"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

08.09.2015

Өткен аптада қала әкімі Ермак Сәлімов «Семей былғары- мех комбинаты» мен «Семей кеме жасау және кеме жөндеу зауыты» ЖШС-де болып, кәсіпорындардың бүгінгі жұмысымен танысты. Кездесу барысында кәсіпорын басшылары қала әкіміне өндіріс ошақтарының жұмыстары жайында мағлұмат берді.

«Семей кеме жасау және кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің директоры М.Воронова қала әкімі Ермак Бидахметұлына кәсіпорын жұмысшылары Павлодар қаласынан әкелінген кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтып өтті. Алайда бұл жұмыстар үшін кәсіпорын өз жұмыс күшін толыққанды пайдаланбайды. Сондықтан, кәсіпорын толыққанды өз қуатында жұмыс жасауы үшін, қосымша тапсырыстар қажет. Бұл ретте қалалық депутаттық корпус, жергілікті атқарушы билік органдары мен зауыт әкімшілігі тапсырыс көлемін арттыру мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне ұсыныс жіберуді шешіпті. Егер де бұл бастама министрлік тарапынан қолдау табатын болса, кәсіпорында кемелерді жөндеу жұмыстары жандана түсетіні сөзсіз.

Сонымен қатар Ермак Сәлімов «Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС де аралап көріп, комбинат ұжымымен жүздесті. Кездесу кезінде мекеме басшысы Жұмағазы Рақымғалиев қала әкіміне комбинатта был-ғары мен теріден дайындалған өнімдерді таныстырды. Мұнда тері шикізаты 8 цехтен өңделіп дайындалады. Аталмыш кәсіпорын Қазақстан бойынша бірегей нысандардың қатарына кірген. Бұған қоса өз тауарларын басқа елге экспортқа шығаруға қауқары бар. Комбинатта заманауи итальяндық қондырғы орнатылған. Қазіргі күнде көршілес Қытай елімен 400 млн. теңгеге келісімшартқа отырған. Осы ретте комбинат директоры Ж. Рақымғалиев шаһар басшысына бірінші кезекте жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарымен әріптестік орнатуға басымдық бергісі келетінін, ол үшін ірі қара малының терісін нарықтық бағамен сатып алуға дайын екенін жеткізді.

Бұдан бөлек Ермак Сәлімов «Ертіс» спорт кешенінің жұмысымен де танысып, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына оқушылар мен студенттерді тартып, мұнда мейлінше спорттық шараларды жиі өткізуге тапсырма жүктеді.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

3 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

3 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

3 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС