"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!

12.05.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеңістің 70 жылдық мерекесі Үржар өңірінде кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шарада ең алдымен соғыстан қайтпай қалған солдаттарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан соң Жеңісті жақындатуға атсалысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған патриоттық әндер мен театрландырылған көріністерге кезек берілді.

{jcomments on}Иә, бұл мереке Үржар ауданында жыл басынан бері атап өтіліп келе жатыр. Осыған дейін де түрлі акциялармен толыққан мейрам осылайша мамырдың 9 күні өзінің шырқау шегіне жетті. Орталық стадионға үржарлықтар мей-лінше көп жиналды. Мерекенің салтанатты ашылу рәсімін аудан әкімі Серік Зайнулдин алғы сөзбен ашты.

— Жеңіс күні  тек соғыс ардагерлерінің ғана емес, барша қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл  сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян-кескі ұрыстан аман келген ата-әжелерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 70 жылдығы мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Бүгінде еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріліп, дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолында. Еліміздің қол жеткізген жетістіктері Елбасы саясатының, қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың арқасында екендігі шындық. Елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделі қалыптасты. Қазақстан моделінің ықпалдылығы әлемдік қауымдастықта танылып, киелі қазақ мекені бейбітшіліктің тоғысқан жеріне айналды, — деді аудан басшысы Серік Зинабекұлы.

 

Аудан әкімі, сондай-ақ сұрапыл жылдарда Қазақстаннан бір жарым миллионға жуық адам майданға шақырылып, олардың әрбір екіншісі ұрыс даласынан оралмағандығын айта келіп, есімдері аңызға айналған үржарлық Кеңес Одағының Батырлары Владимир  Колесников, Федор Озмитель сынды басқа да даңқты ардагерлер есімі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін тілге тиек етті. Сөзінің соңында Серік Зинабекұлы арамыздағы ардагерлерге майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы еңбектері үшін зор алғыс айтып, ел іргесі аман болып, ел даңқының арта беруін тіледі.

 

Соңынан 2086 Мақаншы әскери бөлімінің командирі Арман Рамазанов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев ардагерлер қауымын, жиналған жұртшылықты құттықтап өтті.

Осыдан соң салтанатты шара бастау алды. Жаяу жүгіріс марафонына қатысушылар сап түзеп, алаңға келіп, «Жеңіс алауы» жағылды. Осылайша, әскери бөлім сарбаздары мен мектеп оқушылары сап түзеп, мерекелік шеруді  бастап кетті.

Соңынан соғыстың әр кезеңін бейнелейтін театрландырылған көріністер көрсетіліп, әскери автомашиналар шеруі ұйымдастырылды. Шекара жасағының әскерилері тұрғындарға арнап әскери ойындар көрсетті.

Шара «Ұлы Жеңіске тағзым» атты салтанатты кешпен жалғасын тауып, соңынан аудан әкімінің қатысуымен өткен «дала асханасы» атты мерекелік шарамен жалғасты.  

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

13 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС