"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖИЫН АРҚАУЫ — ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

30.06.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық кәсіподақтар үйінде медиация әдістерін қолдану арқылы «Еңбек дауларының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ШҚО кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова, салалық кәсіподақтардың басшылары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.

 

{jcomments on}Жиында түрлі ұйымдарда жұмыс беруші мен қызметкер арасында жиі туындайтын даулы мәселелер туралы сөз қозғалды. Кәсіподақ бірлестіктері тиісінше қос тарапты бір ымыраға келістіруі тиіс екені, оларға белгілі бір кәсіпорында немесе ұйымда орын алған кикілжіңді сотқа дейін жеткізбей, жұмыс беруші мен жәбірленуші тарапты бейбіт келісімге отырғызу миссиясы жүктелетіні айтылды. Еңбек дауы жекелей және ұжымдық болып бөлінсе, Семей аймақтық салалық кәсіподақтардың координациялық кеңесінің төрағасы Сәбит Ибраев жеке тұлғалардың ісінен гөрі ұжымдық жанжалдардың түйінін тарқату күрделірек екенін, себебі кейде бір емес, бірнеше адамның талабын әп-сәтте орындау мүмкін емес екенін айтады.

 

— Ұжымдық келіспеушіліктер көбіне шағын және орта бизнес кәсіпорындарында кездеседі. Оған сәйкес, жалақыны дер кезінде төлемеу әрі қанағаттанбау, еңбек құқықтарының бұзылуы жайлы шағымдар түседі. Сондай-ақ жұмыс уақытының белгілі нормадан асып кетуі жайлы мәселелер орын алады. Қазіргі таңда жұмыс беруші, кәсіподақ ұйымдары мен билік органдары арасында 3 жақты келісім жасалған. Соның негізінде жұмыс комиссиясы құрылып, олар өздеріне жүктелген міндеттерін атқаруда. Комиссия әр ай сайын арызданушы азаматтарды қабылдап, соған сәйкес шара қолданады,- деп атап өтті Сәбит Молдатьянұлы.

Айта кету керек, 10 маусым күні Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының 24-ші съезі өткен болатын. Съезде Федерация төрағасы Әбілғазы Құсайынов 5 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы баяндама жасаған. Оның мәліметіне қарағанда, Республика бойынша кәсіподақ құрамына кірген ел тұрғындарының саны жылдан-жылға арта түсуде. Қазіргі уақытта бірлестікке 2 миллионнан астам адам тіркелген екен. Дөңгелек үстел барысында аталмыш съезге қатысып келген делегаттардың бірі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова жиында қозғалған басқа да тың ақпараттармен бөлісті.

— Елордада өткен алқалы жиын барысында көпшілік алдында баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жаңадан әзірленіп жатқан Еңбек Кодексі заң жобасы жайында кеңірек тоқталған еді. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамының» 83-ші қадамында еңбек қатынастарын ырықтандырып, оны жаңадан әзірлеуге бағытталғаны жөнінде айтылған. Бұл дегеніміз ұжымдық-еңбек қатынастарын қайтадан қарастыру қажеттігін білдіреді. Соған байланысты Тамара Қасымқызы білікті мамандардан жасақталған топ заң жобасының бүге-шүгесін дайындау үстінде екендігін жеткізді. Оның нұсқасымен кәсіподақ өкілдерін алдынала 15 тамызға таман таныстыруы ықтимал. Бұл орайда біз қазіргі уақыттағы Еңбек Кодексіндегі кейбір тұстарды өзгеріссіз қалдырғымыз келсе, онда өз ұсыныстарымызды жоғарыда атап өткен жұмыс тобына дер ке-зінде жіберуіміз қажет,- деді Нұржан Құрмантайқызы.

Ж.МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС