"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

21.07.2015

Семейге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Александр Милютин және Светлана Ферхо «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, қала тұрғындарын жеке сауалдары бойынша қабылдады.

{jcomments on}Қабылдауға келгендер тарапынан бірқатар ауқымды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Семей сынақ полигонынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, шетелдің және еліміздің емдеу мекемелеріне емделуге квота бөлу, зейнетақы төлеу, кәсіпкерлердің құқығын қорғау сынды тағы басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.

Мәжіліс депутаттарымен өткен кездесуге жеке мәселесімен алғаш болып жүгінген Ирина Лейман болды. Ол баласының сирек кездесетін атопиялық дерматит ауруына шалдыққанын айтып, халық қалаулыларынан шетелде емделуге қаржылай көмек сұрады. Ирина Лейманның айтуынша, қыз баланы бұған дейін шетелдерде арнайы қордың бөлген қаражатымен емдеткен екен. Алайда дертінен толықтай сауығып кету үшін арнайы сауықтыру орындарында болып тұруы керек. Сондай орындардың бірі Ресей Федерациясы Алтай аймағында бар көрінеді. Оның үстіне баланың анасы Ирина — екінші топтағы мүгедек. Сондықтан да ондай алыс жерге өз қаражатымен баруға мүмкіндігі жоқ. Сол үшін де халық қалаулыларынан, қажетті ем шараларын жүргізу үшін, қалталы азаматтардың көмек көрсетуіне ұйтқы болуын сұрады. Мәжіліс депутаттары Александр Милютин мен Светлана Ферхо алдағы уақытта бұл мәселенің шешімін табуға көмек қолын созатындықтарын жеткізді. Депутаттар сондай-ақ дәрігерлерге баланы анасымен бірге Алакөлге емделуге жіберу жағын қарастыруды тапсырды.

 

Депутаттармен жүздесуге келген келесі қала тұрғыны — «Поколение» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ольга Петровская. Қала тұрғыны Семей сынақ полигонынан зардап шеккендердің әлеуметтік қорғалуы жөнінде өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңға өзгерістер қажет. Мәжіліс депутаттары бұл ұсыныстың бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілгенін, сонымен қатар халық қалаулылары тарапынан бастама көтеретінін атап өтті. Сондай-ақ мәжілісмендер қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалына тиісті министрліктердің өкілдерін арнайы     Семейге шақырып, осы мәселені халыққа егжей — тегжейлі түсіндіру жөнінде ұсыныс жасау керектігін айтып өтті.

 

Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері ашық түрде өтті. Өз кезегінде халық қалаулылары келіп түскен барлық өтініштің әрқайсысын жеке бақылауға алатындарын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

7 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС