"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының мәжіліс залында партия жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғаббас Ибраевтың жетекшілік етуімен өткен жиын-ға жергілікті билік өкілдері, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қаласы филиалының директоры Ардақ Әділжанов, қалалық Достық үйінің директоры Аман Тілеубаев және бірқатар кеңес мүшелері қа-тысты. Жиын барысында алғашқы болып сөз алған қалалық ТҮКШ,  жолаушылар тасымалы және       автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жексенғазы Қалдыбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ТҮКШ, су және жылумен қамту жүйелерін   жаңғырту» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Оның сөзіне сүйенсек, осы мақсатқа республикалық қазынадан қомақты қаржы бөлінген. Ол қаражат 2015-2016 жылдары толық игерілуі тиіс екен. Бағдарлама негізінде ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап Семейде 10 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар қолға алыныпты. Бұған қоса, 4 жылу қазандығы қайта жаңғыртудан өтіп жатқандығын айтқан Жексенғазы Мырзағазыұлы, сондай-ақ жылу желілерін жаңғырту бойынша жоспарланған 35 312 метрдің 16 808 метріне жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғандығын жеткізді. Ғаббас Төкешұлы жауапты маманнан шаһардағы тұрғын үйлердің қысқы  маусымға қаншалықты дайын екендігін сұрады. Бұл ретте Ж.Қалдыбаев, барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көпқабатты пәтерлер жылуға дер кезінде          қосылғанын, жылу науқаны жоспарлы түрде өтіп жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері ТҮКШ, жолаушылары тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысының орынбасарынан қала көшелерінің жарықтандыруы жайлы сұрады.

— Түнгі уақытта қаланың ішкі көшелеріндегі жарық сөніп қалады. Ал әуежай бағыты мен Павлодар қаласына бағытталған қала сыртындағы жолдардың жарығы түнгі 2-ден кейін де қосылып тұрады. Осыны бақылауға алып, ретке келтірулеріңізді сұраймыз,- деп Ғ.Ибраев жауапты маманға ұсынысын білдірді.

Жалпы, отырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар тұрғысындағы 4 мәселе қаралды. Жиын соңында кеңес мүшелері жолданған кейбір сұрақтар бойынша толық жауап алу үшін жақын арада қайтадан жиналуға уағдаласты.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС