"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

20.10.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғын үй мәселелері бойынша ашық кеңес беру форматында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш сауал бойынша шараға қалалықтар көп жиналды.

Бұл акция аясында азаматтарға Семей қалалық әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Қазақстанның тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалының, қалалық тұрғын үй инспекциясының, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қабылдауға жазылған қалалықтарға тұрғын үй мәселелері бойынша жан-жақты әрі тұщымды кеңес берді.

Баспана мәселесі бүгінгі таңда күн тақырыбында тұр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында біртіндеп шешімін тауып келе жат-қанымен әлі де болса үйге қол жеткізудің жөн-жосығын білмей жүрген тұрғындар бар. Ал оларға заңдылық тұрғыдан көмек беру, ақпараттандыру ісі  бірінші кезекте тұр. Сондай жандардың бірқатары осы күні қоғамдық қабылдауға арнайы келіп, сала мамандарынан ақыл-кеңес алды.

 

{jcomments on}Мәселен, қаламыздың «8 шақырым» ауданынан келген әжей жапсарлас тұратын, ішімдікке салынған көршілерінің кесірінен үйінің өртеніп кеткенін айтады. Бас көтерер азаматтары жоқ, шаңырақсыз қалған жанұя баспанаға қол жеткізудің жолдарын қарастырып, кеңес сұрай келіпті. Көпбалалы анаға кесімді түрдегі көмек болмағанмен, үй алудың өзге жолдарын қарастыру ұсынылды.

 

Баспана алудың ретін сұрастырып келгендердің бірі — колледж студенті, балалар үйінің түлегі Әсемгүл болды. Туыстары үйінен шығарып жіберген 20 жасар қыз бүгінде жатақханадан бөлме жалдап тұрып жатыр екен. Оған кеңес берген мамандар тұрғынүй жинақ банкі салымшысы болуы себепті баспанаға қол жеткізудің мүмкіндігі жоғары екендігін айтты. Балалар үйінде жүрген кезінде де жергілікті кәсіпкерлер оның есепшотына әжептәуір сома аударған. Қазіргі күні ол аталмыш банктегі есепшотына айына он мың теңгеден құйып отырады.  Тағы бір өзекті мәселе — оқу орнын тәмамдағаннан соң берілетін жәрдемақы да тоқтайды екен. Осы жайында мамандардан кеңес сұраған Әсемгүл әлі де өз күшімен еңбектеніп, қордағы қаражатын арттыра беруге белін бекем буды.

Бұл күні әсіресе «Қазақстанның тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы директорының орынбасары Еркежан Омарғалиевадан кеңес сұраушылар көп болды. Себебі, қазіргі күні аталмыш банктің есебінен қаламыздағы Қашаубаев көшесі бойынан 36 пәтерлік көпқабатты үй бой көтеруде. Көпшілік семейліктер жайлы ауданда орналасқан аталмыш нысаннан пәтер алғысы келеді екен. Сонымен қатар, салымшылар қордағы өз қаражаттарының компенсациясы туралы да сұрай келіпті. Бұл жөнінде жауап берген маман қазіргі күні заңнама ел үкіметі тарапынан қаралып жатқанын жеткізді. Жалпы, бүгінгі таңда аталмыш банктің Семей қаласы бойынша 15 мыңнан астам салымшысы бар екен. Тұрғындарды баспанамен қамтуда жетістікті еңбек жолын айтып өткен Еркежан Омарғалиева қорға қаражат құюда семейліктердің белсенділігі жоғары екенін жеткізді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

13 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

14 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС