"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЫН МҰРАСЫНА АДАЛДЫҚ

17.11.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл дана халқымыздың дара перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл, ал Абайдың мемлекеттік тарихи — мәдени және әдеби — мемориалдық қорық-мұражайының құрылғанына 75 жыл толып отыр. Екеуі де исі қазақ үшін ерекше орны бар мерейтой саналады. Өткен аптада дәл осы айтулы рухани  мерейтойлар құрметіне арналып бірқатар ауқымды шаралар өткізілді.

Іргетасының қаланғанына 75 жыл толған Семей шаһарындағы Абай мұражайы — Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығына және оның ақындық өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау. Мұражай қазақтың ұлы жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша, Абайдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар кеңесiнің 1 сәуiрдегі қаулысы негізінде құрылып, сол жылы 16-шы қазан күні мереке үстінде ашылған. Міне, сол уақыттан бері мұражай қасиетті Семей шаһарына ат басын бұрған барлық меймандардың бірінші кезекте келетін киелі орындарының біріне айналды.

 

{jcomments on}Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы мерейтойына арналған шаралар легі бір апта көлемінде өткізіліп, жоспарланды. Атап айтар болсақ, аптаның алғашқы күні «Абай мұражайының ғылыми-қор жұмыстары», «Абай қорық — мұражайының баспа жұмыстары» атты дәрістер оқылса, келесі күні шаһардағы № 47 орта мектеп қабырғасында «Абай мұражайының тарихы» атты танымдық мәдени шаралар өткізілді. Бұдан өзге мұражай жанынан ашыл-ған мәнерлеп оқу сыныбының жұмыстары көпшілікке паш етіліп, келушілердің көңілінен шықты. Айта кетуіміз керек, мерейтой аясында өткізілген Ашық есік күндері де келген қонақтарға мұражай экспозициясымен танысуға молынан мүмкіндік берді. Өткізілген шаралардың тағы бірі — қаламыздағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында өткен «Мұражай және мұрағат – тарих қазынасы» атты әдеби танымдық кеші. Мұрағат және мұражай қызметкерлері мен мәдениет саласы мамандары жиналған басқосуда Абай мұражайына қатысты мұрағат құжаттары тізбесінің таныстырылымы өтті.

 

— Биыл Абайдың 170 жылдық мерейтойы, сонымен қатар Абай атамыздың мұражай үйінің құрылғанына 75 жыл толып отыр. Мұрағатшылар мұражай қызметкерлерімен бірлесіп бірнеше шаралар өткізді. Жалпы, екі мекеменің арасында үлкен шығармашылық және әріптестік байланыс орнаған. Мұрағатымызда мұражайдың тарихы, оның қай жылдан бастап құрылғаны туралы барлық деректер сақталған. Шара аясында осы мұрағат құжаттары қойылған шағын көрмеміз де көпшілікке ұсынылды, — дейді Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Лаура Қадырова.

Мұражайдың мерейтойына арналған негізгі шаралар жұма күні жалғасын тапты. Бұл күні ертесімен мұражай ғимаратында «Абай мұражайы-руханият ордасы» атты көрме салтанатты түрде ашылды. Мерекелік көрменің ерекшелігі Абай қорық-мұражайының қалыптасуы мен даму кезеңдерін көрсететін көптеген ғылыми қор материалдарының түпнұсқаларының тұңғыш рет көрермендер назарына ұсынылуы болды. Атап өтер болсақ, мұражайдың көрме залында 1896 жылы Семейде Абайдың балаларымен түскен, Алаш арыстары мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезов пен ұлы ақынның туыстық өнер айналасы өкілдерінің бейнелері бар суреттердің түпнұсқалары көп жылдардан кейін алғаш рет шығарылыпты. Сонымен қатар қолжазба қорындағы Әрхам Кәкітайұлы, Ниязбек Алдажарұлы, Ахат Шәкәрімұлы, Шәкір Әбенұлының бірегей қолжазбалары көрме құндылығын арттыра түсті. Көрмеден қорық-мұражайдың ғылыми-зерттеу және насихаттау жұмыстарын көрсететін, тыныс-тіршілігін, халықаралық байланысын, жетістіктерін баяндайтын материалдар орын алған.

Мерейтой бағдарламасы «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты. Жиын Абай қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкірдің құттықтау сөзімен ашылды.

— Абай, Шәкәрім, Мұхтарды дүниеге әкелген қасиетті Семей жерінде бүгін үлкен той. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу – қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәр-биелеудің басты шарттарының бірі…» деген сөздері — музей қызметінің басты ұстанымы. Сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген Абай, оның Шәкәрім бастаған дарынды шәкірт-терінің шығармалары, ұлылықтың ізін жалғаған Мұхтар Әуезовтің есімі мен бай мұрасы — қазақ халқының асыл қазынасы. Үш алыптың өлмес мұрасын, туыстық өнер айналасын 75 жыл кеңінен насихаттап келе жатқан Абай қорық-мұражайы еліміздің рухани ортасына айналып, қазақ мәдениетінің өркендеуіне зор үлесін қосуда, — деді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде белгілі ғалым, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Жоғары педагогика мектебінің директоры Арап Еспенбетов, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор С.Қорабай,    С.Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры, профессор Б. Ердембеков, «Мөлдір» Сібір қазақ мәдени орталығының басшысы А.Жүнісова, Еуразия Ұлттық университетінің қытайтану  кафедрасыныңмеңгерушісі Д. Мәсімханұлы,   тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың  жоғарғы ғылыми қызметкері Б. Данияров өз   баяндамаларын оқыды.

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының құрылғанына 75 жыл толуына арналған кең көлемді шара Абай атындағы театрда салтанатты жиын мен мерейтойлық концертке      ұласты. Салтанатты жиында сөз алған Абай қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір барша қатысушыларды мерейтоймен құттықтап, ұлы тұлғалардан қалған баға жетпес асыл мұраларды қаз — қалпында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу бағытында ұзақ жылдар сан салалы еңбек етіп келе жатқан қасиетті қара шаңырақтың абайтанудағы тыныс-тіршілігі, тарихы туралы кеңінен баяндады.

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевке беріліп, ол еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар Қуатжан Уәлиев мұражайда ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді марапаттады. Дүбірлі мерекеде мерейтойға арнайы келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да өз ілтипатын білдіріп, облыс әкімінің ыстық сәлемі мен арнайы алғысын жеткізді.

— Бүгін, шынымен де, тек қана Семей өңірі үшін емес, әлем үшін маңызы бар мәдени шара өтуде деп айтуымыз керек. Өйткені Абай тек Алаштың маңдайына біткен  жұлдыз емес, әлем үшін қайталанбас тұлға. Олай болатын болса, бүгінгі шараны осындай деңгейде атап өту заңдылық деп есептейміз. Ал Абайдың мұрасын жас ұрпаққа жан-жақты дәріптеуде мұражайдың алар орны айрықша деп айтуымыз керек. Мемлекеттің қолдауымен еңбек етіп жатқан мұражай қызметкерлеріне зор алғыс білдіргім келеді, — деген Жақсылық Мұқашұлы мұражай директоры Жандос Әубәкір бастаған бірқатар ұжым қызметкерлерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен марапаттады.

Жалпы іс-шара барысында мәдениет саласының бірқатар үздіктері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңы шаһар өнерпаздарының концертіне ұласты.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

13 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

20 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

20 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

20 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

2 дня бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

2 дня бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС