"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАР ФУТБОЛЫНА БАСА МӘН БЕРІЛМЕК

30.06.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қалалық әкімдікте ҚР Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапановпен кездесу болып өтті. Бұл басқосуға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжалов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, ҚР Футбол федерациясы төрешілер алқасы және инспекциялау департаментінің директоры Маттеуо Трифалони, ҚР КФЛ—ның төрағасы Бағлан Ергешев, «Спартак» ФК—ның президенті Зейнетолла Ахметов пен спорт мектептерінің басшылары және футбол ардагерлері қатысты. Мәртебелі меймандар сапарының мақсаты — ел футболын дамытуға бағытталған 2016 — 2022 жылдарға арналған құжатпен жергілікті спортсүйер қауымды таныстыру.

 

{jcomments on}Лауазымды өкілдер отандық футболды дамыту бағдарламасымен таныстырды. Құжатта балалар мен жасөспірімдер аяқдобын қарқын алдыруға, ұлттық  құрама  институтын құруға, футбол инфрақұрылымын жақсартуға, клубтар мен төрешілір әлеуетін арттыруға, жанкүйерлермен бірлесе жұмыс жасауға баса мән беріліпті. Сондай-ақ спорттың осы түрімен шұғылданатын жастар санын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Ерлан Тоқтарханұлы айтып өткендей, республикадағы футбол клубтары шетелдік ойыншыларға қыруар қаржы жұмсайтын көрінеді. Сол себептен де ҚФФ атқа-ру комитетінің соңғы жиналысында Премьер-лига командалары арасында өнер көрсететін шекара асып келген жалдамалы ойыншылардың санын 8-ден 7-ге қысқарту туралы шешім қабылданыпты. 5-уі алаңда болса, қосалқы құрамда 2-уі отырады. Ал 1-ші лига командалары сапынан легионерлер түбегейлі алынып тасталған. Бұдан бөлек аталмыш жиында шешімін тапқан тағы бір мәселе бар. Атап айтсақ, келер маусымнан бастап, Қазақстан          Премьер-лига додасында ескі формат бойынша 14 команда бақ сынаспақ. Федерация басшысының сөзінше, «Спартак» клубының жоғары лигада өнер көрсетуге толық мүмкіндігі бар көрінеді.

 

— Жуырда сіздердің ойыншыларыңыз «Восток» командасымен шеберлік байқасқан еді. Сонда алаңға 7 мыңнан астам жанкүйер жиналғанын естідім. Семей бұрыннан бері Премьер-лига тобында болуы тиіс.  Сондықтан да олар — басты үміткерлердің бірі. Балалар және жасөспірімдер футбол орталықтарында қазіргі күнде 5 мыңнан аса балғын жаттығуда. Осы салаға зейін аударуымыз қажет. Мысал келтірсек, «Болат АМТ» Теміртау командасы  сапындағы ойыншылар 70% жергілікті футболшылар. Ал турнир —  кесте-сінде олардың жоғары сатыда тұрғанын ескеру керек. Өскемендік «Восток» бір ғана легионермен шектеліп отыр. Футбол клубтары өз бюджетінің 30 пайызын жергілікті өрендердің бапталуына жұмсағаны абзал, — деді Ерлан Қожағапанов.

Сонымен қатар Ерлан Тоқтарханұлы аймақ басшысы Даниал Ахметовпен өткен кездесуі жайлы ақпаратпен де бөлісті. Ол жүздесуде Даниал Кенжетайұлы ҚФФ президентіне өңірде облыстық футбол академиясының негізі қаланатынын жеткізіпті. Болашақ спорттық орталық еуропалық стандартқа лайықталып салынбақ.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

15 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

23 часа бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23 часа бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

23 часа бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

2 дня бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

2 дня бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС