"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР -ОБЛЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

03.11.2015

Бүгінде Семей қаласында спорт және дене шынықтыру ісіне зор мән берілуде. Әсіресе аталмыш салаға жаны құмар жаңашыл әкім Ермак Сәлімовтің бастамасымен өскелең буынның денін сау, бойын шымыр ететін түрлі спорттық шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Одан бөлек биылғы жылы қалалық спартакиада да ерекше тартымды өтті. Сонымен қатар шаһарымыздағы әр сала бойынша еңбек ететін мамандардың да спорттық іс-шараларға қатысудағы белсенділігі жоғарылауда.

Мұндай жетістікті үрдістен Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері де шет қалмауда. Атап айтсақ, жуырда, қазан айының 30 – 31 күндері аралығында, облыс орталығы Өскемен қаласында жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадада өнер көрсеткен семейліктер командасы жеңіс тұғырынан табылды.

Аталмыш біріншілік аясында шағын футболдан турнир өткізілген болатын. Осынау бәсекеге облысымыздың аудандары мен қалаларынан жоғары даярлықпен келген командалар қатысып, өзара қарымта байқасты. Тартысты өрбіген кездесулер барысында  Семей қаласының мемлекеттік қызметкерлері қарсыластарын жоғары ұпай санымен жеңіп, айқын басымдылықпен бірінші орынды еншіледі. Осылайша, шағын футболдан қарсылас шақ келтірмеген семейлік құрама команда жеңіс туын желбіретіп оралды.

— Біз өткізген ойын барысы аса қиындық тудырды дей алмаймын. Қарсылас командаларды жоғары даярлықпен барғандықтан басымдылықпен жеңіп отырдық. Бұл, шамасы, осыған дейін де өз қаламызда түрлі спорттық шараларға белсене қатысып жүргендіктен болар. Командамыздың капитаны қаламызда бұқаралық спорт түрлерін дамытуда белсенді бастамалар иесі атанып жүрген Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлының өзі болатын. Тас қамал қорғанысымыз да мықты болды. Шабуылшы жігіттер де ерледі. Нәтижесінде облыс бойынша алдыңғы орынға шықтық. Аймақтың әр ауданынан келген командаларға қазақ футболының отаны — Семей аяқдобының қарқынын көрсетіп қайттық,- дейді пікір білдірген команда шабуылшысы, ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихат секторының меңгерушісі Айбек Самат.

Осылайша, мейлінше шиеленісті өрбіген ойындардың нәтижесінде Семей қаласының мемлекеттік қызметшілері бірінші орынды иеленсе, Зырян қаласының футболшылары екінші орын, Риддер командасы үшінші орын алыпты. Ал жасыл алаң қожайындары — Өскемен қаласының құрама командасы — төртінші орынды місе тұтыпты.

«СТ – ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 час бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

22 часа бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

22 часа бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

22 часа бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

24 часа бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

1 день бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС