"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ТЕХИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

06.11.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыс маусымына дайындық тек жылуды жөнге келтірумен ғана шектелмейтіні анық. Қыста қалаішілік жолдарды дер кезінде тазалап, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау да маңызды шаруа. Әлбетте, бұл ретте тазалық жұмыстарымен айналысатын мекемелер үшін тыңғылықты дайындық қажет. Осыған орай апта сәрсенбісінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов коммуналдық техикалардың қыс маусымына дайындығын арнайы тексерді.

Семей қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінінің мәліметіне сүйенсек, коммуналдық техникалар қысқы маусымға дайын. Биыл қала көшелерін тазартуға 100 – ге жуық техника жұмылдырылса, оның 80-ге жуығы тазалау жұмыстарына пайдаланылады. Айта кету керек, қысқы көше тазалау жұмыстары, негізінен, «Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесіне тиесілі. Сондай-ақ қосалқы мердігер мекемелер «Гордор-строй» ЖШС, «Озон» ЖШС және «Баймағамбет» ЖШС де қыс мезгілінде қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына араласады.

Коммуналдық техникалардың қыс мезгіліне қаншалықты дайын екеніне көз жеткізу мақсатында қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жол – патрульдік полициясы және ТЖБ арнайы тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, арнайы комиссия барлық қолда бар техникалардың жарамдылығын растап отыр. Сонымен қатар тұз ерітінділері мен көк тайғақтан қорғайтын құм да алдын ала жеткілікті мөлшерде дайындалған. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық емес пе?  Коммуналдық техникалардың дайындығын өзі қарап шыққан Ермак Бидахметұлы қысқы тазалық жұмыстарын жүргізетін жұмысшылармен жүздесті. Сонымен қатар тазалыққа жауапты мекеме басшылары өз жұмыстарын жүргізу кезінде жол жиегіндегі көліктердің айтарлықтай кедергі келтіретінін айтады. Осы ретте олар     Семей қалалық ІІБ-мен аталған мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқанын да тілге тиек етті. Өз кезегінде қала әкімі техникалардың дайындығына көңілі толатынын жеткізді.

— Коммуналдық техникалардың қысқы маусымға дайындығымен танысып шықтым. Биыл қаланың орталық көшелерінің тазалығына баса назар аударатын боламыз. Сонымен қатар қоғамдық көліктер қатынайтын маңызы бар көшелерді де естен шығармаймыз. Қоғамдық көліктердің қиындықсыз қатынауына кедергі болмауы тиіс. Қысқы тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер басшылары міндеттерін талапқа сай орындаймыз деп сендірді. Ендігісі уақыт еншісінде. Әлбетте, шаһардың шеткі аудандары да назардан тыс қалмайды. Қала шетінде тұратын тұрғындар тарапынан өтініштер келіп түсуде. Бұл орайда біз тек қана тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысымен шектеліп қалмауымыз керек. Жекеменшік  кәсіпорындардың қарамағында қаншама техника бар. Осы ретте жеке кәсіпорын техникаларын қысқы тазалық жұмыстарына тарту мақсатында тиісті мамандарға тапсырма жүктелді. Қысқы маусымда шаһар тазалығы қатаң қадағалауда болады, — деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС