"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРТЕГІЛЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

13.11.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында НұркенБектасовтың «Өмірге құштарлық» атты кеші өткізілді. Аталмыш кеште жерлесіміз, жас талант иесі Нұркеннің қазақ тіліндегі алғашқы ертегілер жинағының тұсауы кесілді.

Айтулы шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, сонымен қатар шаһардың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен белсенді жастар қатысты. Алғаш болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова мемлекеттік тілде өз құттықтауын жеткізді.

— Мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды білім алып, ел қатарлы өмір сүруіне барлық жағдай жасау — қоғам алдындағы басты міндет. Бұл туралы Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында басымдық берген болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, көмек көрсету — біздің де басты мақсатымыз. Өз замандастарына ой салып жүрген білімді, зерек жас талант Нұркен Бектасов аударма ісін қолға алып, орыс тіліндегі әлем халықтарының ертегілерін қазақ тіліне аударды. Нұркенге талабыңа нұр жаусын деп, шығармашылық табыс тілейміз. Болашағыңнан зор үміт күтеміз, — деді Н.Шарова өз сөзінде.

Тағдыр арбаға таңғанымен, қаланың қоғамдық және мәдени шараларына белсенді түрде қатысатын Нұркен Бектасовтың жеке мұрағатындағы туындылары енді көпшіліктің жеке кітапханасынан табылары сөзсіз. Айта кетуіміз керек, бұған дейін жас автордың «Бала піл ұяла бермейді», «Батыл шаян», «Білім бәрінен қымбат», «Маруся және жаңа жыл» сынды бірқатар ертегілері  балаларға арналған республикалық «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Балдырған» журналдарында жарық көрген. Талабы таудай Нұркеннің еңбегі ескерусіз қалмай, өткен жылы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының «Мүмкіндігі шектеулі жандардың ҚР мәдениет саласындағы айтулы жетістіктері үшін» аталымымен марапатталды. Ал 2015 жылдан бастап БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында ШҚО бойынша орыс тілінен қазақ тіліне аударатын штаттан тыс бас аудармашысы қызметін атқаруда.

Нұркен Бектасов кеш барысында балабақша, мектептер, балалар үйлеріне өз кітабын сыйға тарту етті. Іс-шара барысында балалар және жасөспірімдер кітапханасының қуыршақ театры кітапқа енген ертегілер желісі бойынша көрініс көрсетті.

А. САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС