"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕҢІЛ АТЛЕТШІЛЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

08.07.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Маусым айының соңында Шымкент қаласында спорттың жеңіл атлетика түрінен өткен Қазақстан Республикасының ҮІІІ Жазғы универсиадасында семейлік жастар команда бойынша үздіктер қатарынан көрінген-ді. Дүбірлі додадан оралған жастар бапкерлерімен бірге қаладағы «Спартак» стадионында жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жарыс-тан алған әсерлерімен бөлісті.

Еліміздің барлық қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен жарыста Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері қала намысын қорғап, команда құрамында 8 студент өнер көрсеткен болатын. Жеңіл атлетика спортына әуестеніп жүрген жастарды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті құрама командасының бапкері Рақымтай Абаков бастап апарыпты. 40 жылдан бері аталмыш салада еңбек етіп жүрген бапкердің айтуынша, кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада семейлік жастар жекелей де жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есеп бойынша 12 команданың ішінен                 4 орынды еншілеп қайтқан екен. Айта кету керек, байрақты бәсекеде Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері І орынды қанжығаға байласа, ІІ орынға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, ІІІ орынға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері ие болған. Ал жекелей сайыста Евгений Архипов пен Ольга Нестерова жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақса, тағы да бірнеше семейлік студент күміс, қола медальдарды қоржынға салған.

 

{jcomments on}Зор қолдау көрсеткені үшін, қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне ризашылығын білдірген Рақымтай Абакұлы Шәкәрім университетінде жеңіл атлетиканың дамуына ерекше көңіл бөлінетінін, шәкірттерінің жаттығуды үзбей жасайтынын, олардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

 

— Аптаның 5 күнінде тәулігіне 2-3 сағат уақыттарын студенттеріміз жаттығу жасауға жұмсайды. Жаздың ыстығына, қыстың суығына да қарамаймыз. Есесіне еңбегіміз де текке кетпейді. Біріншіден, спорттың денсаулыққа пайдасы мол және жастардың еңбекқорлығын арттыра түседі. Шәкірттеріміздің алдағы уақытта әлі талай жарыстарда жетістіктерге, толайым табыстарға қол жеткізетініне сеніміміз кәміл, — дейді Р. Абаков.

Универсиадада ерлер арасында 800 метр қашықтыққа жүгіру сайысы бойынша жеңіске жеткен Евгений Архипов:

— Спортпен айналысып жүргеніме 1 жылдай уақыт болды. Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің І курсын тәмамдадым. Жеңіл атлетикамен айналысуды университет қабырғасына келген соң ғана бастағанмын. Ата-анам да осы саланың үздіктері бол-ған. Олардың жолын енді мен жал-ғап, спортты өмір бойы жаныма серік еткім келеді. Қандай да бір жеңіске жетіп жатсам, ол бапкерімнің жемісі деп білемін, — дейді желаяқ жігіт.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС