"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент

28.10.2026
Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің индустриялық-технологиялық тұрғыдан жедел дамуына қажетті тетіктерді әзірлеу керек. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Бұған қоса, еліміздің индустриялық-технологиялық тұрғыдан жедел дамуына қажетті тетіктерді әзірлеу керек. Қазақстан – минералдар мен шикізатқа бай мемлекет. Бұл – біз үшін стратегиялық жетістік. Сондықтан геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет. Жаңа кен орындарын бұрынғы заманнан қалған әдістермен іздеу оң нәтиже бермейтіні анық. Қазіргі таңда геологияны жоғары технологиялық сала ретінде мойындауымыз керек, — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің атап өтуінше, озық технологиялардың көмегімен еліміздің жер қойнауын толыққанды зерттеп, деректердің ашықтығын және қолжетімді болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Жаңа кен орындарын іздеу және барлау үдерісіне жеке қаражатты белсенді тартқан жөн.

— Бәріңізге мәлім, қазір айрықша маңызды металдардың рөлі артып келеді. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бізге де осындай металдардың қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет. Аталған жүйеде тау-кен саласындағы жобаларды ұзақмерзімді қаржыландыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктер болуға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, елімізде осы бағытта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындармен оффтейк-келісімшарт жасау арқылы кепілді сұранысты қамтамасыз еткен жөн.

 

— Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі. Осы мәселені кәсіпкерлермен бірлесе талқылап, жыл соңына дейін маған нақты ұсыныс енгізу қажет, — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

28.10.2026
Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды мәлімдеді. — Қазір Қазақстанда...

Толығырақ...Details

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

28.10.2026
Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

Еліміз халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы рөліне көшуі қажет. Бұл туралы Құрылтай отырысында "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты...

Толығырақ...Details

Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

28.10.2026
Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

Қазақстан үшін шикізаттық артықшылығын тұрақты энергетикалық және технологиялық прогреске айналдыру аса маңызды. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті...

Толығырақ...Details

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

28.10.2026
Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

Жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Президенттің...

Толығырақ...Details

Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

28.10.2026
Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды түбегейлі жаңғырту жұмыстарында тек мемлекет ресурсына сүйенуге болмайтынын айтты. — Бүкіл...

Толығырақ...Details

Еуразия әлемнің басты азық-түлік орталығына айналуы әбден ықтимал — Мемлекет басшысы

28.10.2026
Еуразия әлемнің басты азық-түлік орталығына айналуы әбден ықтимал — Мемлекет басшысы

Жаһандық ашаршылық туындаған жағдайда Еуразия азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі орталық болуы әбден ықтимал. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

2 минуты бұрын

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

3 минуты бұрын

Тоқаев: Қазақстан электр энергиясын қымбатқа сатып алып, арзанға қайтарып отыр

10 минут бұрын

Президент электр энергиясы саласына қатысты тапсырма берді

12 минут бұрын

Президент стратегиялық міндеттерді шешуге кәсіпкерлерді тарту жөнінде мәлімдеді

13 минут бұрын

Айрықша маңызды металдар қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру қажет — Президент

15 минут бұрын

Еуразия әлемнің басты азық-түлік орталығына айналуы әбден ықтимал — Мемлекет басшысы

18 минут бұрын

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

21 минута бұрын

Тоқаев: қате шешімдердің салдары қандай теріс нәтижелерге әкеп соқтырғанын көріп отырмыз

23 минуты бұрын

Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Президент

25 минут бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС