"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА ЖАҢА ЖОБА АЯСЫНДА

13.11.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде Семей өңірі бойынша тұрғын үй құрылысы қар-қын алғаны белгілі. Ендігі аралықта «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ есебінен салынатын қолжетімді баспана қатары тіптен артатын болады. Себебі биыл алғаш рет облысымыз бойынша «Жайлы тұрғын үй» атты өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру ісі басталды. Аталмыш қанатқақты жобаның берері жайлы кеше, апта бейсенбісінде, Семей қаласының Ақпараттық орталығында өткен аталмыш банк қызметкерлерінің баспасөз мәслихатында сөз болды.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының директоры Бизат Нурпеисова кіріспе сөз алып, мемлекеттік банк саласы бойынша өңірімізде жүзеге асырылып жатқан бірқатар тиімді шаралар барысымен таныстырып өтті.

 

{jcomments on}- Биыл Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Ертіс» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, осы өңірдің, соның ішінде Семей қаласының тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге байлам жасады. Үш тарап тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде әрекет алгоритмі бекітулі. Қанатқақты жобаны орындау шаралары қазірдің өзінде жүзеге асырылуда, — деді Бизат Советханқызы өз сөзінде.

 

Жалпы алғанда, аталмыш жобаның түп мақсаты мынада: шығыс аймағы бойынша эконом-класты үйлерді салу құрылыс салушының қаражатының және облыс бюджетінің есебінен, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаты    бойынша қаржыландырылмақ. Бұл ретте облыс әкімдігі құрылысқа жер телімін табуды, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамсыздандыруды, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді және түзетуді бақылауды өз міндетіне алып отыр. Ал «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ құрылысқа тапсырыс беруші және  ұйымдастырушы болып белгіленді. Яғни, республикамыз бойынша алпауыт компания ендігі арада өңіріміздегі тұрғын үй құрылысына тікелей атсалысатын болады.

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы өкілдері болса тұрғын үйді сатып алушылар      пулын құрып, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ қаражаты есебінен салынған шаршы метрлерді өткізетін болады.

Атап өтерлігі сол — аталмыш бағдарламаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары қатыса алады. Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз немесе оралман мәртебесіне ие болсаңыз жеткілікті екен.

Бизат Советханқызының айтуынша, аталмыш қанатқақты жобаның осыған дейін жүзеге асырылып келген «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасынан (бұрынғы «Қолжетімді баспана – 2020») өзгешелігі — бұл өңірлік бағдарламаға тілек білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Тіпті жеке тұрғын үйлері бар адамдардың да жаңа қонысқа ие болуына болады.

— Қойылатын ең басты талап – тұрғын үй сатып алғысы келетін адам банк салымшысы болуы керек. Ауданда немесе қалада тұрып жатқаны да маңызды емес. Ал еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған жаңа жоба қазірдің өзінде қарқын алуда. Мәселен, бүгінгі күні өңірімізде 9 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр. Олардың бірі Қашаубаев көшесіндегі тұрғын үй. Бұл үй жақын арада пайдалануға берілуі тиіс. Жаңа нысанда аталмыш бағдарлама аясында банк салымшыларына 36 пәтер сатылады. Қазіргі күні бұл пәтерлер бойынша 15-ші қарашаға дейін салымшылардан өтініштер қабылданып жатыр, — деді банк филиалының директоры.

Бұдан өзге қаламыздағы Театральная көшесінде 72 пәтерлі тағы бір үй салынуда. Бұл жаңа тұрғын үй келергі жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда ағымдағы жылдың          1-ші желтоқсанынан бастап бұл пәтерлерді сатып алғысы келетін азаматтардан өтініш қабылдана бастайды екен. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 135 000 теңге болып белгіленіпті.

Жалпы, келер жыл қаламыздағы көптеген «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін жаңа қоныс тойын тойлау жылы болмақ. Себебі Энергетик кентінде  72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр. Ал Өтепбаев көшесінде 54 және 36 пәтерлі екі үй бой көтерсе, Мелькомбинат ауданында 54 және 81 пәтерлі тағы қос тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.

Баса көрсететін жайт — банкпен әріптес «Фирма «Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  бас инженері Асқар Смағұловтың айтуынша, барлық пәтерлер ішкі әрлеу жұмыстары өткізіліп барып беріледі екен. Яғни, жаңа қонысқа ие болғандар үшін еурожөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеті жоқ.

Осы орайда қосымша түсінік беріп өткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалының директоры Бизат      Нурпеисова бағдарламаның барлық қатысушыларына банк заемының 3 түрі берілетіндігін атап өтті. Жекелей тоқталар болсақ, тұрғын үй заемы бойынша, егер клиент кемінде 3 жыл депозитте тұрғын үй құнының 50%-ын жинаса, заем жылдық  3,5 — 5%-бен беріледі. Ал аралық тұрғын үй заемы талабына сәйкес, салымшының қолында тұрғын үй құнының 50%-ы болса, онда ол 7,5 — 8,5%-бен беріледі екен. Үшінші түрі, яғни алдын ала тұрғын үй заемы бойынша, егер салымшының қолында тұрғын үй құнының 30%-ы болса, онда ол 9,5%-бен берілмек.

Тағы бір ерекшелік — бағдарлама қатысушысы заем алмай-ақ өз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуына да болады. Ал аталмыш жобаның басты ерекшелігі сол — баспана құны өте арзан. Ипотекалық несиемен салыстырғанда тұрғындар үшін тиімділігі аса жоғары болып табылады. Мәселен, жоғарыда айтып өткен қаламыздың Цементшілер кентінен салынып біткен 9 қабатты, 36 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің әр шаршы метрі бар болғаны 135 мың теңге. Яғни, көлемі 40,57 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерді небары 5 млн. 476 мың теңгеге сатып алуға болады екен.

Жалпы, қазіргі таңда қазақстандықтарды, оның ішінде Семей өңірі тұрғындарын арзан әрі сапалы баспанамен қамтуда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның игілігі мол болып тұр. Бұл жайлы егжей-тегжейлі газетіміздің келесі нөмірінде кеңірек тоқталатын боламыз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

14 часов бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

14 часов бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

14 часов бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

14 часов бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

2 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

3 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

3 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

3 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС