"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДІНИ РАДИКАЛИЗМГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

02.10.2015

Бүгінгі таңда, әлемдегі қалыптасқан жалпы ахуал тәрізді, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес Қазақстан қоғамы үшін маңызды мәселелердің біріне айналды. Көпұлтты және көпконфессиялы ел үшін ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, ішкі тұрақтылықты бекем ету — ең басты міндет. Соның аясында  елімізде 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм белгілерінің алдын алу және терроризм қаупіне жол бермеу арқылы адамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

{jcomments on}Осы ретте бүгінгі таңда Семей қаласы әкімдігінің жанынан құрылған антитеррорлық комиссия жүйелі жұмыс жүргізуде. Аптаның сейсенбісінде аталмыш топ өкілдерінің отырысы болып өтті. Басқосуды комиссия жетекшісі, қала әкімі Ермак Сәлімов алғы сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Жиынның негізгі тақырыбы 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама  аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын пысықтау болды. Баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құржықаев, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаевтар аталмыш бағыттағы қолға алынған шараларға тоқталды. Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, террористік теріс пиғылдың қалыптаспауы мақсатында қаламыз бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бірінші кезекте үгіт-насихат жұмыстарына мән берілуде. Яғни, қазақстандық патриотизмді дамыта отырып, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы әрекеттер нәтижелі жүзеге асуда.

 

Жиын барысында баяндама жасағандар айтып өткендей, діни экстремизм мен терроризм әрекетіне қарсы тұрып, радикалды идеялар мен террорлық әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптастырудың ең негізгі құралы — профилактикалық іс-шаралар жүргізу. Бұл ретте қала әкімі Ермак Бидахметұлы да ортақ пікір қосты. Шаһар басшысы айтып өткендей, радикалды сипаттағы діни ағымдардан жастарды арашалау, теріс пиғылды діни ағымдардан келетін қауіп-қатерді халық арасында кеңінен түсіндіру тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Өйткені экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жат-қан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, оның мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология, кез келген мемлекет секілді, Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді. Осы орайдан алғанда, қаламыздағы атқарылған шаралар қатары біршама ауқымды. Сол себепті де жалпы діни ахуал қалыпты. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да еліміздің, Семей өңірі тұрғындарының бейбіт өмірі үшін, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіле бермек.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

22 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

22 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

22 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС