"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ДИНАМО» ЕРІКТІ СПОРТ ҚОҒАМЫНА 90 ЖЫЛ

17.11.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

14 қараша күні, Семей қалалық ІІБ – да ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты «Динамо» ерікті спорт қоғамының құрылғанына 90 жыл толуына орай, салтанатты жиын өтті. Оған Семей қаласы ІІБ—ның басшысы Жұмабек Исадилов, Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік — құқық бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов, спорт ардагерлері және ішкі істер қызметкерлері қатысты.

Құрылғанына 90 жыл болған «Динамо» ерікті спорт қоғамының бағындырған белестері аз емес. Ел спортының өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқанына ерікті спорт қоғамының саңлақтарының тәуелсіздік алған жылдардан бастап 46 олимпиада медалін иеленгенін дәлел ретінде айтуға болады. Бүгінде ҚР Ұлттық құрамасының 75 пайызын осы динамолық спортшылар құрап отыр. Аталмыш қоғамдастықтың Семейдегі филиалы да қарқынды жұмыс істеуде. Түрлі қалалық, облыстық, республикалық сайыстарда семейлік «Динамо» ерікті спорт қоғамының спортшылары үздіктер қатарынан көрініп жүр. Бұл туралы салтанатты жиында сөз алған Семей қаласы ІІБ-ның басшысы, «Динамо» ерікті спорт қоғамының Семей қаласы филиалының төрағасы Жұмабек Исадилов мәлім етті.

 

{jcomments on}- «Динамоның» тарихы күллі ел спорты дамуының жылнамасы деп айтсам, қателеспеймін. Өзінің алғашқы күнінен бастап біздің қоғамдастық спорт пен салауатты өмір салтының нышанына айналып үлгерді. Облыстық филиалдың ұйытқы болуымен жылда спорттың жазғы және қысқы түрлерінен спартакиадалар өткізіліп отырады. Олардың қатарына шаңғымен жүгіру, волейбол, шағын футбол, шахмат, күрес және атыс қаруынан ұйымдастырылатын біріншіліктерді жатқызуға болады. Спортшыларымыз, қалалық жарыстармен қатар, аймақтық және республикалық додаларда да жақсы өнер көрсетіп келеді,  — деді Жұмабек Құсайынұлы.

 

Салтанатты жиында Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік — құқық бөлімінің басшысы Сержан Әзбергенов қалалық ІІБ қызметкерлерін қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтап, динамолықтардың бұқаралық спортты дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

— Еліміз бойынша «Динамо» ерікті спорт қоғамының 90 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілуде. Осы спорт қоғамы арқылы талай бапкерлер мен спортшылардың бағы жанды. Бүгінде семейлік динамошылардың көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл қуантарлықтай. Бұл ретте Самат Мақатұлының айрықша еңбегін айта кету керек. Ол кісінің жоғары ұйымдастырушылық қабілеті нәтижесінде жерлестеріміз биік тұғырдан көрінуде. Баршаларыңызды Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлының атынан 90 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын, — деген лебізін жолдады Сержан Мұхтарұлы.

Салтанатты жиын «Динамо» ерікті спорт қоғамының 90 жылдығына арналған турнирде жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Нақтырақ айтсақ, жалпыкомандалық есепте Семей қалалық ІІБ-на қарасты арнайы мамандандырылған күзет ротасының № 2 батальоны топ жарып, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Екінші орын ІІМ-нің оқу орталығы командасына бұйырса, үздік үштікті семейлік ІІБ-ның ұжымы түйіндеген екен. Барлық командалар арнайы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар ішкі істер органдары және спорт ардагерлеріне мерейтойлық төсбелгілер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС