"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮРЖАР ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

06.11.2015
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ағымдағы жыл Үржар ауданы үшін жағымды жаңалықтармен, жемісті еңбекпен қорытындыланбақ. Биылғы көзделген межелер мерзімінде орындалып, өңір әлеуеті бұрынғы жылдардағыдан әлдеқайда арта түскен. Ел өміріне елеулі әсер етер әр сала бойынша ілгерілеу жоғары. Ауданның дамуына серпін берген мемлекеттік бағдарламалардың игілігі зор болды һәм жергілікті атқарушы биліктің жаңашыл бастамалары, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясындағы іс—әрекеттер Үржар өңірін дамудың жаңа сатысына көтерді. Ол жайында апта сейсенбісінде облыс орталығы Өскемен қаласындағы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен арнайы брифинг барысында Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин баяндап берді.

Әр сала бойынша даму қарқыны жоғары

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы бұл жолы да қағазға қарамастан  келелі баяндама жасады. Республикалық, облыстық және электронды БАҚ өкілдері қатысқан брифингтегі дерек пен дәйекке, нақты іске негізделген баяндамасында С.Зайнулдин ағымдағы жылдың 9 айы ішінде атқарылған ауыз толтырып айтарлық қомақты шараларды  егжей-тегжейлі сараптап өтті. Сөз басын Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы өңірлер әлеуеттілігін арттыруды міндеттейтін басымдықтар аясында қолға алынған істердің жүзеге асырылуынан бастаған аудан әкімі жиналғандарды аудандағы түрлі салалар бойынша қадау-қадау жұмыстар жайында мәліметтерге қанықтырды. Атап айтсақ, есепті мерзім ішінде ауданда 2 млрд. 890,8 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өнімнің табиғи көлем индексі 100 пайызды құрапты. Сонымен қатар ауданға тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. 796,4 миллионды құраған. Бір ғана мысал, шетелдік инвесторлар есебінен, бірлескен «Куә бол и Пэн Шэн» ЖШС  Үржар ауылында жалпы  құны 546 млн. теңге болатын темір-бетонды бұйымдар жасау зауытын салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге Үржар ауылынан 7 га жер беріліп, кәсіпорынның құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған серіктестік кәсіпорынды келер жылы іске қосып, 100 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

 

{jcomments on}Ал Үржардағы негізгі кәсіп түрі — ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 млрд. 72 млн. 500 мың теңге болыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9 пайызға артық. Жалпы, бүгінде аталмыш бағыт бойынша үлкен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Серік Зинабекұлы үнемі назарда ұстап отырған  асыл тұқымды мал басын арттыру және суармалы жерлер тиімділігін жоғарылату бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліпті.

 

— Қазіргі күні астық жинау науқанын  аяқтадық. Ауданда 196 мың га егістік жер бар. Әр гектардан 16 центнерден өнім алынды. Күнбағыс жинау жұмысы жүріп жатыр. Майлы дақылдар ішінде соя мен сафлор егілген болатын. Егін шаруашылығында жаңа технологиялар қолданылуда. Тамшылатып суару әдісі түсімнің мол болуына ықпал етті. Бұл бағытта 19 млрд. теңгенің көлемінде жұмыстар атқарылды. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіштер арта түседі, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сондай-ақ жоғарылаған көрсеткіштер арасында бөлшек сауда тауар айналымы да бар. Оның көлемі 9 млрд. 420,4 млн. теңге.  Үржарда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы жеті мектеп салыныпты. Төрт мектептің құрылысы биыл аяқталмақ.  Сонымен қатар аудандағы гидротехникалық нысандарды қалпына келтіруде 4,5 млрд. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Су тарату тоғандарының жөнделуі өңірдегі суармалы жерлер тиімділігін арттырмақ. Мұнымен қатар 5 мың 254 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 103 шаршы метрге артық. Жыл аяғына дейін құрылыстың бұл түрі жекеменшік есебінен тағы артатынын ескерсек, жұмыс қарқынды жүруде. Яғни, жыл аяғына дейін шамамен 8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тағы бір айта кетерлігі, 27 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға таяу, жаңа нысан осы айда пайдалануға берілмек.

— Бұл ретте облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына үржарлықтар атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. 27 пәтерлік тұрғын үй салу өңіріміздің тарихында соңғы 24 жыл ішінде  алғаш рет жүзеге асып отыр. Пәтерлер ауданымызға келген жас мамандарға, мүгедек жандарға арнайы құрылған комиссияның шешімімен берілетін болады,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Тұрғындар тілегін орындауда жетістік жоғары

Келесі кезекте сөз тізгінін  Үржар аудандық мәслихатының хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев алып, өз сөзінде халық қалаулыларының қатысуымен жүзеге асып жатқан шаралар легімен таныстырып өтті:

— Аудандық мәслихат депутаттары өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде  сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасап қана қоймай, атқарушы органдар басшыларына депутаттық сауалдар жолдап, халықтың талап-тілегі мен аудан әкімінің назарындағы мәселелердің бірлесе шешілуіне үлес қосуда. Ағымдағы жылы халықпен 255 рет кездесу өткізіліпті. Мәслихат пен жергілікті атқарушы биліктің тығыз байланысы нәтижесінде ауданда кешенді шаралар қолға алынып, межеленген көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілуде. Үржар ауданы облысымыз бойынша экономикалық даму бағытында алдыңғы қатарға шықты. Яғни ауданның экономикалық өсу көрсеткіштерінің   динамикасы жоғарылап, қалалар мен аудандар арасында жоғары орын алды, — деді өз сөзінде М.Бітімбаев.

Жастар қаладан туған елге оралуда

Брифингте үшінші кезектегі сөз тізгінін аудандық Жастар орталығының директоры Азамат    Халықов алды. Жастар орталығының  басшысы аудан әкімі Серік Зайнулдиннің жаңа идеялары нәтижесінде аудан көлемі бойынша іске асып    жатқан жетістіктерге тоқталып өтті.

—  Бүгінгі таңда аудан бойынша 18 мыңның үстінде жас бар. Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатының жұмысы «Қазақстан — 2020: болашаққа жол» ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі. Осы ретте Серік Зинабекұлының бастамасымен аудан әкімдігінің жанынан жастар кеңесі құрылып, жұмысын жүйелендірді. Сондай-ақ барлық ауылдық округтердегі ауыл әкімі жанындағы жастар кеңесінің жұмысын үйлестіруші мамандар қызмет жасайды. Жастар кеңесінің төрағасы — аудан әкімі Серік Зайнулдин, кеңестің құрамына бөлім басшылары және ауданның белсенді жастары енгізілген. Осы кеңестердің жұмысына үнемі әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, орын алған кемшіліктерді жоюда жастар кеңестерінің белсенділері ықпал етеді,- деген орталық директоры Азамат Халықов сонымен қатар ағымдағы жылғы мерекелердің атап өтілуі және жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау бағытындағы шаралар тұрғысында да баяндап өтті. Бір қуанарлық жағдай — қаладан туған елге қызмет етуге оралып жатқан жастар бар екен.

Әр мәселеге нақты іспен жауап бар

Үржар ауданының әкімі өткізген брифингтің үшінші бөлімі сауал-жауапқа жалғасты. БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына  Серік Зинабек- ұлы жауап берді:

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тілшісі Әсем Өтешева:

— Науалы орта мектебінің құрылысы жайында айтып өтсеңіз…

— Науалы орта мектебіндегі оқу процесі үзіліссіз жүріп жатыр. Мектептің құрылысын жүргізген семейлік фирма құрылысты қабылдау комиссиясына өткізбестен, аяқсыз тастап кеткен. Бұл бағыттағы мәселелер облыс әкімі Даниал Ахметовтің назарында. Тәмамдалмаған құрылысты өзіміз аяқтадық. Нысанға шамамен 9 млн. теңге қажет екен. Аудандық бюджет есебінен нәтижелі жұмыс жүргіздік. Мәселен, мектептің шатырын жасадық. Бұл бағытта аталмыш фирмамен алдағы уақытта заң аясында сөйлесетін боламыз.

Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Мерей Қайнарұлы:

— Облысымызда 9 сүт-тауарлы ферма салынатын болса, соның екеуі Үржарда салынатын көрінеді. Соған байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?

— Сүт-тауарлы фермалар салу жұмыстары бүгінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасы бойынша іске асырылмақ. Олар «Сағади» және «Юбилейный» атты жеке серіктестіктер. Қазіргі күні екі жүз басқа арналған екі сүт-тауарлы ферманы құру үшін жобалық-сметалық құжаттары даярланды. Инженерлік инфрақұрылымын жүргізу үшін екі серіктестікке 52 млн. теңге ақша бөлінді. Бүгінде электр желілері тартылуда. Сондай-ақ «Бәтуа» ЖШС де келер жылы 400 басқа арналған сауынды сиыр фермасын салуға ниет білдіріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«Семей таңы» газетінің тілшісі Қуаныш Жолымбет:

— Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлт  Жоспарында өңірлердегі туризм саласын дамытуға баса мән берілген. Бұл тарапта Үржар ауданында қандай жұмыстар атқарылды және алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз…

— Үржар ауданы — облысымыз бойынша туризм саласы қарқынды дамыған өңір. Мәселен, Алакөл жағалауындағы демалыс орындарын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жасалды. Яғни турис-тер тарту ісін арттырып, аудан бюджетіне түсетін салық түсімін өсіру межеде тұр. Бүгінде жазғы мау-сымда Алакөл басында 124 нысан халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 92 демалыс орны, 18 қоғамдық тамақтану орны, 13 дүкен, бір дәріхана жұмыс істеуде. Сонымен қатар биылғы жылы Алакөл көлі жағалауында кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жалпы  құны 250,5 млн. теңгеге бес демалыс үйінің  құрылысы  аяқталып, іске қосылды. Жалпы, туризмді дамыту арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісін де оңынан жолға қоюға болады. Аталмыш бағытта Алакөл жағасын абаттандырудың бас жоспарын әзірледік. Мұнымен қатар абаттандыру саласын ширатуда «Алакөл-тазалық» мекемесі құрылып, жұмысы жүйелендірілді. Облыс әкімі Даниал Ахметов келер жылы бұл орайда көмек беретінін жеткізді. Мұның сыртында өңірімізде тарихы терең Ақберлі-Барқытбел таулары бар, «Үржар ханшайымы» шыққан өлке. Осы бағытта арнайы жоба даярладық. Алдағы уақытта сол бойынша нақты шараларды іске асыратын боламыз.

«Менің өлкем» газетінің тілшісі Аян              Орынбаев:

— Қытай Халық Республикасымен ауыл шаруашылығы саласында қандай байланыс орнатылуда? Оның аудан нарығына ықпалы қандай? Алдағы уақытта өзге де іскерлік байланыстың қандай түрлері межеленуде?

-Қытай жерінде жәрмеңке өткіздік.Сонымен қатар аспан асты елінің Чунцин қаласынан жақсы әріптес таптық. Өткен жылы ол қалада іссапармен болып қайттым. Биыл бірлескен «Куә бол и Пэн Шэн» ЖШС құрылып, жалпы  құны 546 млн. теңге болатын темір-бетон бұйымдар жасау зауытын салуды жоспарладық. Екі жақты әріптестік аясында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс индустриясының қарқын алуы маңызды қадам жасауға алып келуде. Облыс әкімінің ауданымызда болған сапарында жаңа нысанның салынатын орнын да көрсеттік, қажетті кеңес алдық. Зауыттың өнімі тек Үржарға ғана емес, көршілес Аягөз ауданына да шығарылмақ. Жаңа кәсіпорынның  қуаттылығы жылына миллион тоннаны құрайтын болады.

P.S. Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы өткізген баспасөз брифингі барысында күнгей өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірін жарқын ететін көптеген мағлұматтарға қанықтық. Атқарылған істер ауқымды. БАҚ өкілдері аталмыш аймақтың әлеуетін арттыру жолында жасалған, әкімнің басшылығымен жүзеге асқан  жұмыстар жайына қанықты. Жері шұрайлы, халқы еңбеккер ауданның ауыз толтырып айтар жетістіктері көп екен. Бұл ретте Серік Зайнулдин сынды тәжірибелі де білікті, креативті идеяларымен танымал басшысы бар Үржар ауданының даму даң-ғылында үлкен серпінге ие болуы заңды. Бұл орайда Үржардың жасампаз халқы өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізері анық деп білеміз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

24.11.2025
Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

Semeytany.kz - Ақсуат ауданының Екпін және Ойшілік ауылдарында заманауи спорт модульдерінің құрылысы жүріп жатыр. Ауыл жастары үшін қолжетімді спорт инфрақұрылымын...

Толығырақ...Details

GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

24.11.2025
GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

Semeytany.kz – Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий (Gennadiy) Головкин Римде өткен World Boxing конгресінде ұйымның президенті болып сайланып, халықаралық спорт федерациясын...

Толығырақ...Details

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

24.11.2025
Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

Semeytany.kz - Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар...

Толығырақ...Details

Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

24.11.2025
Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

Semeytany.kz - Мақаншы ауданының Барлық-Арасан ауылында жергілікті тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсететін жаңа медициналық-фельдшерлік пункт пайдалануға берілді. Ауылда 100-ден астам...

Толығырақ...Details

ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

24.11.2025
ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

Белгілі фольклортанушы, шежіреші, жазушы Зейнолла Cәнік пен оның ұстазы, шежіреші, өлкетанушы Бейсенғали Садыханұлының «Қаракерей Қабанбай батыр. Аңыз, зерттеу, қиссалар» (Алматы:...

Толығырақ...Details

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025
Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ақсуатта ауыл спортын дамытатын жаңа нысандар салынуда

2 часа бұрын

GGG – әлемдік бокс тізгінін ұстаған алғашқы қазақстандық

4 часа бұрын

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері жоспардан бұрын қайтарылды

4 часа бұрын

Барлық-Арасан ауылында заманауи фельдшерлік пункт ашылды

4 часа бұрын

ҚАБАНБАЙТАНУШЫ ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

4 часа бұрын

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

3 дня бұрын

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

3 дня бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 дня бұрын

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

3 дня бұрын

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС