаралды.

Өз сөзінде Берік Уәли бұл жобаның қала үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстары жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің әр өңірі Семейде түрлі нысандар салуды қолға алған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік рәміздер алаңын тұрғызса, Түркістан облысы Көрме орталығын, Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын, Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын салуда. Сонымен қатар, Атырау облысы «Абай әлемі» ғимаратын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Қостанай облысы Рухани орталықты тұрғызады. Жетісу облысы қалаға кіреберіс қақпа салса, Астана қаласы 1200 орындық мектеп, Алматы қаласы Медиа орталық құрылысын қолға алған. Ал Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жалпы, жаңа әкімшілік-іскерлік орталық Семейдің келбетін жаңартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ірі жобалардың бірі ретінде бағалануда.

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

Мақалада: Абайға құрметәкімшілік-іскерлік орталықБерік УәлиқұрылысСемей

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

21 час бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23 часа бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС