"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАЗАЛЫҚТЫ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРГІЗУ МІНДЕТ

31.07.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тазалық – алдыңғы кезектегі мәселе. Қала көшелерінің көрікті һәм талапқа сай болмағы қашанда маңызды орында тұр. Әсіресе дәл бүгінгі күндері тіптен өзекті. Себебі Семей шаһарындағы қолға алын—ған абаттандыру, көркейту жұмыстары лас аула мен қоқыс толы көшелердің тасасында қалмауы керек. Оған қоса қаламыз ел көлемі бойынша елеулі саналар атаулы шараларға даярлық үстінде. Атап айтсақ, Абайдың 170 жылдық мерейтойы мен Семей темір жолының 100 жылдық мерекесіне республиканың әр түкпірінен, тіпті шетелдерден меймандар келмек. Сырт көз—сыншы деген. Сол себепті де Семейдегі тазалық мәселесі күн тәртібінде тұр.

Міне, осы мәселелерді назарға алған қала әкімі Ермак Сәлімов апта сейсенбісінде қалалық ТҮКШ және шаһар тазалығына жауапты «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МКК өкілдерімен бірге Семей көшелерін аралап, ондағы жүргізілген жұмыстар барысымен және де туындап отырған жайттармен танысты.

 

{jcomments on}Ермак Бидахметұлы ең алдымен Абай театрының аумағына, Орталық алаңнан бірнеше қадам жердегі тазалық шараларына көңіл аударды. Әйтсе де бұл аумақта көңіл толмайтын жайттар бар болып шықты. Мәселен, алаң іргесіндегі аялдамадан әудем жердегі өмірі кеппейтін шалшық су жүргіншілерге қолайсыздық тудыруда. Онда тіпті балдыр өсе бастаған. Сонымен қатар осы тұстан көктей өтетін Гагарин көшесінің де ой-шұңқыры шығып жатыр. Ол жайында пікір білдірген ТҮКШ бөлімінің басшысы А.Генрих биылғы жылы бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, ал жүргіншілер жолындағы шалшықтың асфальттың ойылуынан пайда болғанын, көп ұзамай реттелетінін жеткізді.  Бұл маңаймен Достоевский театрының директоры Яков Горельников таныстырды. Аумақтағы тазалықтың нашарлығына реніш білдірген ол құрылысын аяқтау келесі жылға қалдырылған жер үсті көпірінің жанында оның айналасының ретке келтірілмегенін алға тартты. Бұл жерде өткен жылы төгілген құм әлі үюлі қалпында жатыр екен. Ал құрылыстың айналасын арамшөп пен бұта басып, көшенің әрін кетіріп тұр. Қоқыс жинаушылар тек шашылған қағаз, пластик пакет, бос бөтелке жинаумен ғана шектелуде. Ал тротуар мүлде сыпырылмайды десе де болады.

 

Қала тазалығы жайында пікір білдірген Ермак Бидахметұлы:

— Біз бүгін проблемалы участоктер бойынша тазалық шараларын тексеріп жүріп өтуді жөн санадық. Мұның алдында арнайы комиссия шығып, қала көшелері бойынша бірқатар келеңсіздіктерді анықтаған болатын. Ал осының барлығы, бір есептен, қала тазалығына жауапты «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мекемесінің өз міндетін дұрыс атқара алмай отырғанын көрсетеді. Мен бүгін мекеменің басшысын арнайы шақырдым. Алайда келмеді. Енді талапты қатаң қоюға тура келеді, — деді.

Осыдан соң Ермак Сәлімов қала орталығындағы Интернационал, Чайковский, Аймауытов, Мичурин көшелерін де аралап шықты. Мұнда да көңілге кірбің түсірер жайттар анықталды. Атап айтсақ, Интернационал көшесінің төменгі бөлігінде, жол жиектерінде қоқыс толы қаптар жинаусыз қалпы жайрап жатыр. Ал Аймауытов көшесінің бойында осыдан екі ай уақыт бұрын болған дауылда құлаған ағаштар мен қураған қалың бұтақтар үюлі күйінде қалған. Тіпті кейбір талдардағы ауыр бұтақтар сынған күйі дәл жаяу жүргіншілер жолының үстінде әні-міні құлап кетердей болып тұр. Оның дәл астынан электр желілері өтеді. Осыны меңзеген қала әкімі бұл көріністің тұрғындар өміріне қауіптілігін алға тартып, қураған ағаштар кез келген сәтте өрт қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Бұл жайында түсінік берген ТҮКШ бөлімінің мамандары құлаған талдарды төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан тартылған кәсіпорындар жинастырғанын, 183 көлік бұталар мен қураған ағаштар шығарылғанын айтты.

Алайда мамандардың бұл ақталуына қала әкімі сын тұрғысынан жауап беріп, алдағы қысқа дәл осы қалыппен кіруге болмайтынын, темекі тұқылын жинап, ал ағаштардың жуан бөренелері мен бұтақтарды қалдырып қоюдың дұрыс істелген жұмысқа жатпайтынын айтып, аталмыш бағытта белсенді әрекетке көшу керектігін жеткізді.

Шаһар басшысы сонымен қатар қаладағы санитарлық жұмыстарға көңілі толмайтынын, коммуналдық кәсіпорындар ісі сылбыр екенін, берілген қаражатты ақтамай отырғанын айта келіп, «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МКК өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Асхат Рахметовке бұл тараптағы шаруаларды ширатып, қала тазалығын сақтаудағы жұмыстарға қарқын алдыруға тура бір апта уақыт беретінін жеткізді. Егер осы мерзім ішінде аталмыш кәсіпорын үмітті ақтамаса, өткір шара қолданылатын болады.

Қала әкімі бұл сапары барысында темір жол вокзалы алаңында да болды. Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевпен кездесіп, аумақты абаттандыру жұмыстары жайлы кеңесті.

Өзінің 100 жылдық мерекесі қарсаңында Семей жол бөлімшесі мекемелерінің ғимараттары жаңа келбетке еніп, қайта жаңғыруда. Әсіресе шаһар қақпасы саналар Семей темір жол бекеті мен вокзал алаңында бірқатар шаралар қолға алынған. Ендігі арада  теміржолшылар қалалық ТҮКШ бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, ұжымдасқан түрде тазалық және ретке келтіру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр.

Жалпы, Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Кәрімұлының бастамасымен қазірдің өзінде тыңғылықты шаруалар жүзеге асыпты. Бүгінгі күні Семей темір жол вокзалының қасбетіне ғасыр мерекесіне орай арнайы жазба ілінген. Одан бөлек жол бөлімшесінің бас кеңсесінің аумағы гүлдендіріліп, жаңартылған. Әсіресе ғимарат түнгі мезгілде жарықшамдар әсерінен ерекше көз тартып көрінеді екен. Бұл ретте әсемдігі, жарықтандырылуы жағынан бас нысан Астанадағы темір жол ғимараттарын еске түсіреді. Марлен Кәрімұлымен 100 жылдықты атап өту барысын талқылаған қала әкімі қажетінше теміржолшыларға көмек беретінін де жеткізді.

Қаланың бұл аумағын көркейтуде семейлік теміржолшылардың еңбегі елеулі. Олар өз кезектерінде өтініштерін де білдірді. Атап айтсақ, сала қызметкерлері жергілікті атқарушы биліктен вокзал алаңындағы көлік қозғалысын реттеуді сұрауда. Себебі  халық пен көлік нөпірі көп вокзал басындағы қозғалыс мейлінше күрделі. Тіпті апаттық жағдайлар да жиі туындайды екен. Бұл ретте жол жиектеріне арнайы белгілер қойылып, рұқсат етілмеген жерге тоқтаған жүргізушілерге айыппұл салу шараларын қарастыруды ұсынды. Қала әкімі өз кезегінде осы алаңдағы Қабанбай батыр ескерткіші маңын гүлдендіру және көркейту ісінде теміржолшылармен бірлесу қажеттігін алға тартты.

Сондай–ақ сәрсенбі күні Ермак Сәлімов өткен жылы ғана жөндеуден өткен Аймауытов көшесінде болып, жолдың жағдайымен танысты. Шаһар басшысының Аймауытов көшесіне келуі де тегін емес. Себебі жолдың жөнделгеніне жарты-ақ жыл өтсе де, сапасы сынға ілікті.

Қабанбай батыр көшесінен Шәкәрім даңғылы аралығына дейінгі 1,5 шақырымды құрайтын Аймауытов көшесін өткен жылы «Семей жолдары» ЖШС жөндеуден өткізген. Келісімшарт бойынша, мердігер жолдың сапасына үш жыл кепілдік берген. Яғни  аталмыш бағыт 2017 жылға дейін халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуі тиіс еді. Ал олқылықтар орын алған жағдайда, жұмысты атқарған мекеме оны өз қаражатына қалпына келтіруі тиіс. Алайда, бүлініп жатқан жолды қалпына келтіру үшін атқарушы билік тарапынан ескерту жасалғанымен, оны мердігер мекеме елемеген.

Семей қалалық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Сер-ғазиновтің айтуынша, осы уақытқа дейін «Семей жолдары» ЖШС-не жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында кепілдік мерзімі бойынша орын алған олқылықтарды 1 тамызға дейін қалпына келтіру жөнінде хат жолданған. Дегенмен атқарушы билік өтінішіне жол жөндеушілерден ешқандай жауап болмапты.

— Алдағы тамыз айында жаңадан байқаулар жарияланатын болады. Ал сіздердің байқауды жеңудегі мүмкіндіктеріңіз тікелей осы атқарған жұмыстарыңызға байланысты болмақ. Осы жұмыстарды атқарған жағдайда ғана басқа жерлерде жұмыс істей аласыздар. Ендігі мақсат — бұл жұмыстарды тез арада қалпына келтіру, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов мердігер мекеме өкіліне қарата айтқан сөзінде.

Бұдан өзге аталмыш мердігер мекеме Физкультурная көшесін де жөндеуден өткізген. Алайда 2013 жылы жасалған жол да өткен жылы мүжіле бастапты. Оны қалпына келтіруді ескерткен қалалық ТҮКШ бөліміне мердігерден ешқандай жауап болмаған. Дегенмен «Семей жолдары» ЖШС техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Юрий Могучев жұ-мыстар жүргізілгенін айтты. Алайда жағдай биылғы жылы да қайталанып отыр. Жалпылама айтқанда, осы кемшіліктердің барлығын мердігер мекеме өкілдері тамыз айының 10-на дейін қалпына келтіруге уәде етті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет...

Толығырақ...Details

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

27.03.2026
Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай облысының прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен, әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

27.03.2026
Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

Semeytany.kz - Абай облысында Алакөл жағалауын дамыту және 2026 жылдың жазғы маусымына дайындық мәселелері арнайы жиында қаралды. Облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

27.03.2026
Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2022...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

27.03.2026
Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

Қазақстанда электр энергетикасы саласы стратегиялық маңызға ие. Оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Осыған...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

23.03.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2 дня бұрын

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

2 дня бұрын

Ақсуатта туған блогер әлемдік марапаттан кейін облыс әкімімен кездесті

2 дня бұрын

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

2 дня бұрын

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 дня бұрын

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

6 дней бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

6 дней бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

1 неделя бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС