"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе – жасанды интеллектіні меңгеріп қана қоймай, оны нақты істе тиімді пайдалану. Бұл – білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі.

Шәкәрім университетінде бұл бағыт бірізді жүйе ретінде қалыптасып келеді. Оның негізінде цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект саласындағы құзыреттер, нақты міндеттерді шешуге арналған AI-құралдар және осының барлығын университеттің күнделікті жұмыс үдерістеріне енгізу жатыр. Яғни, технологияны жай ғана қолдану емес, технологияның көмегімен университеттің жұмыс істеу тәсілін жетілдіру мақсаты қойылып отыр.

Бұл жолдағы маңызды жобалардың бірі – AI-Sana ұлттық бағдарламасы. AI-Sana бағдарламасының арқасында Қазақстан университеттерінде жасанды интеллектіге негізделген жүздеген жаңа жоба дүниеге келді.

Шәкәрім университеті үшін AI-Sana – цифрлық сауаттылықты арттырумен қатар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен меңгеруге бағытталған ауқымды бастаманың бірі. Бағдарламаның бастапқы кезеңінде университет білім алушыларының барлығы сертификаттаудан өтті. Ал бірінші кезеңде 1 413 студент бағдарламаны сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.

Бұл – жақсы нәтиже. Алайда кез келген оқыту бағдарламасының шынайы тиімділігі алынған сертификат санымен өлшенбейді. Маңыздысы – меңгерілген білімнің нақты міндеттерді шешуге айналуы. Сондықтан жасанды интеллектіні білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару процестеріне енгізу университет алдындағы келесі міндет ретінде қойылған болатын.

Бүгінде университеттің AI экожүйесінде дайындықтың әртүрлі кезеңіндегі он бір жасанды интеллект агенті бар. Жасанды интеллект агенттерінің ерекшелігі – олардың әрқайсысының белгілі бір міндетке бағытталуында. Олар академиялық жұмысты талдау, талапкерлерді қолдау, кәсіби бағдар беру, академиялық тәуекелдерді анықтау, кампус инфрақұрылымын бақылау және жатақханалардағы орындарды бөлу секілді нақты міндеттерді шешуге бағытталған.

Осылайша жасанды интеллект университет өмірінің жекелеген салаларына біртіндеп ене отырып, оның ішкі процестерін жаңа деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құралға айналып келеді.

Осы ретте Shakarim AI Anomaly Agent ерекше назар аударуға лайық. Бұл – цифрлық кампустың жұмысындағы әдеттен тыс жағдайларды ерте анықтауға арналған интеллектуалды бағдарламалық компонент. Оның басты міндеті – ықтимал тәуекелді алдын-ала байқап, жауапты мамандарға дер кезінде белгі беру.

Кез келген университет кампусының өзіне тән өмір ырғағы болады. Аптаның белгілі бір күндерінде студенттер ағыны артады, кей уақытта ғимараттардағы белсенділік төмендейді. Таңертең адамдар қозғалысы көбейсе, түнгі уақытта қалыпты көрсеткіш әлдеқайда төмен болады. Міне, жасанды интеллект осы қалыпты заңдылықтарды деректер негізінде зерделей алады.

Shakarim AI Anomaly Agent кампустың бұрынғы және ағымдағы жалпыланған деректерін саралай отырып, оның қалыпты жұмыс моделін қалыптастырады. Кейін жүйе нақты уақыт режимінде осы қалыпты көрсеткіштерден ауытқуларды анықтайды.

Мысалы, белгілі бір ғимараттағы адам ағынының әдеттен тыс күрт өсуі немесе төмендеуі, түнгі уақытта қалыптан тыс белсенділіктің байқалуы, көлік қозғалысының кенеттен артуы немесе цифрлық жүйелердегі ұсақ ақаулардың жиілеуі – мұның барлығы қосымша тексеруді қажет ететін белгі болуы мүмкін.

Агент мұндай жағдайда адамның орнына шешім қабылдамайды. Ол жүйелердің жұмысына тікелей араласпайды. Оның міндеті – ауытқушылық байқалған аймақты, уақытты және оның сипатын көрсетіп, жауапты қызметкерге хабарлау. Яғни соңғы шешімді әрдайым адам қабылдайды.

Бұл тәсілдің маңызы зор. Өйткені жасанды интеллект адамның орнын алмастыру үшін емес, оның дұрыс шешім қабылдауына қажетті ақпаратты уақытында ұсыну үшін пайдаланылады.

Ақылды кампус туралы сөз болғанда, технология мүмкіндігімен қатар ақпараттық қауіпсіздік пен этика мәселесі де алдыңғы қатарда тұрады.

Shakarim AI Anomaly Agent тұлғаны танумен айналыспайды, бейнематериалдарды сақтамайды және білім алушылардың оқу процесін бақылау құралы ретінде пайдаланылмайды. Технология жеке тұлғаның деректеріне емес, кампустың тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл – жасанды интеллектіні жауапты пайдаланудың маңызды үлгісі.

Күлия РАЙЫС,

Семей қаласы

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС