"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫР ТОЙЫНА ДАЯРЛЫҚ ЖҮРГІЗУДЕ

28.07.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде Семей темір жолының 100 жылдық мерекесіне даярлық жұмыстары қызу жүргізілуде. Мереке қарсаңында шағын станциялар мен жол айрықтарындағы теміржол нысандарын  көріктендіру, абаттандыру, онда еңбек ететін теміржолшылар игілігі үшін жұмыс орындарын жайлы ету, әсіресе жол шаруашылығындағы нысандарды жөндеуден өткізу ісі күн тақырыбында тұр. Бұл ретте ілкімді шаралар қолға алынуда.

Бірінші кезекте Семей темір жол вокзалының ішкі-сыртқы көрнекілігі назарға алынды. Жуырда бекеттің қасбетіне 100 жылдық мерекеге орай үлкен тақта орнатылды. Оның себебі патшалы Ресей заманында өңірімізде жүргізілген айтулы құрылыс саналатын темір жол төсеу ісі бірінші кезекте дәл осы Семей темір жол вокзалының іргетасын қалаудан басталған болатын.

 

{jcomments on}Қазіргі күні ҚТЖ ҰК АҚ Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасы бойынша мерейтойға даярлық жұмыстарының негізгі кезеңі аяқталды. Оның аясында бөлімшенің бас ғимараты алаңында гүлдендіру, көріктендіру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл шара ғасыр тойының төл иегері   Семей станциясында да қарқынды түрде қолға алынды.

 

Сондай-ақ биылғы жылы қызметіне 100 жыл толатын Семей-Локоть телімі бойындағы Ауыл, Белағаш, Дүйсекен станцияларында да көріктендіру ісі қолға алынды. Бүгінде толық күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғырған станциялар ғимараты тарихи-мәдени ескерткіш ретінде жергілікті әкімдік тарапынан арнайы тіркеуге алынған. Сол себепті де олардың маңайындағы гүлдендіру, көркейту шараларына тек теміржолшылар ғана емес, жергілікті тұрғындар да ықыласты. Қазіргі күні 4-ші класқа жататын станцияларда сенбіліктер жиі ұйымдастырылады. Семей мен Локоть арасындағы телімнің ұзындығы 119,7 шақырым, әрі  пойыздар ұзағырақ аялдайтын негізгі үш станция осылар.

Бұл ретте Белағаш станциясы алдыңғы жылы күрделі жөндеуден өткен еді. Нысанның жылу желілері мен кәріз жүйелері толық ауыстырылып, жаңарды.

Станция басшысы Александр Белич алдағы тамызда аталып өтетін жүз жылдық мерейтойға даярлық шаралары қарқынды жүріп жатқанын, соның аясында станция маңына гүлзарлар өсіруді де қолға алғанын жеткізді.

Ал Ауыл станциясының басшысы, темір жолда 44 жыл еңбек өтілі бар Досан Әміров салынғанына 100 жылдан асқан нысандардың әлі күнге дейін сыр бермегенін айтады. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ерекше күтімде ұсталады. Биыл да теміржолшылар станция ішіне әрлеу, стенділерді жаңалау  жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қысқа әзірлік құжатын жылдағыдай ерте даярлап, уақытынан бұрын тапсыру көзделуде.

Семей жол бөлімшесі әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы Болат Муслимов шалғайдағы шағын станциялардың материалдық мүмкіндіктері толық екенін, үстел-орындық, компьютерлер тәрізді тұрмыстық бұйымдар жаңартылып, кейбірі жаңадан қамтылғанын айтады. Сондай-ақ Аягөз-Жарма, Жарма-Шар-Семей телімдеріндегі бірқатар станциялардағы балалардың ойын алаңы жаңартылмақ. Бұл өз кезегінде теміржолшыларға арналған мерекелік тарту болмақ.

Қ. ӘЛІМБЕК, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

10 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС