"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРТІС ЖАҒАЛАУЫ ЕРЕКШЕ ҚҰЛПЫРАДЫ

12.06.2015
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы тұрғындары мен қонақтарының серуендеп демалатын орындарының бірі Ертіс өзені жағалауында бүгінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонау Кеңес заманынан жөндеу көрмеген жағалаудың семейліктер үшін алатын орны ерекше. Көп ұзамай бұл аумақ жаңа кейіпке еніп, ел игілі—гіне берілмек.

Жоба бойынша қайта жаңғыртудың алғашқы кезеңін ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Оның аясында жаяу жүргіншілер жолы толықтай жасалып, қоршаулар ауыстырылмақ. Сонымен қатар гүлзарлар мен каскадты бұрқақ қайта қалпына келтіріледі. Бүгінгі күні бұл аумақта «Гордорстрой» ЖШС мердігер мекемесінің жұмысшылары ескі жолды сүріп тастап, жаңа төсеніш салуға дайындауда. Сондай-ақ өзенге төмен түсетін сатыларды қалыпқа келтіруде. Бұл жұмыстардың барлығына 20 адамнан тұратын екі жұмыс тобы тартылмақ. Күрделі жөндеуден өтетін демалыс аумағында орындықтар да ауыстырылып, декоративтік шамдар орнату жоспарда бар. Бұл жұмыстар да жөндеудің алғашқы кезеңінде атқарылмақ.

 

{jcomments on}Жобаның бірінші кезеңіне әзірге бюджеттен 72 миллион теңге бөлінген. Ал жағалауды алдағы уақытта абаттандыра түсу үшін, қосымша тағы 100 — 150 миллион теңге қажет болатын көрінеді. Қазір қалған жұмыстарды атқару мақсатында жобалық — сметалық құжаттар әзірлену үстінде. Ал Ертіс жағалауындағы жұмыстар толықтай 2016 жылы аяқталып, шаһарымыздың көрікті жерлерінің біріне айналмақ. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кейіпке енетін аумақта ұзындығы екі жарым шақырымдық жүгіретін жол мен веложол, балалар алаңқайы, жаттығу жабдықтары, жаңа көше шамдары, орындықтар мен биоәжетханалар орнатылмақ.

 

Қазір жағалаудағы жұмыс қарқын алған. Жөндеу жұмыстарының сапасын көру, жұмыс үлгерімін білу мақсатында сейсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов жағалауға арнайы келді.

— Ертіс жағалауы халықтың көп келетін, әсіресе жастардың, қала қонақтарының көптеп жиналатын орындарының бірі. Сондықтан да бұл жер соған сай әдемі болуы керек. Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде бұл жер демалушылардың көңіл-күйлерін көтеретіндей болғаны абзал. Аумақ кеңес заманы кезінде, осыдан 40 жыл бұрын жасалған. Барлығы ескірді. Оның үстіне қазіргі адамдардың талғамы басқа, — деген шаһар басшысы жұмыстар барысында дизайнерлік шешімге, қоршаулар, бордюрлер мен жол төсеніштері түстерінің сәйкес келуіне, ою-өрнектердің шеберлікпен  жасалып, талғаммен орындалғанына аса мән беруді тапсырды. Қала басшысы сондай-ақ  мердігердің пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапалы болуын қадап айтты.

Мердігер демекші, аталмыш нысанда, негізінен, жергілікті өнімдер пайдаланылмақ. Бұл туралы қаламыздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих атап өтті.

– Мысалы, қоршаулар «Гордорстрой» ЖШС-нің металл соғатын цехында дайындалған. Бұл жерде біз тек бордюрлерді Шу қаласынан жеткіздік. Өйткені олар граниттен жасалған және ұзақ уақыт пайдалануға болады, — дейді бөлім басшысы.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде қаланы абаттандыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлініп келеді. Мәселен, жақын уақытта Абай көшесі мен Шәкәрім даңғылы қиылысындағы көлік байланысының жобасы дайындалмақ. Бұдан өзге Орталық алаң аумағындағы жаяу жүргіншілердің жер үсті өткелі құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі күтілуде.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

18 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

18 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС