"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТІН ӘЛСІРЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ

18.08.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Малдәрігерлік қызмет саласы салғырттықты көтермейді. Бұл бағыттағы іс-қиымыл, атқарылған шаралардың барлығы бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Азық — түлік қауіпсіздігі дегеніміз халық денсаулығының кепілі екені белгілі. Ең үлкен жауапкершілік те осында жа

{jcomments on}14 тамыз күні Семей қаласы әкімдігінде Ермак Сәлімовтің төрағалығымен өткен  жиынның басты мақсаты да осы сала қызметін ширатуға арналды. Семей аумағындағы ветеринария қызметінің жұмысы жөнінде ұйымдастырылған басқосуға ШҚО ветеринария бас-қармасының бастығы Нұржан Тоқсейітов   бастаған облыстық мекемелердің өкілдері қатысты. Ауылдық округ әкімдері мен барлық ветеринарлар да осы ортада болды. Алдымен аумақтағы малдәрігерлік қызмет турасында Семей қалалық ветеринария бөлімі бастығының орынбасары С.Мукияновтың есебі тыңдалды. Орынбасар есебінде айтылған қаражат, автокөлік, маман санының жетіспеушілігі, ауылдағы қосындарда Интернет байланысының жоқтығы көтерілді. Алайда  аталған мәселелер жиын барысында себептен гөрі, сылтау ретінде қабылданды. Басқосуға белгісіз себептермен келмей қалған бөлім басшысы А. Жарқынбаев атына да сын айтылды. Облыстық басқарма басшысы Нұржан Тілеужанұлы алдымен қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып та талай жұмыс тындыруға болатынын, қазіргі көтеріліп отырған мәселені шешуге қатысты басқармаға бірде-бір ұсыныс түспегенін ашық жеткізді. Мәселен, қызметтік көлік қалалық бөлімде болмағанымен, ауылдық ветеринарлық қосындардың барлығы автокөлікпен қамтамасыз етілген. Әзірге солармен септесіп, тиісті жұмыстарды жандандыруға болатынын айтты. Сол себепті аумақтағы ветеринарлық қызмет бөлімі тарапынан дұрыс ұйымдастырылмай отыр деген тоқтам жасалды. Тағылған сынның кейбіріне тоқталсақ, ауылдық округтердегі өлексе көму орындарын (скотомогила) толық құжаттандырмау, бруцеллезге шалдыққан малды мерзімінде еткомбинатқа өткізбеу, қаңғыбас иттердің азаймауы, «Сары» базарындағы жәрмеңкенің антисанитарлық жағдайы секілді біраз ескертпелер жасалды.

 

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ермак Сәлімов ветеринария бөлімінің қызметіне қатысты көзқарасын ашық айтып: «Бөлімнің атқарған жұмыстарына тиісінше дұрыс баға берілуі үшін, арнайы комиссия құрылды. Алдағы уақытта комиссия құрамы заң аясында талдаулар жасап, бөлімге жүктелген міндеттердің қандай деңгейде жүзеге асырылғаны жөнінде өз қорытындыларын шығарады. Сол кезде жүргізілген жұмыстардың нақты бағасы берілетін болады»,- деді.

Сонымен бірге қала басшысы ауыл әкімдері мен барлық ветеринарларға қазіргі бюджет тапшылығына жалтақтай бермей, қолдағы барды тиімді пайдаланып, ұқсата білсек, бірқатар сұрақтарды кедергісіз шешуге болатындығына дәлелдер келтірді. Ауылды өңірлерде, негізінен, мал шаруашылығы болғандықтан, мамандардың бүкіл уақыты осы саланы дамытуға жұмсалады. Көп жағдайда мамандардың қырағылығы үлкен рөл атқаратындығын естен шығаруға болмайтындығын айтты.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС