"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРМАК СӘЛІМОВТІҢ ҚАЛАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР, МЕКЕМЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫНА, КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫНА ҮНДЕУІ

25.09.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАРТТЫМЫЗДЫ ҚҰРМЕТТЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ!

 

Қазыналы қарттарды сыйлау, оларға құрмет көрсету – ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан салтымыз. Бұл қазақы дәстүрдің бүгінгі таңда да жалғастық табуы – өнегеліліктің белгісі саналады.

Қариялардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін, өскелең буын үшін ерекше маңызға ие. Қазіргі күні еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да кейінгі толқынға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес. Өмірлерін елінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына һәм мәдени-рухани өркендеуіне арнаған бұл жандарға бүгінде қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазір біз аталарымыз бен әкелеріміздің арқа­сында бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, қуатты мемлекет құрып, бо­ла­шаққа сеніммен қарап отырмыз» деп атап өткен болатын. Ендеше бүгінгі жетістігіміз үшін егде буын алдында борыштармыз.

БҰҰ шешіміне сәйкес әр жылдың 1 қазаны Қарттар күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл күн бүкіл әлем бойынша аталып өтеді. Осынау игілікті шара үлкенге ізет көрсетуді әдептіліктің озық үлгісі санайтын біздің халқымыз үшін де дәстүрге айналған. Осы орайда қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерге, бастауыш ардагерлер ұйымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, Қарттар күнін лайықты деңгейде өткізу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, ардагерлер қауымына құрмет көрсетуге шақырамын. Аталған күнге орай жиындар өткізіп, алдыңғы толқынның еңбектегі жетістіктерін кейінгі буынға үлгі ету міндет. Қарияларымызға моральдық және материалдық көмек көрсету — оларға жасалған қамқорлықтың айғағы болары анық. Әсіресе, жалғызбасты, науқас қарттарға ерекше көңіл бөліп, оларға тұрмыстық тұрғыдан жәрдемдесу, дәрі-дәрмек сатып алуда нақты көмек көрсету сұралады. Бұл Үндеу сонымен қатар, қаламыздағы Жастар ұйымдарына, қамқорлық көрсетуде демеушілігімен танылып жүрген жергілікті кәсіпкерлерге де арналады.

Қарттар күні аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы алғыс білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Ендеше осынау игілікті үрдістен биыл да жаңылмай, қариялар ризашылығына, бата-тілегіне кенелу ләзім!

Барлық салалық қызмет өкілдері, мекемелер басшылары мен кәсіподақ ұйымдары осынау маңызды іс-шараны өткізуде белсенділік танытатындықтарына сенім білдіремін.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС