"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАРШЫ АЛАҢДА БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР

06.11.2015

Семейдің «Тарлан» спорт кешенінде бокстан Малдыбай қажы атындағы дәстүрлі турнир басталды. Биыл 16 – шы мәрте ұйымдастырылған турнирге 2000 және 2001 жылы туған болғын боксшылар  13 салмақ дәрежесінде бақ сынасып, шаршы алаңда кіл мықтыларды анықтады. Республикалық мәртебеге ие болған сайысқа биыл Ресейдің Новосібір қаласының саңлақтары да қатысуға ниет білдіріпті.

Жарысқа Семей қаласынан бөлек,    Астана, Өскемен қалаларымен қатар, Аягөз, Шемонайха, Үржар, Көкпекті, Тарбағатай және Жарма аудандарынан 100-ге тарта жас боксшылар бағын сынай келіпті. Сайыстың республикалық дәрежеде ұйымдастырылғанына биыл 12-ші жыл. Айта кету керек, әр жылдары осы Малдыбай қажы атындағы турнирден қазақтың абыройын әлемдік додаларда асқақтат-қан бірқатар спортшылар шыңдалып шыққан екен. Олардың қатарында жастар арасындағы Әлем чемпионы Қанат Ильясов, 2013 жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Мерей Ақшалов, жастар арасындағы Азия чемпионы Әділет Егізеков сынды боксшылар бар. Алдағы жылдары аталмыш турнирді халықаралық деңгейде өткізу жоспары бар.

— Турнир қатарынан 16 жыл балғын боксшылар басын қосып келеді. Республикалық дәрежеде ұйымдастырылғанымен, оған көршілес Ресейдің де жас былғары қолғап шеберлері қатысуда. Әлі есімде, осы турнирді алғаш рет өткізгенде оған Әлем чемпионы Мерей Ақшалов қатыс-қан еді. Одан басқа өзге де өңірімізге танымал боксшылар осы додада бақтарын сынаған болатын. Осындай жарыстар дарынды балалардың шыңдалып шығуына септігін тигізеді деп ойлаймын, — дейді жарысты ұйымдастырушы Талап                Малдыбайұлы.

Сайыстан жүлде алсам деген жас боксшылардың бірі — Дидар Қадырбеков. Семейлік өреннің бокспен шұғылданып келе жатқанына үш жыл болған. Жетістіктері де жетерлік. Облыстық, республикалық жарыстарда олжа салып, спорт шеберлігіне үміткер болды. 42 келіде сынға түсіп жүрген жерлесіміз әр қарсыласына әртүрлі әдіс — айланы қолданады екен.

— Осал қарсылас болмайды. Бұл турнирге келген  балалардың көбін танимын. Бірнешеуімен шаршы алаңда кездескенмін. Әр жекпе-жекке шығар алдында қарсыластарымды егжей-тегжей зерттеп алуға тырысамын. Бапкерлерім Талғат Жақыпбеков пен Руслан Исатаевқа алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта олардың сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын, — деді Д. Қадырбеков.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

17 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

17 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

17 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС