"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢСЕРУ

29.05.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізге ХХІ ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050». Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – «Мәңгілік ел»,- деген еді. Осы жолда Елбасының ең әлді, дамыған әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі үлкен мақсатты жоспарының орындалуына өз үлесін қосып, ерекше жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген азаматтарымыз аз емес. Олар шаңырақты көтерген уықтай, еліміздің мәртебесін биіктетуде жер-жердегі халықты, еңбек ұжымдарын Елбасының тапсырмаларын орындауға жұмылдыра білуде. Бес саусақтың бірдей еместігі сияқты жергілікті жерлерде олардың кейбіреуі жарқ етіп шығып жоқ болып жатса, енді біреулері көзге көрінер-көрінбес болып жанады. Сөйтіп, тұңғиықтағы сәулесін айналасына бірқалыпты маздата шашады. Қай өңірде болмасын  ондай шамшырақтар жеткілікті. Солардың бірі — Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапханұлы Кәрімов. Жоғарыдағыдай теңеуге жету оған оңайшылықпен келген жоқ, ол үшін талай тер төгіліп, талмай қажырлы еңбек жасалды. Жасалып та жатыр. Бәрі кешегідей көз алдымызда.

* * *

 

{jcomments on}2010 жылдың қысы. Қақаған аязда қалаға жылу беруді қамтамасыз ете алмаған қазандықтардың бірі ақыры істен шықты. Үйлерінде суықтан жаураған ел Семейде бұл әңгіменің бұдан да бұрын, тіпті бірнеше жыл бойы көтеріліп келе жатқандығын, Үкіметтен қомақты қаражат та сан мәрте бөлінгенін айтып жан-жаққа еріксіз шағымданып жатты. Шынында да, бұл жолы бұрын-соңды болмаған жылу жүйесінің апаты республиканы аяғынан тік тұрғызды десе де болғандай. Дәл сондай өте қиын уақытта сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланың бетке ұстарларын жинап, Шемонаиха ауданында басшы болып жүрген Айбек Кәрімовті Семей қаласына әкім етіп тағайындайтынын айтып, оның өмір жолымен таныстырып шықты. Мен ішімнен: «Ойпырым-ай, өзі бір дұрыс азамат еді, бұл қалаға бекер келді-ау», — дедім. Өйткені Семейді басқару өте қиын. Біріншіден, қаланың құрамына бұрынғы Жаңасемей ауданының бірқатар елді мекендері және қашықтығы 300 шақырым жерде жатқан бұрынғы Абыралы ауданы енеді. Сырттан келген қонақтар: «Дүние жүзінде аумағы мына Семейдей үлкен қала көргеміз жоқ», — деп әзілдеп жататыны да бар. Қалжыңы да, шыны да осы. Екіншіден, қаланың ескі жылу жолдары мен жылу қазандықтары, қыс басталса болды, сынуын да, сынға ұшырауын да бір қоймайды. Кей уақыттарда Цемпоселок, Юность деген үлкен шағын аудандар жылусыз қалып, қақаған қыста елді әбден күйзеліске түсіріп жататыны бар. Үшіншіден, осы қалаға әкім тұрақтаған емес. Сонау 1997 жылы екі облыс қосылғаннан бері бұл жерде әрі кеткенде бір жарым жылдан артық істеген басшы болған емес. Содан бері 9 әкім ауысыпты. Рақмет алған да ешқайсысы жоқ. Әрине, өтпелі кезеңнің қиындығы да көп болды. Әйтпесе, солардың бәрін бірдей «жатыпішерлер» деп айта алмайсың. Оның үстіне Қазақстандағы ең көне қаланың бірі аталатын Семейдің үнемі ана жерін жамасаң, мына жері кетіп жатады. Әйтеуір, бұл қала күндіз-түні республикалық теледидардан бір түспейді. Әрбір қыс сайын Үкімет басшылары мен министрлер алдағы жылы жағдай түзеледі деп кетсе де, келесі күзден бастап баяғы әңгіме қайта алдыдан шығады. Осындай қиюы бір келмей тұрған жерге Айбек Кәрімовтің тәуекел етуін кейбіреулер: «Қаланың қиындығын білмеген соң келген ғой», — деп қаңқу сөзді көбейтіп жатты. Оған қоса «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей, әрбір келген басшыға бата беріп, тілек айтуға үйреніп қалған трибунадағы тұрақты шешендер әкімдікке қарай ағыла бастады. Бірер күн өтпей-ақ: «Өзі орнында болмайды екен, қала кәсіпорындарымен танысып жүр дейді. Көрерміз не бітіретінін, енді бармаймын», — деп «өкпелеп» қалғандар да аз болмады. Аз уақыттан соң өкпенің көкесі әкімдікте істеп жүргендердің өзінен шықты. Талап қойыла басталды. Бұрын абыройлы, беделді аталып шалқақтап жүргендер де енді елмен қатар есеп беретін болды. Әсіресе  мұндай талап бұрын арқаларынан қағып, беттеріне жылы жүзбен қарауға үйреніп қалғандар үшін қиын болды. Олардың кейбіреуі жаңа басшыны бұрынғы, үйреншікті арнаға бұруға тырысты. Одан түк шықпайтынына көздері жеткен соң: «Алған бетінен қайтпайды, бәрін бір күнде өзгерткісі кеп бос әуреленеді. Тым қатал, бүйте берсе, бұл да ұзаққа бармайды», — деген сөздерді таратып жатты. Бірақ  жаңа басшы айтқанынан қайтпады, тапсырма күннен күнге нақты беріле басталды. Халық жергілікті телеарналар арқылы әкімді жылу беретін көптеген қазандықтардың бірінен соң бірінен, іске талай жылдан бері әне-міне қосылады-мыс деген кәсіпорындардан жиі көре бастады. Дей тұрғанмен тозығы әбден жеткен жылу желілері, қыс басталған соң келген жаңа әкім қанша жанталасып еңбектенсе де, жарылмай тұрмады. Бірақ та  «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, жер астындағы трубаларды жамау бұрынғыдай бірнеше күнге созылмай, бір тәулікке жетер-жетпес уақытта қалыпқа келтіріліп жатты. Тұрғындар күні-түні тынымсыз жанталасып еңбек еткен азаматтарды көргенде әдеттегідей көшеге шығып наразылық білдірудің орнына, керісінше, оларға жанашырлық таныта бастады. Қала халқы осындай тіршілікті ақпарат құралдарынан үнемі көріп, оқып, біліп жатты. Ел жаңа әкімге үміт артайын деді. Алты ай қыс өтісімен-ақ, жылда келесі қыс келгенше ұмытылып кететін жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары бірден басталды. Бұл, әрине, басшының өмірден жинаған тәжірибесіне де, оның көргені мен біліміне, керек десеңіз, шыққан тегіне де байланысты екені хақ. Арғы аталарындағы атақты адамдарды тізбей-ақ, тек әкесі Мүталапханның елге сыйлы, қазақтың жөн-жосығын жетік білетін азамат, ұлағатты ұстаз болғанын айтсақ та, жеткілікті болар. Кезінде Мүталапханды елі құрметтеп, еркелетіп Мүтән деп атап кеткен көрінеді. Бұл да тектен-тек емес шығар. Ал анасы Нағима Құдай деген адамның өзі. Үлкен жүректі азамат қана биікке алқынбай шыға алады дегендей, Айбек — бір емес, бірнеше мәрте биікке еркін көтерілген, қарымы кең, айналасындағы елін сүйсіндіре білген жан. Сол шыққан биіктерінде, қызметі ауысып жатқанымен, оның азаматтық деңгейі, адамгершілігі әр уақытта сол биіктен көріне білді. Жастайынан, сонау комсомолдың бар кезінде кісімен сөйлесуді, жастарға тәрбие беруде көп дүниені аудандық, облыстық, тіпті комсомолдың республикалық орталық ұйымында алса, шаруашылықтың қыр-сырын өңірдің әр төңірегінен жинақтады. Бір Аягөз ауданының өзі неге тұрады? Үлкен және сан салалы, көп ұлтты ауыр аудан. Сәл қия бассаң, әртүрлі хаттар мен арыздардың қарша борайтыны да бар екенін несіне жасырамыз. Міне, сол өңірде әкімнің орынбасары, артынан әкім болып табаны күректей жеті жыл еңбек етті, тәжірибе жинақтады. Кейіннен екі ауданнан бірігіп шет қоныстанған, Қытаймен шекаралас, шаруашылықтары шашыраңқы, халықтың тұрмыс жағдайы ауыр Тарбағатай ауданына басшылыққа ауыстырылды. Самарқау, қалғып жатқан шет өңірдің бойына қан жүгірді. Басқасын былай қойғанда, аудан басы Ақсуаттың өзі адам танымастай өзгерді. Елді алаламай, туған жер тағдырына шын жанашырлықпен қараған Айбек көпшіліктің алғысына бөленді. Еңбегінің жемісін, бейнетінің зейнетін көрді. Алдын ауқымды межелей білетін басшы көп ұзамай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұрынғы екі облыстың ауыл шаруашылығына    жауап беру айтуға ғана оңай. Бұл, әрине, көп ізденісті, тынымсыз еңбекті талап етті. Қай шаруаны жоспарласа да мақсаты айқын, білімділігі, парасаттылығы, азаматтық ұстанымы жоғары Айбек Кәрімов бұл үлкен шаруада да сенген адамдарын жерге қаратпады. Өйткені, табиғатында ырду-дырдуға әуес кей басшылардай емес, қай жерде жүрсе де өзін нақты істің адамы екенін көрсете білетін ол ойластырған шаруа әр кез өз қисынын, орнын тауып, елдің жүрегіне төте жол тауып жатады. Кейіннен жаңадан келген облыс әкімі оны нақты істің ортасы болып саналатын аудан басшылығына қайта жіберді. Шыңдалып, шаруаға әбден төселіп алған Айбек қайда еңбек етсе де артынан көпшілік: «Рақмет! Алланың нұры  жаусын!» — деп жақсы тілекпен аттандырып отырды. Барған жерлерінде шаруашылыққа ғана мән беріп қоймай, өтпелі кезең әлсіретіп кеткен елді мекендерді  көркейту, құлып салынған кітапханаларды қалпына келтіру, иесіз қалған спорт кешендерін жандандыру, әсіресе стадион, ипподром салу арқылы шағын қала, аудан орталығы тұрғындарының мәдени деңгейін көтеру Айбек үшін ат тізгінінің екі ұшындай болатын. Оның да өзіндік себебі бар. Жастайынан тарихи кітап, жәдігер, қолөнер, оның ішінде ағаштан, былғарыдан жасаған заттарға әуес болып, оны ерекше бағалап, спортпен бір кісідей шұғылданып өскен жан есейген кезінде де оны жалғастыра білді. Әсіресе этнографияға әуестігі ерекше басым болды. Бұл тақырыпта әңгіме қозғала қалғанда, оны осы саланың маманы ма деп те қаласың. Ондай жайттар билік басындағылар өмірінде жиі болмаса да кезігіп тұрады. Бұл жөнінде Өзбекәлі Жәнібеков пен  Иманғали Тасмағамбетовті атасақ та жеткілікті. Кезінде қызыл кеңестің мақсаты ұлтты жою, ол үшін оның тамырынан айыру, ел қорғаған батырларымызды жырлатпау, шешен билерімізді сөйлетпеу болды. Міне, осындай қиын кезеңнен кейін егемен еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы жадымызды жаңғыртуға жол ашқаны белгілі. Кешегі батырлар мен билер ұлттық біртұтас тарихымыздың бөлінбес бөлшегі, ал тарихты қастерлемегеннің болашағы бұлыңғыр екенін ұққан ұлтжанды азаматтар жергілікті жерлерде үлкен шаруалар тындыра бастады. Сол бабалардың атын жаңғырту арқылы, кейінгі жас ұрпаққа отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беріп, көмескіленіп қалған сүрлеу  соқпақты даңғыл қара жолға айналдырумен шұғылданып жүрген азаматтардың бірі — осы Айбек Мүталапханұлы. Кезінде, өзі біраз кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген уақытта, Жарма ауданы Қалбатау ауылының маңында қаза болып жерленген атақты ер Жәнібекке үлкен кесене тұрғызуға, оның айналасын абаттандыруға, артынан ат шаптырып, ас беруге мұрындық болған ол айтарлықтай ұйымдастырушылық қабілетімен ел алғысына бөленді. Аягөзде Ақтайлақ би мен Байғара биге салғызған кесенелер өз алдына бір төбе. Екі-үш жылдан бері атақты би Боранбай бабаға арналып оның ұйымдастыруымен ағайын-туғандарының салып жатқан мазары «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген нақылдың іске асқан нақты көрінісіндей. Айбек сырттан бір қарағанда тұйық, істің ғана адамы болып көрінгенімен, жақын біле бастаған жан оның орынды қалжыңын, ақ қөңілін тез аңғарып, ішкі рухани байлығына тәнті болады. Ал әңгімелесе қалсаңыз, тылсым сырына терең бойламасаңыз да, өнегелі, парасаттылығын тез байқайсыз. Ол — қашанда өткен күндердегі әттеген-ай дегенді сөз қыла бергеннен гөрі алдындағы шаруаларды айтқанды, жоспарды неғұрлым ауқымды межелегенді ұнататын жан. Өзінің табиғатына Алланың берген қабілетінен басқа, оның үлгі алып үйренер адамдары да аз емес. Соның бірі бүкіл Шығысты аралап, оның тыныс-тіршілігін біліп қана қоймай, керек жерінде білекті сыбанып, шаруаның бел ортасына араласып кететін бұрынғы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев болды. Сондай адамдардың үлкен тәжірибесінен, ақылынан дұрыс ой түйіп қана қоймай, қабілеті де күннен-күнге ашылып келе жатқан Айбектің Шығыс Қазақстанға таяуда келген білері, көргені көп, іскер басшы, бүгін ғана емес, ұзақ жылдар бойы халықтың рақметін алып, ризашылығына ие болып жүрген Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен де алдағы уақыттарда үйренері, алары көп екені даусыз. Орайы келгенде Елбасының басқа облыстарды былай қойғанда, бүкіл республиканы ұршықша иірген осындай азаматты Шығыс Қазақстан сияқты ең үлкен аймаққа жібергенде Семейдің барша жұрты рақметін айтып, қатты риза болғанын да айта кеткеніміз жөн шығар. Халық айтса, қалт айтпайды. Жаңа әкім облысқа келген аз уақыт ішінде ай сайын, кейде тіпті бір айда екі-үш рет 350 мыңдай халқы бар Семей секілді ескі шаhардың өнеркәсіп, мәдени орындарымен мұқият танысып, елмен кездесіп, қала әкімшілігіне келген сайын нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын өзі егжей-тегжейлі тексеріп, қадағалап, шаруаның жігін, оны атқарудың жолын таба білетін азамат екенін көрсете білді. Айбек Кәрімов- бұрыннан күнкөріс үшін біреудің алдында күмілжитіндердің қатарынан емес, қажет кезінде кімге болсын тура қарап ойын байыппен жеткізе алатын азамат. Өңірдің жаңа басшысына да түйіні шешілмей келе жатқан мәселелерді әр келген сайын жасырмай ашық мәлімдеп отырды. Есесіне облыс басшысы да әр мәселеге терең үңіліп, қажетінше қолдау білдірді. Міне, соның нәтижесінде бүгінде алдағы бағыт-бағдар да нақты және тез айшықталып, қала бюджетінің облысқа тиесілі бөлігін жергілікті жерде қалдыруға шешім қабылданды. Даниал Ахметов аз уақыт ішінде Семейдегі жылуға қатысты арыз-шағымның тоқтағанын, қаланың кешкі жарығы облыс орталықтарындағыдай жан-жақта жарқырап тұратынын көріп, қаланың ұзақ жылға арналған бас жоспарымен мұқият танысып, оны жүзеге асырудың кезегін, ретін белгілеп берді. Ең бастысы, халықтың көңіл күйінің дұрыс екенін көрді. Айбек Мүталапханұлы басшы ретінде қаланың бірінен кейін бірі туындап жататын сан алуан шаруаларын назарда ұс-таумен қатар, тұрғындардың жекелеген сұрақтарына ден қоюды да естен шығармады. Ол соңғы бір жылда ғана 100-ден астам еңбек ұжымдарында болып, 41 рет кездесу өткізді. Әсіресе Елбасы тапсырған халықтың әлеуметтік мәселесі оның күн тәртібіндегі басты шаруасына айналды. Төрт жылдан астам уақыт ішіндегі жүйелі жұмыстың нәтижесінде қаладағы ет, сүт, көкөніс бағасын тиімді бағада ұстап тұруға қол жеткізілді. Бұл мәселені шешуде, әсіресе тұрақтандыру қорының ауқымды жұмысы өз нәтижесін беріп жатса, екіншіден, көкөніс сақтау орындарындағы өнімдердің қара күзден келесі жылдың шілде айына дейін жететіндігі, үшіншіден, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін тұрақты өткізу басты рөл атқаруда. Қалада соңғы бір жылда ғана елудің үстінде ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ  Семейде жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындар, салынып жатқан тұрғын үйлер, емханалар және тағы да басқа әртүрлі құрылыстар жаңа жұмыс орындарын ашуға мұрындық болуда. Атап айтқанда, Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайлы тапсырмасын орындау жолында соңғы төрт жылда 9619 жұмыс орны ашылып, оның 9055 немесе 94,1 %-ы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатындардың үлесіне тиді. Бұл дегеніңіз — жыл сайын орта есеппен 2000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды деген сөз. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлердің өнімі 2011 жылмен салыстырғанда екі есе артып, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 51,1 млрд. теңгеге дейін көтеруге қол жеткізіліпті. Жыл сайын салық арқылы қала бюджетіне түсетін қаржының 49%-ы осы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесінде екендігі, осы бағытта қарқынды жұмыстар жүріп жатқанының айғағы болмақ. Ірі кәсіпорындардың дамуы да айтарлықтай десек, артық айтқандық болмас. Мәселен, 25 тоннаға дейін жүк көтеру мүмкіндігі бар әртүрлі маркалы автокөліктер, әскери броньды техникалар, автобустар шығару зауыттары жаңа цехтар ашып, өнімнің жаңа түрлерін, маркаларын шығаруды игеруде. Бұндай жетістіктер әртүрлі құрылыс өнімдерін шығаратын зауыттарда да өз шешімін тауып келеді. Осы орайда айта кететін бір жай, ол — салынған тұрғын үй, балабақшалардың басым көпшілігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан. Яғни, бұл бағытта жеке кәсіпкерлердің ивестициялық рөлі арта түсуде. Алдағы жылдардың жоспарлары да көңіл толарлықтай. Атап айтқанда, 2015-2019 жылдар арасында жоғарғы қуатты аккумуляторлар зауытын салу, әртүрлі заманауи жаңа технологиялы фанералардың бірнеше түрлерін шығару, транспорттық-логистикалық орталық салу, ирандық кәсіпкерлермен бірігіп ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын іске қосу сияқты және де тағы басқа жоспарларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Бұның бәрі Елбасының Астанамен бірге Қазақстанның барлық аймағы белгілі жүйемен өркендеуі, дамуы, өсуі қажет деген талабының нәтижесі. Әдетте өмірден мол тәжірибе жинай білген, елмен тіл табысып сөйлесе білген әділ басшының ғана шаруасы әр кез өз қисынын, орнын тауып, елдің жүрегіне төте жолмен барып қауышып жататыны белгілі. Айбек Мүталапханұлы, міне, осындай жан.

 

Тұнық суға түскен тастың жан-жаққа бірдей тарайтын шеңберіндей айналасына тең қарайтын, төрт құбыласын тең ұстай білген, табиғатында қолға алатын ісін түбегейлей, терең, иін қандыра талдап барып кірісетін Айбек Кәрімовті алда талай асулар, күрделі шаралар күтіп тұрғаны сөзсіз.

Амантай ДОҒАЛАҚОВ,

Семей қаласының соғыс,

еңбек және Қарулы Күштер

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Егемен Қазақстан,

20 мамыр, 2015 жыл.

 

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС