"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ

17.11.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен  қарашаның үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Аталмыш күн аясында қараша айының 9 – 15 күндері Семей қаласы ІІБ-ның әкімшілік полициясы «Қауіпсіз жол» акциясын өткізді. Акция шеңберінде өткен жұма күні жол сақшылары қалалық қан орталығында қан тапсырды.

Акция аясында қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі, жол-патрульдік полиция батальоны және жол-патрульдік полиция ротасынан 35 жол сақшысы қан тапсырды. Жол сақшыларының қан тапсырудағы басты мақсаты жол-көлік оқиғасынан құрбан болғандардың туыстары мен зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету әрі құқық қорғау  қызметкерлерінің жұмысын бағалау болып табылады. Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі, әкімшілік — тәжірибелік бөлімшесінің инспекторы Ләйлә Мұстафинаның сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері қалада 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Салдарынан 23 адам қайтыс болса, 410 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

— «Қауіпсіз жол» акциясы барысында жол сақшылары колледж студенттерімен кездесу өткізді. Ол жерде жастарға жол козғалысы ережелері түсін-діріліп, студенттерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарға толыққанды жауап алуға мүмкіндік туды. Бұдан бөлек, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын мекеме жүргізушілерінің қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Сонымен қатар апта соңында жол-көлік апатынан қаза тапқандарды еске алу мақсатында автошеру өткізіліп, көлік жүргізушілеріне ақпарат парақшалары таратылды. Айта кету керек, бүгінгі таңда жедел ақпарат орталығының бейнебақылау камералары  әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуде. Десе де өткен жылмен салыстырғанда жол — көлік оқиғалары биыл  20%-ға өсіп отыр. Осы ретте Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімі көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін мейлінше қатаң сақтауды ескертеді, — деді полиция лейтенанты Л.Мұстафина.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 


Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

7 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

7 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС