"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — ОРТАҚ ІС

11.11.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының бағыттарын түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Іс-шараға аталмыш агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалымбек Досанов, департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, бөлім басшылары мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш болып сөз алған Ғалымбек Досанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің өзектілігін түсіндіре отырып, қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті.

 

{jcomments on}Сонымен қатар жиын барысында аталмыш қоғам індетімен  күрес мәселесіне мемлекеттік қызметшілердің   көңілін аудару, құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұрғысында сөз қозғаған департамент басшысы ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру шараларын, сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодекс-терінің ерекшеліктері мен өзгерістерін жіті түсіндіріп өтті.

 

— Біздің департаменттің негізгі мақсаттарының бірі азаматтар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәде-ниет, берік иммунитет қалыптастыру болып табылады. Бұл қызмет азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және оларды құқықтық тұрғыдан сауаттандыруға бағытталған. Сондықтан өкілеттілікті қызметтен тыс пайдаланбау, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау сияқты негізгі талаптарды орындауды біз, ең алдымен, өзімізден бастауымыз қажет. Қазіргі уақытта барлық деңгейде жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде арнайы іс-шаралар жүргізілу үстінде, — деді Ғалымбек Досанов.

Өз кезегінде департамент басшысының орынбасары Тоқтамыс          Жұмағұлов азаматтардың жемқорлық фактілеріне баруының бір себебі өз құқығын, мемлекеттік қызметтің қалай көрсетілетінін білмеуінде жатқанын айтып өтіп, адамдардың ақпараттану деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар дәл осындай кездесуді аталмыш департамент өкілдері қалалық ІІБ-да ұйымдастырды. Оған қатардағы тәртіп сақшыларынан бастап барлық бөлімнің жетекшілері  қатысты. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Т. Жұмағұлов пен Семей қаласы ІІБ-ның басшысы  Ж.Исадиловтың төрағалығымен өткізілді. Кездесу барысында Тоқтамыс Қадошұлы жи-налғандарға жуырда ҚР Парламентінде қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы Заңды бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп өтті. Және де сыбайлас жем-қорлыққа қарсы бағытталған жаңа стратегияның негізгі тұстарына да тоқталды.

— Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» құжатының 1- бөлімінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы жазылғаны жөнінде сіздер жақсы білесіздер. Мықты билік органдарын қалыптастыру тек жоғарғы ведомстволарға ғана қатысты деген ұғым қате. Ел Үкіметінен бастап төменгі ауылдық округтерге дейін өз міндеттерін мүлтіксіз орындауы тиіс. Ұлт Көшбасшысы жүктеген саяси мәні мен маңызы зор қадамдарды жүзеге асыруда баршамыз жұмыла кіріскеніміз абзал. Енді мемлекеттік қызметке үміткерлер 3 кезеңнен өтіп, іріктеліп алынатын болады. Ол — сынаққа қатысушылардың кәсіби біліктілігін анықтауға мүмкіндік бермек. Қазіргі жүйе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің 67%-ы  сынақты тапсыра алмай, сүрініп жатыр. Ал олардың ішінде білімді және іскер азаматтар жетерлік. Сол себепті жаңа үш сатылы іріктеу жүйесі осы олқылықтардың алдын алуға септігін тигізеді деп білеміз. Ең бастысы, қызметкерлерді жасақтауда біз үміткерлердің кәсіби шеберлігіне мән беретін боламыз. Яғни мемлекеттік аппаратқа лайықты тұлғалар таңдап алуды көздеп отырмыз, — деді өз сөзінде Т. Жұмағұлов.

Бұдан өзге жиында 2014 жылы 26 желтоқсанда Елбасы өзі бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары жөнінде де әңгіме қозғалды. Саяси құжаттың басты ерекшелігі — онда алдағы жылдарда қоғамның кеселіне айналған жемқорлықты тамырымен жоюға бағытталған кешенді мақсаттар мен міндеттер нақты көрсетілген екен. Осы ретте облысымыздағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы      іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері құқық қорғау органдарын аталмыш келеңсіздіктің алдын алуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Асан МЫРЗАХАН,

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

21 час бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

21 час бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС