"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

27.10.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

15 – 18 қазан күндері Алматы қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған әскерге дейінгі жастар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен республикалық турнир болып өтті. Сайыстың мақсаты жастарды патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақыру еді. Алатаудың бөктерінде өткен сайыста ШҚО – ның намысын қорғаған семейлік жастар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есепте екінші орынды иеленген-ді. Бұл туралы Семей қалалық ақпараттық орталығында арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

 

{jcomments on}Баспасөз мәслихатына Семей қаласы денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қуат Исажанов,  әскери-спорттық клубтар федерациясының Семей қаласындағы филиалының төрағасы Серік Түсіпов, Семей қаласы құрамасының қоян-қолтық ұрыстан жаттықтырушысы Владимир Мельницкий және жүлдегер спортшылар қа-тысты. Сайыс Алматы қаласындағы орталық әскери спорт клубының базасында ұйымдастырылыпты. Аталмыш турнирге еліміздің 7 облысынан 12 команда қатысуға ниет білдірген. Жарыс қорытындысына сәйкес — Шығыс Қазақстан облысының атынан сынға түскен семейлік өрендер тек Ақтөбе облысына ғана есе жіберген. Тартысты бәсекелер барысында сайыскерлер кешенді жекпе-жек, әскери кросс және тапаншадан ату бойынша өзара мықтыларды анықтапты. Қоян-қолтық ұрыс жаттықтырушысы В.Мельницкийдің айтуынша, семейлік жастардың осындай жарыста топ жаруы оңайға түспеген. Себебі оларға қарсы тұрған спортшылардың дені аралас жекпе-жек түрлерінен шыңдалған кәнігі кәсіби спортшылар болыпты.

 

— Турнирге дайындық шараларын 2 ай көлемінде жүргіздік. Ең алдымен шәкірттеріміз облыстық жарыста үздік атанды. Ал Алматы қаласындағы кешенді жекпе-жек өте ерекше форматта өткізілді. Алғашқы раундта қатысушылар кикбоксингтің ережесі шеңберінде қолғап түйістірді. Екінші раундта еркін күрестің қағидалары бойынша белдесуге тура келді. Ақтөбеліктердің жақсы дайындықпен келгені бірден аңғарылып тұрды. Мәселен,   ұрысқа олардан ММА сынды аралас жекпе-жек өнерімен айналасып жүрген халықаралық деңгейдегі сайыскерлері шықты. Соған қарамастан шәкірттеріміз лайықты қарсылас атанды. Осындай республикалық турнирге біздің спортшылар алғаш рет қатысып отыр. Осының өзінде командалық есепте 2 орыннан көріне білді. Бұл біздің команда үшін жаман нәтиже емес. Алайда біз бұл межемен тоқтап қалмақ емеспіз. Жіберген барлық олқылықтарымызды ескеріп, келер жылғы бәсекеге тас-түйіндей дайын болу үшін, жаттығуларымызды еселей түсетін боламыз, — деп атап өтті білікті бапкер В. Мельницкий.

Кешенді жекпе-жекте мерейі үстем болған жерлесіміздің бірі 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған   Ильяс Қабидолдин. Ол сайыста барлығы 3 кездесу өткізіпті. Қарсыластарының атақ – дәрежесінен жүрексінбеген Ильяс өзінің мықтылығын қарсыластарына да мойындата білді. Жалпы жерлестеріміз осы турнирде 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медальды қоржынымызға салыпты.

 

Ж.СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС