"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан бастап енгізілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібі талқыланды.

Кеңеске облыстық басқармалар мен өңірлік департаменттердің басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері жиынға бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков пен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек баяндама жасады.

Облыста сауда нысандарының сыртқы келбетін жақсарту, маңдайшаларын жаңарту және іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 9 маусым мен 9 шілде аралығында өңірдің 10 ауданы мен Курчатов қаласындағы сауда нысандарына мониторинг жасалды.

Тексеру барысында нысан иелеріне ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, маңдайшаларды жаңарту, ескірген жарнамаларды алып тастау және аумақтарды абаттандыру бойынша ескертулер берілді.

Ақсуат, Үржар және Көкпекті аудандарында тиісті жұмыстар толық аяқталған. Бұл елді мекендерде сауда нысандарының қасбеттері мен маңдайшалары жаңартылып, айналасы тазартылып, ретке келтірілген. Ал қалған аудан-қалаларда жұмыстарды жандандыру қажет.

Осыған байланысты Берік Уәли кәсіпкерлік басқармасына және аудан-қала әкімдеріне 1 желтоқсанға дейін анықталған кемшіліктерді толық жоюды, жөндеу және абаттандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Аймақ басшысы сауда нысандарының сыртқы келбеті мен айналасының тазалығы елді мекендердің жалпы көрінісіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ кейбір өңірлерде бұрын берілген тапсырмалардың толық орындалмағанын айтып, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді.

«Сауда нысандарының сыртқы келбеті талапқа сай болуы, іргелес аумақтардың тазалығы және абаттандырылуы елді мекендердің келбетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға формалды түрде қарауға болмайды», – деді Берік Уәли.

Кеңесте әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібіндегі өзгерістер де қаралды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілі өзгереді. Қазіргі уақытта облыста жаңа тәртіпті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі әлеуметтік қолдау реформасының негізгі ережелерін тұрғындарға кеңінен түсіндіруді және ақпараттық жұмысты күшейтуді тапсырды.

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Мақалада: АБАЙ ОБЛЫСЫабаттандыруаппараттық кеңесәлеуметтік төлемдерБерік Уәлисауда нысандарыСемей

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

2 минуты бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

30 минут бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

34 минуты бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

37 минут бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

42 минуты бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

7 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

7 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС