"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: СЕМЕЙДІҢ ӘЛЕУЕТІ ӘЛДЕНІП КЕЛЕДІ

30.10.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, аптаның бейсенбісінде облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Семей қаласына келді. Даниал Кенжетайұлының бұл жолғы жұмыс кестесі тым өзгеше өрбіді. Атап айтсақ, алдымен қалалық әкімдікте тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаған аймақ басшысы, тәуліктің екінші жартысында шаһардағы бірқатар әлеуметтік нысандар, жаңадан  салынып жатқан құрылыс орындары мен “Агрофирма Приречное” ЖШС-де болып, атқарылып жатқан іс барысымен жіті танысты.

Облыс әкімінің қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайтыны туралы осыған дейін де құлағдар еткен болатынбыз. Аймақ басшысына жолығуға түрлі мәселелермен жиырмаға тарта семейлік келіпті.

Қабылдау басталмас бұрын Даниал Кенжетайұлы БАҚ өкілдері алдында Семей қаласының қазіргі ахуалы жайлы өз пікірімен бөлісіп өтті.

— Қазіргі күні Семей қаласында бірде-бір өзекті мәселе жоқ. Жылу мерзімінде берілді. Жоспарлы жұмыс-тар нәтижелі жүргізіліп жатыр. «Еуропалық даму банкінен» Семей мен Өскемен қалалары үшін алдағы жарты жылда 20 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу көзделіп отыр. Соның аясында сумен қамту, кәріз бен жылу жүйесін жаңалап алудың мүмкіндігі бар. Ол үшін Семей қаласына 10 млрд. бөлу межеленуде. Осылайша, қаладағы қордаланған бірқатар мәселелер алдағы екі жылда шешімін табады деуге негіз бар. Бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартатын үлкен игілік. Яғни, қалалық әкімдік үшін үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарына әлі де әкіммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі туындайды. Баршамыз үшін ел игілігі жолында бірлесіп атқарар іс көп, — деді облыс әкімі өз сөзінде.

 

{jcomments on}Осыдан соң Даниал Кенжетайұлы өз қабылдауына жазылған тұрғындардың мәселелерімен кезегімен танысып шықты. Аймақ басшысымен бірге облыстық басқарма басшылары да арнайы келген екен. Алғашқылардың бірі болып кірген Наталья Мотина өзінің қолды болған мүліктері туралы шағым айта келіпті. Орын алған факті бойынша, қаладағы Әуезов аудандық полиция бөлімі ұрлық бабымен арнайы іс қозғаған. Алайда, арада     жылға таяу уақыт өтсе де, нәтиже болмай тұр. Тұрғынның шағымына жауап қайырған облыс әкімі  ішкі істер департаменті қызметкерлерінің біліктілігіне күмән келтірмейтінін жеткізіп, уақыты келгенде қолды қыл-ған мүліктерінің табылатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, облыс әкімі аталмыш қылмысқа байланысты қозғал- ған процестің жүру барысын назарда ұстау жайлы ШҚО ІІД басшысы      Жанарбек Бақтыбаевқа тапсырма берді.

 

Ал келесі болып қабылдауға Зульфира Нигматова кірді. Тұрғын сот актісінің іске аспай жатқанына      шағымданып келіпті. Пәтер иелері кооперативінің үстінен өзіне тиесілі жалақының төленбеуіне байланысты Семей өңірлік әділет департамен-тіне арызданған екен. Алайда борышкер жұмыс берушіге табыс етілген сот актісі орындалмауда. Негізінен бұл жайындағы іс ПИК басшысының сырқаттанып, ауруханада жатуына байланысты әзірге тоқтап тұр екен.   Облыс әкімі бұл тұрғынның құжаттарын қарап шығып, қабылдауға қатысушы әділет саласы басшылығына істің нәтижелі аяқталуына ықпал етуді тапсырды.

Жалпы, бұл күні Даниал Ахметовтың қабылдауына 18 семейлік кіріп, түрлі мәселелер бойынша аймақ басшысынан қолдау тапты. Солардың қатарында 11 баланың анасы Бибігүл  Алпанова болды. Облыс әкіміне екі мәселе бойынша келген байырғы ұстаз, батыр ана бірінші кезекте қаладағы жолаушы тасымалы мәселесін қозғады. Қазіргі күні көлік тасымалымен айналысушы кәсіпкерлер тарапынан жергілікті биліктің ықпалымен зейнеткерлер мен студенттерге жеңілдік жасалынып отыр. Алайда, кейбір бағыттардағы қоғамдық көліктер қызмет көрсету мәдениетін сақтамайтынын жеткізді. Оған жауап қайырған облыс басшысы аталмыш жайт бойынша Семей қаласының әкімі тарапынан елеулі жұмыстар жасалынып жатқанын айта келіп, алдағы уақыттарда бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмау жөнінде шаһар әкімі Ермак Сәлімовке тапсырды. Ал көпбалалы ана екінші өтініші ретінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде соңғы курста оқитын студент қызының оқу ақысын төлеуге көмек көрсетуін сұрады. Бұл жайында тұщымды жауап қайырған Даниал Кенжетайұлы жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шәкірттің білім ордасы алдындағы 400 мың теңге берешегін өтеуге болатынын жеткізді.

Бұл күні қабылдауға жазылған қалалықтардың көпшілігі өз сауалдары бойынша аймақ басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауап алса, ал кейбірінің мәселесі қабылдау бөлмесінде-ақ шешілгенін айта кету ләзім.

Ал тәуліктің екінші жартысында  Семей қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Даниал Ахметов Энергетик кентіндегі «№5 интернат» жылу қазандығында болды. Бүгінгі күні көпқабатты тұрғын үйлерге арналған әлеуметтік маңызға ие жылу қазандығынан «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» мекемесіне жылу трассасы тартылуда. Ондағы мақсат электр қуатымен жылытылатын аурухананың қаржылық шығынын азайту. Өйткені электр энергиясымен жылынатын денсаулық мекемесі үшін қомақты қаражат қажет. Сондықтан   мекемеге жылу беруді аталмыш қазандықтан тарту әлдеқайда тиімді болары анық.

Сапары барысында облыс әкімі  Семейде жылу трассаларының құрылысы уақытылы жүргізіліп жатқанын, осы аз уақыттың ішінде Алматы мен Семей қалаларының мердігерлері           1 млрд. 800 млн. теңге қаражат игергенін атап өтті. Даниал Кенжетайұлы аталған жұмыстардың мерзімінде аяқталатынына сенім білдірді.

— Өздеріңіз білесіздер, «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» электр қуатымен жылытылады. Қысқы маусымда нысанды жылыту үшін ай сайын 70 млн. теңге қаражат жұмсалады. Ал егер осы қазандықтан ауруханаға дейін жылу трассасы салынатын болса, жылыту маусымының әр айында 6 млн. теңге қаражат жұмсайтын боламыз. Осындай жолмен ауқымды қаражатты үнемдеуге болады. Сондықтан да бұл жұмыстарды бір айдың ішінде аяқтау жүктеліп отыр. Есесіне қыруар қаражатты шаһардың өзге салаларына жұмсауға мүмкіндік болады. Жалпы айтқанда, Семей қаласы әкімдігі тарапынан жылыту маусымына дайындық барысы тұрғысынан жақсы жұмыс атқарылды. Қазір көмір қоры мен жылу желілерінде  ешқандай мәселе жоқ. Көмір сатып алуда көмек көрсеткен Үкімет басшысына алғыс білдіруіміз керек, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Осыдан соң Даниал Ахметов «Хазипов» ЖШС-де болды. Облыс әкімін  жұмыс барысымен жан-жақты таныстырған мекеме басшысы Рафаиль Хазипов алдымен шаһарды көгалдандыру мақсатындағы жұмыстармен, жоспарларымен бөлісті. Мекеме басшысы айналма жолдарды гүлмен көмкеріп, заман талабына сай безендіруді, сонымен қатар қазақстандық ою-өрнектермен безендірілген гүл өсіретін ыдыстар мен орындықтар үлгілерін таныстыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы мекеме аумағында орналасқан гүл өсіретін жылыжайды да аралап көрді. Жылыжай аумағы 546 шаршы метрді құрайды. Ал онда бір маусымда 250 мың түп гүл көшеттерін өсіруге мүмкіндік бар. Биылғы жылы шаһарға қажетті 106 мың дана гүл көшеттерін өсірген. Бұған қоса жылыжайда қысқы маусымда қызанақ, қияр, көкөніс те өсіріледі екен. Бүгінгі күні нысанда сегіз адам жұмыс істеп жатыр. Ал келер жылы жұмысшылар санын 25 адамға дейін жеткізу көзделуде.

Бұл қаланы толыққанды гүлдендіруге мүмкіндік бермек. Ал облыс әкімі шаһарды абаттандыру үшін 400 мың гүл көшеттерін отырғызу қажеттігін тапсырды. Ең бастысы осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі атқарылуы керектігін жеткізді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының іргесіндегі «Агрофирма Приречное» ЖШС-де болды. Аймақ басшысын шаруашылық барысымен таныстырған Мұхит Тұмабаев алдымен көкөніс қоймасына тоқтады.  «Агрофирма Приречное» ЖШС бүгінде өңірді толықтай арзан әрі сапалы өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Бұған арнайы салынған көкөніс қоймалары да септігін тигізуде. Картоп, пияз, қырыққабат сынды көкөністер қазір тазаланып қоймаларға жөнелтілуде. Ал заман талабына сай жарақталған қоймалар маңдай термен жиналған өнімдерді тұтынушыларға сапалы жеткізуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы сапары барысында серіктестіктегі заманауи техникалар игілігімен де танысты. Жалпы, облыс әкімі «Агрофирма Приречное» ЖШС – де атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 день бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 день бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

6 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

7 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

7 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС