"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

26.06.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысуда. Дүйсенбі күні түске дейін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралаған қала басшысы тәуліктің екінші жартысында «Силикат» зауыты мен «Қазақстан—Салют» кәсіпорнында болды.

 

{jcomments on}«Силикат» ЖШС – қаламыздағы құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Силикат кірпішін өндіруден республика бойынша алдыңғы қатардағы зауыт жылына 100 миллионнан астам кірпіш өндіруге қауқарлы. Мұнда түрлі пішіндегі құрылыс блоктарын да шығарады. Әктас материалдарын өндіру де жолға қойылған. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістік, азаматтық, мәдени-әлеуметтік нысандарды салуда осы зауыттың өнімдері пайдаланылған. Қазіргі уақытта да аталмыш құрылыс материалдарын аймақтағы бірқатар түсті металлургия және алтын өндіруші компаниялар қолдануда. «Силикат» ЖШС-нің бас директоры Борис Адианов қала әкімі Ермак Сәлімовті кірпіш өндіру технологиясымен, цех бөлімдерімен,  зауыттың жалпы жұмысымен таныстыра жүріп, кәсіпорынның мәселелерінен де хабардар етті. «Силикат» зауытының жұмысшыларын алаңдататыны өнімді сату мәселесі екен. Кәсіпорын басшысының айтуынша, 2008 жылы мұнда 120 млн. кірпіш шығарылса, ағымдағы жылдың 5 айында 15 млн. ғана өнім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға кем екенін айтады зауыт басшысы. Еңбек ұжымымен кездесу барысында қала басшысы кәсіпорын мәселесін шешуге қатысты өз ойын білдірді.

 

— Барлығын бүгіннен бастап қолға алу керек. Алдымен, ел бойынша өнімді сату мәселесін жолға қойып, келісімшартқа отыратын кәсіпорындарды табу қажет. Олар сіздердің өнімдеріңізді құрылысты     жобалаған кезде ескеруі тиіс. Бұл – басты мәселе. Жалпы, мәселенің түйінін тарқатуда сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдауға әрдайым әзірміз, — деді    Е.Сәлімов.

Бұдан кейін қала басшысы бастаған жұмыс тобы түрлі пиротехникалық шоу ұйымдастырумен және робототехникалық қондырғылар ойластырып шығарумен айналысатын «Қазақстан-Салют» кәсіпорнына ат басын бұрды. Еліміз бойынша анимациялық мүсіндерді құрастыратын бірегей кәсіпорында жасалған кинг-конг, қолтырауын, динозавр сынды және басқа да мүсіндер  Астана қаласындағы «Думан» ойын-сауық кешенінде мыңдаған тамашалаушылардың көз қуанышына айналғанын айта кету ләзім. Қазіргі уақытта аталмыш кәсіпорын мамандары, Астана күніне орай, елордалықтар мен бас қала меймандарының мерекелік көңіл-күйлерін көтеруге септігін тигізетін үлкен отшашулық бағдарлама әзірлеп жатқан көрінеді.

Өндіріс цехтарын аралап, серіктестік ұжымымен кездескен қала әкімі Ермак Сәлімов кәсіпорын жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

19 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

23 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС