"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ДА БИЗНЕСКЕ БЕТ БҰРУДА

10.07.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалығымен әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамды» іске асыруда қалалық әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның міндеті, шағын және орта бизнес саласында әйелдердің іскерлігін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау әрі қазақстандық жанұяны спортқа баулу мәселелері талқыланды,

{jcomments on}

Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» іске асырудағы аталмыш комиссия міндеті жайында  Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев сөз алды. Айдар Серікқазыұлы өз кезегінде «100 нақты қадамды» нақты жүзеге асыру аясында ақпараттық және идеологиялық іс — шаралардың жоспары бекітілгенін атап өтті. Аталған іс – шаралар негізінде әрбір мемлекеттік мекеме әлеуметтік желілерде стратегиялық құжат жайлы мәлімет беретін аккаунттар құрған. Бүгінде жарияланған мағлұматтар ғаламтор пайдаланушыларының оң көзқарасына ие болуда. Сондай-ақ осы бағытта кәсіпорын, ұйым, мекеме басшыларымен бірлескен шаралар қабылданып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылыпты.

 

Комиссия отырысында нәзік жандылар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Әйгерім Садықованың айтуынша, Семей өңірінде 25 мыңнан аса нәзік жандылар шағын және орта бизнеспен айналысады екен. Сондай–ақ әйелдер кәсіпкерлігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы әйелдер бизнесін қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Қазір Семей қаласында өндіріс орындарында еңбек ететін  бес мыңнан аса әйелдердің көбісі жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін көрінеді. Ал ауылды жерлерде нәзік жандылар «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының игілігін көруде. Ауылдағы әйел кәсіпкерлердің де қарап отырмай, бағдарламаның тиімділігін барынша пайдаланып отырғанын Ертіс ауылдық округінің әкімі Залиха Межекенованың сөзі дәлелдей түседі.

— Ертіс ауылдық округінде 4 жыл ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 47 адам несие алып, шаруаларын бастаған. Биылғы жылы осы күнге дейін 11 адам өтініш білдірген. Ауылымыздың азаматшалары үнемі белсенділік танытып, мемлекеттік бағдарламалардан шет қалған емес,- дейді      Залиха Тоқанқызы.

Ал қалалық мәслихат депутаты Әсетхан Досқожанов еңбекте бағы жанған нәзік жандыларды мейілінше кеңінен насихаттау керектігін атап өтті. Халық қалаулысының айтуынша, әйелдер қауымын тек 8 наурыз төл мерекелерінде ғана құттықтаумен шектелмей, үнемі еңбектерін бағалап, өзгелерге үлгі ретінде көрсете білу керек.

Кезекті комиссия отырысында қаралған тағы бір мәселе — салауатты өмір салтын насихаттау әрі қазақстандық жанұяны спортқа баулу. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қуат Исажанов атап өткендей, елімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Бүгінде Семей шаһарында 377 спорттық нысан халық игілігі үшін жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 7 бассейн, 4 арнайы алаң, 5 спорт кешені, 2 дене шынықтыру және сауықтыру кешені, 123 спорт зал, 5 шаңғы базасы, 21 жасанды футбол алаңы бар. Қуат Исажановтың айтуынша, 2012 жылдан бері бұқаралық спортпен айналысатын семейліктердің қатары біршама ұлғай-ған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жүз мыңнан аса қала тұрғыны спортпен белсенді түрде шұғылданатыны анықталыпты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС