"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРТАҚ МІНДЕТТЕН ОҚШАУ ҚАЛМАЙЫҚ!

22.05.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көктем келісімен, Семейде тазалыққа көңіл бөлініп, тынымсыз тіршілік басталып кетті. Шаһарда сәуір—мамыр айларында санитарлық тазалық, көркейту—көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында екі айлық тазалық акциясы жарияланды.

«Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпаған. Белсенді басталған жұмыстар барысында жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіліп, қала келбетін көріктендіруге күш салынуда. Аталмыш акцияның аяқталуына да аз ғана уақыт қалды. Осыған орай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев бастаған топ қаланың бірқатар аумақтарында болып, тазалық жұмыстары жүргізілмеген жерлерді тексерді.

 

{jcomments on}Әлбетте, қала тұрғындарының басым бөлігі жүргізіліп жатқан тазалық айлығына үлкен қолдау білдірді. Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың көрікті болуы үшін үлес қосты. Жергілікті биліктің тазалыққа мән беріп, оны халық болып жалғастырып, қолға алғаны, әрине, сүйсінерлік жайт. Әсіресе қаланы көгалдандыруға көп көңіл бөлініп, бар күш салынуда.

 

— Жалпы, өмір сүріп отырған ортамыздың, қаламыздың таза, әдемі болғанына не жетсін?! Оны жасау, оған үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Осы атқарылып жатқан игі істі кейбірі түсінсе, қайсыбірі түсіне қоймайды, — деген қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев барша тұрғындарды тазалыққа баса назар аударып, өз үлестерін қосса екен деген тілегін білдірді.

Жұмыс тобы алдымен қаланың сол жағалауындағы Глинка көшесінен бастап, аталмыш аудандағы бірқатар көп қабатты тұрғын үйлерде тазалық жүргізілмегеніне көз жеткізді. Мәселен, Глинка көшесіндегі 35-үйдің ауласында сенбілік жұмыстары мүлде жүргізілмеген екен. Көп қабатты тұрғын үйдің маңы түрлі тұрмыс қалдықтары мен құрылыс материалдарына толы.

— Мамыр айы да аяқталып келе жатыр. Белгілі бір қорытындылар жасалатын кез келді. Жалпы, сенбіліктерге қала тұрғындары, әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер, бюджеттік саланың қызметкерлері белсенді қатысты. Бұл жерде қаланың ірілі-ұсақты кәсіпорындарының белсенділігі біраз төмендеу. Кейбір жеке секторларда да солай. Әрқайсысы өз ауласын тазартуға тырысады. Дегенмен жекелей бір аумақтарда жұмыстар жүргізілмегенін байқап қаламыз. Бүгінгі акциямыздың мақсаты-тазалық шараларына мейлінше тұрғындардың назарын аударту. Себебі біз таза, көрікті қалада тұрғымыз келсе, әрқайсысымыз өз септігімізді тигізіп, жұмыс істеуіміз керек, — деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы      Айдар Садырбаев.

Қала тазалығы, оның көркейіп-көгалдануы – барлық тұрғынға ортақ міндет. Сондықтан әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызса, шаһарымыздың ажарланып, көркейе түсуіне қосқан үлес болар еді.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

21 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС