"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЛА МЕРЕКЕСІ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ

28.07.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай, Семей шаһарында дәстүрге айнал-ған «Аула күні» мерекесі аталып өтілді. Өткен жылдан бері аталып келе жатқан мерекені әдеттегідей «Жанұя орталығы» қоғамдық бірлестігі қолға алып, биылғы шараны қаламыздағы Победа көшесі, 16 мекенжайында ұйым-дастырды.

«Аула күні» мерекесіне Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, БҰҰ Даму бағдарламасының кеңесшісі Жанна Жибраева қа-тысты. Ең алдымен Надежда Васильевна аула тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап өтті.

 

{jcomments on}- Отбасы – әр адамның өмірінде ең қымбатты әрі бағалысы саналады. Бұл туралы айтудың өзі артық болар. Бүгінгі мерекенің Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналып отырғанының өзіндік мәні зор. Өйткені данышпан Абай барша адамзатты қайырымдылыққа, еңбек-қорлық пен шыдамдылыққа үндеді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, бүгінгі жасөспірімдерді тәрбиелеуде қажеттінің барлығын айтып кетті. Осы ретте бүгінгі қоғамда отбасының алар орны ерекше. Сіздерді қала әкімі атынан айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға тыныштық, береке-бірлік, мықты денсаулық тілеймін, — деді  Н.Шарова.

 

Мерекелік шара барысында ауланың үлгілі отбасылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Олардың қатарында ұстаздар, тыл ардагерлері мен қарапайым аула тұрғындары бар. Кейін бірнеше отбасынан құралған жанұялар өзара сайысқа түсіп, арнайы әзірленген бағдарлама бойынша ауланың үлгілі отбасын анықтады. Осылайша, аула тұрғындары қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі отбасы құндылықтары екенін дәлелдеді. Қоғамдық ұйым басшысы Людмила Асташкинаның айтуынша, аула күні мерекесі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

— Өткен жылы «Аула күні» мерекесін алғаш рет қолға алып, екі аулада осындай мерекелік шаралар ұйымдастырылған еді. Ондағы мақсатымыз — аула тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шара аясында тұрғындарға медициналық тексеру жұмыстары да жүргізілуде. «Аула күні» мерекесін атап өту, аула тұрғындарын бір-бірімен таныстырып, қоршаған ортаға көтеріңкі көңіл — күй сыйлайды. Ең бастысы, отбасы татулығын насихаттайды, — дейді Л.Асташкина.

Айтулы шара барысында балдырғандар да сырт қалған жоқ. Аула бүлдіршіндерінің кез келгені өздеріне арналып ұйымдастырылған «Менің отбасым» сурет салу сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар мереке аясында Абайдың өлеңдері оқылып, әсем әуендер шырқалды. Айта кетуіміз керек, мереке барысында ұйымдастырылған сайыстардан кез келген аула тұрғыны сыйлықсыз қалған жоқ. Сондай-ақ  мереке аясында тұрғындар маммографиялық көлікте тексеріле алса, салауатты өмір салты орталығы мен дәрігерлер өз кеңестерін берді. Бұдан өзге тұрғындар «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының заңгерінен тегін құқықтық кеңестер ала алды.

— Біздің негізгі мақсатымыз — кез келген жанұямен жұмыс жасау. Ол түрлі жағдайларды басынан өткерген отбасы немесе қалыпты жанұя болуы мүмкін. Сондықтан әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз. Өздеріңіз білесіздер, қоғамдық ұйым жанында дағдарыс орталығы да жұмыс жасайды. Дағдарыс орталығына кез келген отбасы келіп, мәселелерін көтере алады. Оларға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен құқық қорғау ұйымдары тарапынан көмектер көрсетіледі, — дейді Л.Асташкина.

Шара соңында түрлі сайыстарға қатысқан отбасылар мен өзге қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша дипломдар, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

4 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

4 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС