"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

31.08.2026
Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал, оның ішінде Абай облысында 10 вокзалды жаңғырту жұмысы басталған болатын. Бүгін Жарма ауданындағы Үшбиік, Жарма, Шар станцияларының жаңартылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Үш нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Жаңғырту жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Аймақ басшысы қайта жаңғыртылған вокзалдардың тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Теміржол – еліміздің елді мекендерін өзара байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік жүйесінің бірі. Сондықтан оның инфрақұрылымын жаңарту, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау – уақыт талабынан туындайтын маңызды міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік және логистика саласының әлеуетін арттыруға, теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ерекше мән беріп келеді. Сондықтан вокзалдардың заманауи талаптарға сай жаңартылуы тұрғындардың сұранысына жауап беретін маңызды шешім болды деп есептейміз. Осы сәтті пайдаланып игі жобалардың жүзеге асуына үлес қосқан барлық азаматтар мен мамандарға облыс жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Бүгін тоғыз жолдың торабында орналасқан Жарма ауданында үш бірдей жаңа вокзалды ашып отырмыз. Жаңа вокзалдар жолаушыларға жайлы жағдай жасап, Жарма ауданының одан әрі дамуына өз үлесін қоса берсін! Баршаңызды айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Берік Уәли.

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Пайдалануға берілген үш станция да өңірдің көлік жүйесінде ерекше орын алады. Станция арқылы «Семей–Астана», «Новосибирск–Алматы», «Павлодар-Алматы», «Семей-Қызылорда», «Өскемен-Алматы» бағыттарындағы жолаушылар пойыздары өтеді.

Шар қаласындағы теміржол вокзалы 1982 жылы салынған. Жаңғырту барысында ғимараттың жалпы аумағы 413 шаршы метрден 654 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Бір қабатты нысан екі қабатты ғимаратқа айналып, ішкі кеңістігі жаңартылды. Лифт орнатылды. Жолаушыларға қызмет көрсету және күту орындары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар вокзалда бұрын болмаған 716 метр болатын аралдық перрон салынды.

Үшбиік станциясындағы теміржол вокзалы 1995 жылы салынған. Нысанға соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Жаңғырту барысында вокзал ғимаратының жалпы аумағы 83,7 шаршы метрден 201,1 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ғимараттың ішкі бөлігі жаңартылып, жолаушыларды күтуге және қызмет көрсетуге арналған бөлмелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Ал Жарма станциясындағы вокзал ғимараты 1996 жылы салынған. Техникалық тексеру нәтижесінде қолданыстағы ғимарат толық бұзылып, орнына жаңа вокзал салынды. Жаңа нысанның жалпы аумағы 217 шаршы метрден 347,7 шаршы метрге дейін кеңейтілді. Ішкі бөлмелер қайта жабдықталып, жолаушыларды күту және қызмет көрсету орындары заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, 420 метр перрон жаңартылды.

Барлық үш вокзалда да жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына, сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға баса назар аударылды.

Жергілікті тұрғындар жаңа вокзалдардың ашылғанына ризашылықтарын жеткізді

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

«Бүгін біз үшін қуанышты күн! Жаңа вокзал салынып, пайдалануға беріліп отыр. Бұл вокзал тек Жарма кентінің тұрғындары үшін ғана емес, осы маңайдағы ауылдар үшін де өте қажет. Атап айтқанда, Қызылағаш, Аршалы, Қарабұлақ ауылдарының халқы темір жолмен осы Жарма станциясы арқылы қатынайды. Вокзалдың жаңа кейіпке енгеніне алғысымыз шексіз», – деді Жарма ауылының тұрғыны Тәуірбек Наушабаев.

Жалпы, облыстағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары толық аяқталуға жақын. Маусым айында Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары пайдалануға берілсе, 27 тамызда Курчатов қаласындағы Дегелең станциясының жаңадан салынған вокзалы ашылды. Мақаншы ауданындағы Жалаңашкөл станциясының вокзалы 1 қыркүйекте, ал Семей және Аягөз қалаларындағы, сондай-ақ, Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫтеміржол вокзалы

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

1 день бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

1 день бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС