"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

10.07.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шілде айының алғашқы күндері Өскемен қаласында алғаш рет облыстық паралимпиадалық ойындар болып өтті. Оған  70-ке тарта спортшы қатысты. Сайыс бағдарламасына жеңіл атлетика, суда жүзу және пауэрлифтинг сынды спорттың үш түрі енгізілді.  Жарыс қорытындысына сәйкес, жалпыкомандалық есепте Семей қаласының құрамасы топ жарды. Бұл жайында Семей қаласының ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

 

{jcomments on}Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен алғашқы аймақтық ойындарда қала қоржынына жүлде салып, 400 метр қашықтыққа жүгіруден Кәміл Хазиахметов, Марат Әлиасқаров алдарына жан салмаса, 800 метрге жүгіруден Қайрат       Ахметжанов өзгелерден оқ бойы озып, мәреге бірінші жетті. Пауэрлифтингтен яғни зіл темірді жатып көтеруден семейлік Андрей Москалевке тең келер қарсылас табыл- ған жоқ.  Сонымен қатар Серікбек Айсаулин күміс, Александр Агафонов қола жүлде еншіледі. Спорттың осы түрінен қыздар арасында Ольга Близнец пен Ольга Любашова да алтыннан алқа тақты. Жерлестеріміз жалпы саны 7 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, өздерінің мықтылығын дәлелдей білді. Білікті бапкер Андрей Алтайбаевтың айтуынша, бұл жарысқа қаңтар айынан бастап тыңғылықты дайындық жүргізіліпті.

 

— Спорт алаңы көрермендерге лық толы болды. Жарыс өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті. Олардың спортпен кәсіби түрде шұғылдануға құштарлығы оянды. Алдымен қала көлемінде турнир өткізіп, мықтыларды анықтауға тура келді. Үздік шыққандар Өскеменде өткен  паралимпиадаға жолдама алды. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай алғашқы паралимпиадалық ойында жеңімпаз атанып отырмыз. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке қолдау білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. Дене шынықтыру және спорт бөлімі де қолдау танытты. Енді ШҚО – ның намысын тамыз айында Павлодар қаласында өтетін республикалық біріншілікте қорғайтын боламыз, — дейді Андрей Викторович.

Облыстық паралимпиадалық ойындарда бағын сынап, жеңіс тұғырынан көтерілген жандардың бірі — Кәміл Хазиахметов. Ол 2008 жылдан бастап спортпен кәсіби түрде айналысып келеді. Байрақты бәсекелер мен айтулы жарыстарда Кәміл олжасыз қайтқан емес. Спортшы енді жетістігін республикалық чемпионатта еселей түсуді жоспарлап отыр.

— Жаттықтырушым әрі досым Андрей Викторовичтен өз клубына шақырту алдым. Сол сәттен бастап пауэрлифтингпен шұғылдана бастадым. Жағдайымыз барлық жағынан қарастырылған. Жоғарыда бапкерім атап өткендей, клубтық, қалалық турнирлерге қатысып, өзара бәскелестік қалыптастырдық. Қазіргі таңда соның жемісін көріп отырмыз. Пауэрлифтингпен қатар менің жеңіл атлетикадан да көрсеткіштерім жақсарып келеді, — дейді спортшы Кәміл.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС