"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАРЫШҚА ҒАШЫҚ ҚАЗАҚ

06.11.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақтың ғарышкер ұлы Айдын Айымбетов Семей қаласына келді. Жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаевтың қолынан «Халық Қаһарманы» төсбелгісін алған батыр ұлды шаһар тұрғындары да зор қошеметпен қарсы алды.

Сапары аясында ғарышкер семейлік зиялы қауым өкілдерімен және қала жастарымен кездесулер өткізді. Мұндағы мақсаты — өскелең ұрпақтың еліне, қазақ ғарышкеріне деген құрмет, мақтаныш сезімдерін арттыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау һәм қазақ ғарыш саласы туралы мағлұматтарын арттыру. Қазақстанның көк байрағын ғарыш төрінде желбіретіп, Отанына аман-есен оралған ғарышкермен қауышуға көпшілік мол жиналды.

 

{jcomments on}Ғарышкер алдымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде шаһардың студент жастарымен жүздесті. Айдын Айымбетовпен өткен бұл кездесуге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастаған зиялы қауым өкілдері де қатысты.

 

— Біз үшін бүгін айтулы күн. «Халық Қаһарманы» Айдын Айымбетовпен кездесу семейлік жастар үшін-үлкен қуаныш. Жуырда барша қазақстандықтар біздің үшінші ғарышкеріміздің көкке самғағанына куәгер болып едік. Ал бүгін қазақтың сол батыр ұлымен кездесіп отырмыз. Мұндай кездесудің жастар үшін мәні зор, — деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Кездесу еркін әңгімелесу әрі сұрақ — жауап түрінде өрбіді. Ғарышкер ұл осындай кездесулердің жастарға ерекше әсер қалдыратынына сенім білдірді. Студент жастар сауал қою кезінде әсіресе ғарышкердің бала кезіндегі арманы, отбасының оның       мамандығына көзқарасы, ғарышта   жасалған зерттеулер, алған әсері қызықтырды.

— Ғарышқа ұшу сапарым Елбасы Н.Назарбаевтың шешімі мен үлкен қолдауының нәтижесінде жүзеге асырылды. Сапар барысында Қазақстанның кең көлемдегі ғылыми бағдарламасы аясында медико-биологиялық, физика-техникалық және психологиялық  зерттеулер жүргізіліп, толықтай орындалды. Қазір оның нәтижелерімен ғалымдар айналысуда, — деді қазақ ғарышкері.

Халық Қаһарманының әңгімесіне тәнті болған жастарды ғарышта адам қандай сезімде болатыны, Айдын Ақанұлының туыстары ұшу туралы естігенде қандай күйде болғаны,  ғарышқа ұшу үшін қанша уақыт дайындал-ғаны сынды түрлі сұрақтар толғандырды. Ал кездесуден үлкен әсер алған ғарышкер жастарға өзінің ағалық тілегін жеткізді.

— Алдарыңызға қандай мақсат қойсаңыздар да, орындаларына сенулеріңз керек. Ерік-жігерлеріңіз болса, мақсаттарыңызға жетесіздер. Сіздердің араларыңыздан білікті ғалым, өз ісінің білгір маманы шығатынына сенімдімін.      Мамандықтың барлығы да маңызды. Қандай жолды таңдасаңыздар да, өз ісінің нағыз майталманы болыңыздар. Отанымыз — Қазақстанымыздың гүлденуі жолында сіздер де бар күш-жігерлеріңізді саласыздар деп үміттенемін, — деді ғарышкер.

Кездесу кеші соңында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков шаһарымызға арнайы сапармен келген ғарышкерге зиялы қауым мен жастардың атынан алғысын білдірді.

— Құрметті Айдын Ақанұлы, бүгінгі кездесуге Семей қаласының үш жоғары оқу орнының студенттері жиналып отыр. Біз сізді мақтан тұтамыз, осындай кездесулер жастарымызға үлкен рух береді. Себебі ғарышкерлер арасында өзіміздің қандасымыздың болуы — біз үшін мақтаныш. Қазір әлемде бес мыңнан астам ұлт бар болса, осындай нәтижеге олардың барлығының бірдей қолы жетіп отырған жоқ. Бұл — Қазақстанның ғарыштық державаға айналып келе жатқанының белгісі. Сондықтан сізге болашақта үлкен табыс тілейміз. Мүмкін болып жатса, тағы ұшып, Қазақстанның Туын ғарышта желбірете беріңіз,- деген ақжарма тілегін жеткізді.

Ал тәуліктің екінші жартысында Айдын Айымбетов қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келіп, оқушылар һәм ұстаздар қауымымен жүздесу өткізді. Ғарышкермен өткен кездесуге әсіресе шәкірттер қатары жоғары даярлық  жасапты. Атап айтсақ, физика-математика ғылымы саласына бейімделген дарынды жасөспірімдер Айдын Ақанұлына өздері әзірлеген ғылыми жобаларын ұсынды. Мәселен, 10-шы «Д» сыныбының оқушылары Әділ Әбілов, Әлихан Көжебеков пен Сабыржан Стахан есімді ұландар қолдан    жасалған Жер серігін Сатурн ғаламшары орбитасына шығару және оның    сақинасын орбитаның әр нүктесінен түсіру туралы жобаларын таныстырды. Бұл ретте шәкірттер 3Д Мах форматында бейнеролик те әзірлепті.

Өздерінің ғылыми жобасы аясында жас ғалымдар Сатурнды зерттеу мәселелеріне ықпал етуді мақсат тұтыпты. Расында, қазіргі таңда АҚШ-тың NASA ғарышты зерттеу орталығының мамандары бұл ғаламшар сақинасы туралы ғылыми деректер жинауда тұйыққа тіреліп отыр.

Ал оқушылардың бұл виртуалды    жобасы Томск қаласында өткен оқушылар мен студенттердің бүкілресейлік форумында ғалымдар талқысына ұсынылып, «Ең үздік баяндама» номинациясын жеңіп алыпты.

Ал Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері ұсынған келесі жоба жер серігінің жанармайын үнемдеу мәселесіне арналыпты. Бұл ретте өз жобасын сәтті қорғап шыққан 10-шы «С» сыныбының оқушысы Теңіз Ибраев ғарыш аппаратының ұшу троекториясын оңтайландыру және гравитациялық маневр жасау шаралары мәселесін тақырып өзегі етіп алыпты. Бұл ретте «Роскосмос» мекемесінің Күн ғаламшарының гелиоцентрлік серігін зерттеуге бағытталған жұмыстарына өзіндік үлес қосуды мақсат тұтыпты. Ал бұл шәкірттің «Kerbal Space Programm» бағдарламасымен жасалған ғылыми жобасы Томск қаласындағы ғылыми форумда арнайы диплом иеленіпті.

Осыдан соң сөз кезегі Айдын            Айымбетовке берілді. Өздерінің ғылымдағы соны жетістіктерімен бөліскені үшін алғыс айтқан ғарышкер аталмыш білім ордасының оқушыларына ризашылығын білдірді. Ал бұдан кейін шәкірттердің қойған сауалдарына тұшымды жауаптар қайырды. Оның ішінде ғарыштағы салмақсыздық жағдайы, жат ғаламшарлықтардың бар екеніне сенетіндігі, бала кездегі арманы жайлы әңгіме қозғалды.

Қызғылықты да тартымды өрбіген әңгіме әсіресе ғарыш саласына қатысты тың мәліметтерге толы болды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 час бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

20 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

1 день бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

1 день бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

1 день бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС