"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІРЛЕРДІ ӨРКЕНДЕТУДЕ ПАРТИЯНЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

08.09.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Шығыс Қазақстан облысына жасаған өңірлік іссапары аясында Семей қаласына ат басын тіреді. Мәртебелі мейман қаламыздағы партия белсенділерімен, ардагерлермен, жастармен, сондай—ақ Семей асбест—цемент бұйымдары зауытында жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Толғамды пікірлер ортаға салынып, тың ұсыныстар да айтылды.

Асқар Исабекұлы Семей қаласындағы алғашқы сапарын аймағымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі, Республика бойынша құрылыс индустриясында басымды үлесі бар Семей асбест-цемент бұйымдары зауытынан бастады. Өндіріс орнының жұмыс барысымен танысқан партия Төрағасының бірінші орынбасары экономикадағы жаңалықтарға байланысты кәсіпорынның бүгінгі тыныс – тіршілігі жайлы сауалдар қойды. Қазіргі күні отандық нарықты толық қамтып, даму даңғылына түскен кәсіпорын сыртқы бәсекелестікке төтеп беруге толық қабілетті. Әйтсе де  Елбасы өзі атап көрсеткен жаңа экономикалық саясат және жаһанды шарпыған экономикалық дағдарыс кезінде жаңашыл қадамдарға бару мәжбүрлігі туындап отыр. Бірақ бұл өндіріс ошағының қызмет қарқынына әсер етпейді. Қазіргі таңда асбест-цемент бұйымдары мен цементті-құмды өнімдер өндіретін зауыт тұтынушылар сұранысын толық қанағаттандырып отыр. Нысандағы құрал-жабдықтар толық заманауи үлгіде. Мәселен, италиялық «Vortex Hydra» құрылғысымен жабынқыштардың венециандық және римдік түрлерін шығаруға қол жеткізіпті. Одан өзге түрлі түсті тақтатас пен пеноблок түрлері де өндіріледі. Яғни, тұрғын үйдің сыртқы пішінін еуропалық үлгіге сай етіп безендіруде зауыт өнімдері таптырмас құрылыс материалы саналады екен. Бүгінгі құрылыс индустриясында мұндай өнім түрлері жоғары бағаланатыны белгілі.

Зауыт ішін, өндіріс барысын көріп шыққан Асқар Исабекұлы пештен жаңа шыққан ыстық газоблок өнімін ұстап, өтімді өнім жайлы сауалдар да қойды. Ғимарат қабырғасын қалауда сұраныс толастап көрмеген бұл кірпіш түрлі формада шығарылады екен.

Осыдан соң  партия Төрағасының бірінші орынбасарын зауыт алаңында семейлік шағын және орта бизнес өкілдері мен партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары ұлттық кәсіпкерлік палата өкілдері, коммуналдық қызмет мекемелері басшылары күтіп тұрған болатын. Жүздесу барысында қазіргі таңдағы кәсіпкерлік саладағы қалыптасқан ахуал жайлы сұхбат өрбіді. Асқар Мырзахметов өз сөзінде әлемдік экономика қарқынын тежеген жаһандық дағдарыстың салдарына қатысты елде жаңа экономикалық саясатқа бет бұру басталғанын және осы орайда Елбасының азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындау қажеттігі жайлы сөз етті. Мұндай шара алдыңғы кезекте халықтың мүддесі үшін жасалып отырғанын айтты.

Өз кезегінде сөз алған өңіріміздегі белді кәсіпкерлердің бірі, «Силикат» ЖШС директоры Борис Адианов кәсіпкерлерге көмек көрсетуде тариф мәселесін реттеу қажеттілігі жайында сөз өрбітті. Мәселен, кәсіпорындарда электр энергиясына тәуелділік жоғары. Сондай-ақ көмір мен логистика саласындағы мәселелерді реттеу керек. Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы үшін көрсетіп отырған қызметтерінің ақысын үш есе жоғарылатқан. Бұл да кейбір кәсіпкерлер үшін елеулі салмақ болуы мүмкін.

Бұл ретте тариф құнының әр аймақта әртүрлі екенін алға тартқан А.Исабекұлы ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып аталмыш тақырыптарды талқылау керектігін жеткізді. Жалпы, қазіргі күні отандық өніркәсіп саласын дамыту кәсіпкерлікті қолдаумен қатар өріс алып отыр. Яғни, бас-қару мен реттеудің тиімді тетіктері қалыптасқан.

Жүздесу барысында энергетика мәселелері тереңірек талқыланды. Өндіріске қарқын алдырумен бірге, тұтынылатын көмір мен электр энергиясы да арта түскен. Ел Үкіметі тариф саясатын нақтылай түсуі керек.

Басқосуда сонымен қатар өңірлерді өркендету, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының кәсіпкерлік сала өкілдеріне жүктейтін басымдықтары да сөз болды.

Осыдан кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мәжіліс залында қала активімен жүздесті. Жиынға жергілікті билік өкілдері мен қалалық мәслихаттың депутаттары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері мен облыстық жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Жиында қала әкімі Ермак Сәлімовтің кіріспе сөзінен соң алғашқы болып Семей қаласы еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов сөз алды.

— Қала бойынша 61 мың ардагердің 98-і  соғысқа қатысқандар. Жылдан-жылға еңбек ардагерлерінің саны өсіп келеді, — деген Аманай Доғалақов, — қаладағы ардагерлер Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын толық қолдайды. Ардагерлер де жастармен жиі кездесіп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге атсалысуда, — дей келе, алдағы уақытта Парламентте ардагерлер туралы арнайы заң шығаруға ұсыныс білдіруін өтінді.

Одан кейін сөз алған ШҚО мәслихатының депутаты, партия ұйымының білім және ғылым саласы бойынша өңірлік кураторы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков:

— Қазіргі кезеңдегі білім саласының өзекті мәселелерінің бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. Бұл туралы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында да ерекше аталып өтілген болатын. Осы мәселе облыстық мәслихат сессиясында арнайы қаралып, әлі күнге дейін республика көлемінде шешілуі тиіс мәселелердің бар екенін көрсетуде. Біріншіден, қазіргі кезеңде 12 жылдық білім беруге көшкен жағдайда, 10-12 сыныптарда бейіндік сыныптар ашу қажет, — деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған қалалық мәслихат депутаты, «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің Директор – Бас редакторы Риза Молдашева «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған қалалық мәслихат депутаттарының атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті.

— Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын халықтың ортасына барып өткізу арқылы сайлаушыларымыздың мұң-мұқтажымен жете танысу тәжірибесі бізде кеңінен пайдаланылады. Мысал ретінде айтар болсақ, таяуда қаланың қысқа дайындық жұмысымен танысу мақсатында қалалық мәслихаттың депутаттары № 1 және № 3 жылу қазандықтарында болып қайтты. Сондай-ақ қаладағы № 19 орта мектеп пен № 38 мектеп-лицейінде болған депутаттық топ 2011-2020 жылдарға арналған білім беру мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Абыралы өңірінің әлеуметтік жағдайымен танысуға барған сапарларында қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Бауыржан Қайрамбаев Таңат ауылдық округіне қажетті жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартса, жаңа оқу жылы қарсаңында осы әріптесіміз № 38 мектеп маңындағы жолдарға өз қаржысына жөндеу жұмысын жүргізді. Қалалық мәслихаттың барлық депутаттары «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бірқатар балаларды жаңа оқу жылына киім, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге қолғабыс тигізді, — деген Риза Асанқызы, — депутаттың белсенділігі ісімен өлшенеді десек, сайлаушылар – өздері қалап дауыс берген, үлкен үміт артқан халық қалаулыларының негізгі сыншысы. Сондықтан зор сенім көрсеткен партия абыройына кір келтірмеуге тырысамыз. Бүгінде бүкіл әлем экономикалық ауыр дағдарысты бастан кешіріп отыр. Ынтымақты, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен еліміз бен Ұлы даланы мекендеген халқымыздың бұл қиын кезеңнен де абыроймен өтетініне күмәніміз жоқ, — деді өз сөзінде.

Ал облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт жастардың бірқатар мәселелеріне тоқталып, өзінің ұсынысын да білдірді.

— Партияның сайлауалды тұғырнамасының көрсеткіштерінде жалпы депутаттар санының ішінде жас депутаттардың үлесін 2015 жылы 5 пайызға жеткізу жоспарланған болатын. Алайда бүгінгі күнде бұл көрсеткіш 1,76 пайызды ғана құрап отыр. Барлық деңгейдегі депутаттар саны ШҚО-да 321 болса, соның үшеуінің ғана жасы 29-ға дейін болып табылады. Сондықтан алдағы Парламент және мәслихат сайлауларында «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері қатарынан депутаттыққа кандидаттарды мейлінше батыл ұсыну қажет деп ойлаймын. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясының жастар кадрлық резервінің мол мүмкіндігін тиімді пайдалану керек. Себебі тек биылдың өзінде ғана жастар кадрлық резерві жобасына республика көлемінде 3 мыңдай жас қатысса, ШҚО-дан 237 жас ниет білдіріп, соның 145-і формалды іріктеуден өтіп, келесі кезеңге жолдама алды. Жастар осындай саяси ортада неғұрлым ертерек шыңдалса, соғұрлым қызметке бейім болар еді. Себебі жастардың ортасынан шыққан өкіл жастардың мәселелеріне іштей қанық болып келеді, — дейді М.Бақыт.

Түрлі сала бойынша баяндамашылардың келтірген ақпараттарына қанық болып, олардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов сөзінің басында:

— Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген соң Ұлы Абайдың қаласы, киелі Семей шаһарына ат басын бұрмай кетпеуді жөн санадық. Сіздермен жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымын, — дей келе, — «Нұр Отан» — халықтың да, биліктің де партиясы. Партияның алдында, жалпы, еліміздің, қоғамның алдында тұрған мақсаттар айқын. Ол – Мәңгілік Ел болу және әлемдегі барынша дамыған озық отыз елдің қатарына қосылу. Бұл тұрғыда 5 институционалдық реформа, 100 нақты қадам, «Нұрлы жол» бағдарламаларында тиісті орындарға нақты тапсырмалар жүктелген. Елбасының алға қойып отырған тапсырмаларының бірі – өңірлермен жұмысты күшейту. Ол үшін партияның жергілікті жерлердегі құрылымының жұмысын күшейтіп, жүйелендіру керек. Бірінші кезекте партиялық әріптестеріміздің атқаратын жұмысы — бүгінгі күндегі бағдарламалардың орындалуын қадағалау. Бюджет есебінен туындаған бағдарламалар жүзеге асырылса, демек, онда патрияның сайлауалды тұғырнамасының халықтың алдындағы міндеті де орындалды деген сөз. Яғни партия бюджеттік жұмыстарға бақылау жүргізуді қолға алу керек. Ондағы мақсат – кемшіліктерді анықтағаннан кейін жаппай барлығын сынау емес, бастысы-  кемшіліктерді тауып, сол бойынша жұмыс жүргізу; Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қолдау көрсетіп, Парламенттегі заңдардың шығуына қолғабыс тигізу, — деп атап өтті.

Қоғамдық қабылдауларда халықтың мұң-мұқтажының тыңдалуы, жалпы, халықтың «Нұр Отан» партиясына жүгінуі партияның жұмысты қалай атқарып жатқанын көрсететінін айтқан Асқар Мырзахметов жыл басынан бері әртүрлі саланың жұмысы бойынша 43 мыңнан астам адам «Нұр Отан» партиясының қабылдауында болғанын, алайда сол 43 мың адамның 1600-і ғана электрондық порталға жүгінгенін, алдағы уақытта электрондық қабылдау жүйесін дамытатын болса, ол тұрғындарға да, орталық аппараттың бақылауына да жеңіл екенін айтты.

Сонымен қатар жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесін сөз еткен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

— Қолдағы мүмкіндікті қаншалықты пайдалана алып отырмыз. «Дипломмен — ауылға», «Сәтті қадам» сияқты түрлі сала бойынша жастарға арналған көптеген бағдарламалар бар. Алайда сол бағдарламаларда қарастырылған мүмкіндіктер көтеріліп отырған мәселелердің шешілуіне қаншалықты қауқарлы болып отыр. Осыған орай кейбір бағдарламаларға мүмкіндігіне қарай өзгерістер енгізу қажет. Дегенмен «Нұр Отан» партиясының жұмысы бір ғана бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Жалпы, бағдарламаларда тек жастардың мәселелері ғана қаралып отырған жоқ. Өйткені бюджеттің де мүмкіншілігі шектеулі. Олай болса, біз жастардың басқа да мәселелеріне көңіл аударуымыз керек. Мысалы, жастарға рухани, мәдени тәрбие беру жағын мықтап қолға алу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің аумақтық құрылымдарының жұмысын күшейтіп, мәслихаттың белсенділігін арттыру керек, — деген Асқар Исабекұлы, — сыбайлас жемқорлықтың қоғам алдындағы үлкен мәселе екені белгілі. Осыған байланысты нақты шешімдер қабылдағалы отырмыз. Жуырда 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыс-тар талданды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әсіресе қоғамдық комиссиялардың және облыстық филиалдардың жұмысы күшейтіледі, — деп атап өтті.

Барлық ұсыныстар мен өтініштерді өзінің назарынан тыс қалдырмай, дәл осы жиында сөз болған мәселелерді алдағы уақытта Үкіметтің, Парламенттің отырыстарында көтеретінін айтқан Асқар Исабекұлы сөз соңында Ұлылардың мекені киелі Семей жұртшылығына бақ-береке тілей отырып, жиынға қатысушыларға өзінің ризашылығын білдірді.

Жиынға қатысушылар тарапынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарына бірқатар сауалдар да жолданды.

Жиын соңында қала әкімі Ермак Сәлімов «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовке партияның жергілікті филиалдарының жұмысымен танысу мақсатында Семейге арнайы келіп, білікті басшы ретінде бағыт-бағдар бергені үшін, алғысын білдіре келе, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының төрағасы ретінде жүктелген тапсырмалардың тиісті деңгейде орындалатынын жеткізді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының қолдауымен педагогтерге арналған жасанды интеллект курсы іске қосылды

12.11.2025
«AMANAT» партиясының қолдауымен педагогтерге арналған жасанды интеллект курсы іске қосылды

Бүгін «Мұғалім Talks» кеңесінің қорытындысы бойынша Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қолдауымен «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы, Абай облысының білім басқармасы...

Толығырақ...Details

«ЖУСАНДЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ»

12.11.2025
«ЖУСАНДЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ»

Әйгілі "Ауылым" әнінің сөзін жазған белгілі ақын - ҚР мәдениет саласының үздігі, "Құрмет" орденінің иегері, Үржар ауданының Құрметті азаматы Жабайыл...

Толығырақ...Details

Серіктестік серпін береді

12.11.2025
Серіктестік серпін береді

2025 жылғы 6 қарашада Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Сиань Цзяотун университетінде «Бір белдеу – бір...

Толығырақ...Details

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

12.11.2025
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

12.11.2025
Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді....

Толығырақ...Details

Абай гарнизонында қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды

12.11.2025
Абай гарнизонында қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды

Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Қарулы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының қолдауымен педагогтерге арналған жасанды интеллект курсы іске қосылды

9 часов бұрын

«ЖУСАНДЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ»

9 часов бұрын

Серіктестік серпін береді

9 часов бұрын

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

11 часов бұрын

Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін

11 часов бұрын

Абай гарнизонында қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды

12 часов бұрын

Жаңа форматта әскери қызмет етуге ниеттілерді қабылдау басталды

12 часов бұрын

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

14 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

14 часов бұрын

Қазақстан жастары қытай тілін меңгеруі тиіс – Тоқаев

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС