"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

25.11.2026
ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Айжан Мұқатова БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.  Баспасөз мәслихатында Айжан Дәуітбекқызы балалардың құқықтарын қорғау бағытында басқарманың атқарылып жатқан жұмыстарымен және нақты міндеттерімен кеңінен таныстырды.

Биыл ғана құрылған балалардың құқықтарын қорғау басқармасының негізгі міндеттері – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасын үйлестіру. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, отбасына орналастыру мәселелерін үйлестіру және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қажетті қолдау көрсету осы басқарманың құзырына кіреді.

Қазіргі күнде оқушылар арасындағы буллинг, кәмелет жасына толмағандар арасында туындайтын түрлі оқиғалардың алдын-алу, орын алған жағдайда оның себеп-салдарын зерделеу, білім ошақтарымен байланысты нығайтып, жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу де басқарманың басты міндеттері болып саналады.

-Қазіргі таңда облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық комиссия жұмыс істейді. Комиссиялар бекітілген жоспарға сәйкес балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған балалармен жұмысты қарастырады. Бүгінгі күнге дейін 2 облыстық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және профилактикалық есепте тұрған балалармен жүргізілетін жұмыстар мәселелері қаралды. Тағы бір атап өтер жайт, көмекке мұқтаж балалар мен отбасыларды дер кезінде анықтау мақсатында «111» байланыс орталығы маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдарында орталықтың QR-кодтары бар ақпараттық белгілер орналастырылды. Биыл облыс бойынша «111» байланыс орталығына 35 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 15-і отбасындағы қолайсыз жағдайларға, зорлық-зомбылық пен балаға күтім жасау мәселелеріне, 12-сі білім беру, буллинг және білім беру ұйымдарындағы құқықтарды қорғауға, 8 өтініш медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты болды. Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті қолдау көрсету бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар басқармаға E-өтініш сервисі арқылы 60 өтініш түсті. Оның 10-ы буллингке қатысты. Қарау нәтижесінде 9 өтініш бойынша буллинг фактісі расталмады, ал 1 өтініш бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Біздің басты қағидатымыз – баланың құқығы бұзылғаннан кейін ғана әрекет ету емес, ықтимал тәуекелдерді ерте анықтап, олардың алдын алу,-дейді Абай облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А. Мұқатова.

Айжан Дәуітбекқызының айтуынша, балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес, басқарма қызметкерлеріне балалар орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мониторинг жүргізу өкілеттіктері берілген. Мониторинг барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, қауіпсіздігі, тәрбиеленуі, білім алуы, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және психологиялық қызметтердің сапасы зерделенеді.

Нақты айтар болсақ, Семей қаласындағы 24 мектеп-интернатта, балаларды оңалту орталықтарында және балалар үйлерінде мониторинг жүргізілді. Анықталған мәселелер бойынша тиісті басқармаларға ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Одан өзге Семей қаласындағы 9 колледж жатақханасына мониторинг жүргізілген. Онда жатақханалардың материалдық-техникалық жағдайы, санитариялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік жүйелерінің жұмысы және студенттердің күнделіктің тұрмыстық жағдайлары назарға алынған. Нәтижесінде анықталған мәселелерді шешу бойынша Білім басқармасына ресми хат жолданды.

Қазіргі күнде басқарма мамандары Абай облыстық полиция департаментімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түнгі рейд жүргізуге де қатысуды жолға қойған. Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, көп балалы отбасыларға арнайы барып өрт қауіпсіздігі, пешті дұрыс пайдалану және көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізуден де тыс қалмайды.

Балалардың құқықтарын қорғау және отбасы институтын нығайту мақсатында 20–29 қазан аралығында облыс көлемінде бірінші рет «Қамқоршылар күні» ұйымдастырылғаны осы бағыттағы жұмыстың нақты нәтижесі.

БАҚ өкілдерімен жүздесуде Айжан Дәуітбекқызы басқарманың алдағы жоспарларынан да хабардар етті. Атап айтқанда, қорғаншылық органдары мамандарының қатысуымен аймақтық семинар өткізу, балалар арасында суицид пен буллингтің алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес ұйымдастыру, BALAZHAN платформасы бойынша жұмыстарды зерделеу, «111» байланыс орталығына түскен хабарламаларды сараптау жұмыстарын жалғастыру, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға қатысу, қорғаншылық және қамқоршылықтағы балалардың тұрмыстық жағдайына мониторинг жүргізу тағы да басқа жоспарлы жұмыстар жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

25.11.2026
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол...

Толығырақ...Details

«AUYL ART FEST» байқауы туралы

25.11.2026
«AUYL ART FEST» байқауы туралы

Ауылдағы дарынды баланың үлкен сахнаға шығу мүмкіндігі оның жанында музыка мектебінің болуына немесе отбасының облыс орталығындағы тыңдауға бара алуына тәуелді...

Толығырақ...Details

Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

25.11.2026
Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

Абай облысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған...

Толығырақ...Details

Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

25.11.2026
Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

Қазақстанның тұрақты дамуы экономикалық жетістіктермен қатар, қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға тікелей байланысты....

Толығырақ...Details

Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

25.11.2026
Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

Азаматтардың ортақ мақсаттар мен мүдделер негізінде бірігуі демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың бірлестік құру бостандығына...

Толығырақ...Details

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

24.11.2026
Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту маңызды орын алады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

58 секунд бұрын

«AUYL ART FEST» байқауы туралы

5 минут бұрын

Абай облысында 431 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған

6 минут бұрын

ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

9 минут бұрын

Заң мен тәртіп қағидаты – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі

10 минут бұрын

Бірлестік құру бостандығы – азаматтық қоғамды дамытудың маңызды негізі

14 минут бұрын

Халықтың әл-ауқатын арттыру – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты мақсаты

22 часа бұрын

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

1 день бұрын

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

1 день бұрын

ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ДӘРІЛЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУДЕ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС