"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ ҚАЖЕТ

14.07.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей өңірінде суға шомылу кезеңі басталғалы бері 12 адам суға кетіпті. Бұл тізімнің  ішінде 1 бала бар. Ал шілденің екінші жартысы аптапты күндерге толы болғандықтан Ертіс жағалайтындардың қатары артатыны анық. Сол себептен де Семей қалалық судан құтқару қызметінің мамандары тұрғындарға мейлінше сақ болуға шақырады.

Судан құтқару қызметінің маманы Тасболат Көшкінбаевтың айтуынша, судағы қауіпсіздік ережелерін БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізгенмен құлақ асар адам аз болып тұр. Әсіресе, Шүлбі су қоймасындағы демалушы жұртшылықты сақтандыру шараларын күшейтуді қажет етеді. Мұнда оқыс жағдайлардың алдын-алу үшін, судан құтқару қызметінің мамандары тәртіп сақшылары және төтенше жағдайлар басқармасымен бірлескен рейд жүргізеді екен. Сондай-ақ жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауықтыру лагерлерінде де ескерту шаралары өткізілуде. Қалалық құтқарушылардың қызмет көрсету аумағына Бесқарағай, Бородулиха, Шүльбі және Семейдегі Ертіс жағалаулары кіреді. Тасболат Жақыпұлының сөзінше, күнделікті  6 адамнан жасақталған топ кезекшілік атқарады екен. Негізінен шаһарда арнайы жағажай қарастырылмағандықтан Ертіске суға түсуге рұқсат берілмеген. Соған қарамастан тұрғындар қауіпті аумақтарға барып, өз өмірлерін қатерге жиі тігетін көрінеді.

 

{jcomments on}Ертістегі қауіпті орындарға ескі көпір маңы, Түйемойнақ аралы, Мирный кенті мен Шәкәрім атындағы МУ спорт кешенінің аумағындағы жағалаулар жатады.

 

— Ертістің осы аралықтағы арнасының ағысы қатты. Сондай-ақ су түбіне тартып әкететін  иірімдері де аз емес. Осыны жағалауға келгендерге түсіндіріп, ескертіп айтқанымызбен құлақ асатындар аз болып тұр. Бүгінде өзен жағасындағы бақытсыздықтардың 60% ішімдіктің салдарынан орын алған. Сонымен қатар балалардың қатысуымен болған фактілер 20% құрап отыр. Көбіне ата-аналар бүлдіршіндерін өзен бойында қараусыз қалдырып кетеді. Халық әсіресе Парус пен «Судремзавод» аудандары маңында жиі демалады. Суда шомылу тәртібін бұзғандарға айыппұл салу біздің құзыретмізге кірмейді. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеті. Біз тек тұрғындармен әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарымен ғана шектелеміз,- дейді Тасболат Көшкінбаев.

Бүгінгі күнде Семей қалалық судан судан құтқару қызметінің иелігінде 2 көлік, 2 темір қайық, 4 моторлы қайық пен 5 үрлемелі қайық бар. Жеке құрам 15 адамнан тұрады екен. Сұқбат соңында судан құтқару маманы жаз маусымында қалалықтарды өзен бойындағы қауіпсіздік ережелерін мейілінше қатаң сақтауын сұрап, алкагольді ішімдіктерден бас тартып, балаларды назардан тыс қалтырмауын ескертті.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

12 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

14 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС