"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ХАС ШЕБЕРЛЕРІ

19.05.2015
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Спорт жанкүйерлері асыға күткен қызықты сәттердің бірі  қазақ күресінен қасиетті емші Ырғызбай Досқанаұлы атындағы үшінші халықаралық Гран-при жүлдесі үшін болатын балуандар бәсекесі еді. Ұлттық спорттың әлемдік деңгейдегі мәртебесінің биік екенін дәлелдейтін салтанатты сәт те келіп жетті. Тарбағатай жеріне, Ақсуаттың төріне, «Мәңгілік ел» саябағының алдындағы орталық алаңға төселген боз кілемге төрткүл дүниенің назары ауды десек, артық емес. Мұнда дүниежүзінің 16 елінің ең таңдаулы деген 38 балуаны күш сынасты.

Халықаралық жарыстың мәртебесі биік, талабы да жоғары. Сондақтан осы шараның жоғары деңгейде, спорт әлемінің заңдылықтарына сай өтуіне Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтан бастап барлық зиялы қауым, спорт мамандарының тастүйін әзірлік жасағаны бірден байқалып тұрды. Жарыс өтетін алаң мерекедегідей жайнап кеткен. Дүниежүзінің ең таңдаулы палуандарын өз көздерімен көріп, белдесулерін тамашалауға тарбағатайлықтар тайлы-таяғы қалмай жиналған дерсің.

Жарыстың салтанатты түрде ашылуында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтау сөз сөйледі. Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Дөңбаев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерециясының президенті Серік Түкеев, ФИЛА халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы жүлде үшін қазақ күресінен халықаралық турнир өткізу идеясының авторы, әрі басты ұйымдастырушысы, халықаралық қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Бәделхан Камалханұлы және басқалар құттықтау сөз сөйледі. Көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» және ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулет осы шараға арнап жазған өлеңін оқыды. Облысымызда ұлттық ат спорты түрлері қалыптасуының негізін қалаушы, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы, құрметті спорт қайраткері Тоқан Базарханов ақсақал жер шарының әр түкпірінен келген палуандарға, жа-  рысқа жиналған халыққа арнап бата берді.

 

{jcomments on}Осындай ауқымы кең, маңызы зор халықаралық жарысты жоғары дәрежеде мінсіз өткізу зор жауапкершілікті, мықты дайындықты қажет ететіні, жарысты ұйымдастырушылар, аудан басшылары, спорт мамандары осы жұмыста алға қойған мақсаттарын абыроймен атқарып шыққаны туралы жақсы пікірлер көп айтылды. Еліміздің атағын аспандатып, мерейін асыратын палуандардың аламан бәйгесіне Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, еліміздегі кен-металлургия саласының алыбы — «Казцинк» компаниясы, Өскемен титан — магний комбинаты, «Май» акционерлік қоғамы, Бүкіләлемдік қазақ күресі федерециясы, Тарбағатай ауданының әкімдігі осы жарыстың дұрыс өтуіне демеуші болғаны туралы да ақпарат берілді. Әлемдік қазақ күресі федерациясы атқару комитетінің басшысы Талғат Мәзібаев та осы жарыстың ұтымды ұйымдастырылуына лайықты үлес қосты.

 

Жарыстың нәтижелерін халықаралық дәрежедегі төреші Қуаныш Наханов жариялады. Жоғары салмақта күрескендер арасында І –орынды Монғолиядан келген палуан Алтынгэрэл Даваням жеңіп алып, «Түйе палуан» атанды. ІІ-орын  Айбек Нұғымаровтың еншісіне тиді. ІІІ-орынды Талғат Әміренов талассыз алды. Салмағы сексен келіге дейінгі палуандар арасынан Тарбағатай ауданының тумасы Қуаныш Мұратов «Өгіз палуан»  атанып,                    I — орынға шықты. Грузия елінен келген Биссорион Беулова екінші, тәжікстандық палуан Чамшед Шониязов үшінші орынға ие болды.

 

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

ерд�i����_��?�ылары да тазалық жұмыстарына қызу араласуда. Өкінішке орай, жеке сектордың тазалық деңгейі сын көтермейді. Бұл, әсіресе, кейбір дүкендер мен дүңгіршектерге қатысты,- деді. Сондай-ақ бөлім басшысы қаламыздың тазалығына тигізер септігі мол мұндай сенбіліктердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын айта келе, барлық тұрғындарды шаһарымыздың санитарлық ахуалына, келбетіне бей-жай қарамай, осындай игілікті шаралардың нәтижелі жүзеге асырылуына бір кісідей атсалысуға шақырды

 

Мемлекеттік мекемелер, мәде-ниет ошақтары, білім ордалары өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, гүлдендіруге үлес қосқан күні шағын кәсіпорындар ұжымдары сенбілікке шықпады.  Бұдан бір-ақ ой түюге болады. Яғни, кейбір бизнес өкілдері қаламызда жұмыс істеп жатса да, қалың көпшілік атсалысқан шараға қатысуға құлықсыз. Сенбілік барысында қала тазалығына       немқұрайлы қарауларының сырына қанығу мақсатында осындай кәсіпкерлік нысандарының біразын аралап көрдік. «Маған бәрібір» дегендей бойкүйездік танытқандарын былай қойып, кәсіпкерлер орналасқан аумақтарын тазаламауларының себебін білмек ниетпен қойған сауалдарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Мұндай жайт жекеменшік тұрғын үй секторында кездесетінін айта кеткен жөн. Әсіресе қаламыздың шет жақтарында жиі ұшырасады. Сөзімізге Суық бастау кентінің Цветочная көшесінің бойындағы жағдай дәлел бола алады. Маңайдағы үйлерден шығарылған, тұрғындар төккен қалдықтардан құралған күлтөкпелерден көз сүрінеді. Қала берді жан-жаққа шашылған түрлі қоқыс. Екі ауыз сөзбен айтқанда, Цветочная көшесіне бара қалған адам осындай көріністің куәсі болады. Алайда, санитарлық жағдайдың осынша төмендігіне қарамастан, тұрғындар сенбілікке шықпаған. Қалдық үйінділерінің қордаланып қалуының себебін қоқыс шығарушы кәсіпорындармен ортақ келісім шарттың жоқтығымен түсіндірді. Ал сенбілікке қатыспауға қатысты сауалға бұл жерде көбіне егде тарт-қан я болмаса қария адамдардың тұратынын, жастардың көбінің жұмысқа кеткендігін айтып жауап берді.

Жалпы, он алтыншы мамыр күні Абай даңғылы, Қаржаубайұлы, Қабанбай батыр, Лебаев, Глинка, Интернационал, Титов, Волгоградская көшелері негізгі тазалық учаскелері болды. Жасыл желек егіліп, жиектастар мен ағаштардың діңгектері әктелді. ПИК – тің күшімен көптеген тұрғын үйлердің аулалары мен олардың маңындағы аумақтарда тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке қала тұрғындарымен қатар, алты жүзден астам коммуналдық қызметтердің және оларға қарасты ұйымдардың жұмысшылары да қатысты. Арнайы техниканың 34 бірлігі, 22 өздігінен төгуші машина, 12 тиеуші көлік жұмылдырылды. Оның ішінде 10 өздігінен төгуші мен 7 тиеуші көлік «Семей» көгалдандыру мен абаттандыру мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тиесілі. Көшелерді тазалау үшін «Баймағамбет» ЖШС, «Озон — 93» өндірістік кооперативі, «Жылукоммунэнерго» және «Семей су арнасы» мемлекеттік коммуналдық мекемелері де техникаларын ұсынды. Жалпы ал-ғанда, он алтыншы мамыр күні төрт жүз жиырма текше метрден астам күл-қоқыс шығарылған.

 

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 часа бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 часа бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 часа бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 часа бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

17 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

19 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

19 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

19 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

21 час бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС