"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

20.11.2015
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатының солтүстік-шығыс аймақтық жарысына Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов бастаған бірқатар қазақ боксының майталмандары келген еді. Күні кеше шаршы алаңда жасындай жарқылдаған Болат Жұмаділов пен Серік Елеуов Семей жеріне келіп, балғын боксшылардың аяқ алысын тамашалаған еді. Ал 17 қараша күні аталған былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, еліміздегі жасөспірімдер боксының дамуы жайы жан – жақты айтылды.

Баспасөз мәслихатында сонымен қатар  ШҚО Бокс федерациясының атқарушы директоры Бекболат Жамангаринов, бокстан ҚР жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов, бокстан жасөспірімдер арасындағы ҚР солтүстік-шығыс аймақтық чемпионаты бас төрешісінің орынбасары Қуат Құдайбергенов, Семей қалалық Бокс федерациясының президенті Құрманғали Рақышев қатысты. Республикалық олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ыбрайымовтың айтуынша, бокспен айналыстан жастардың саны артып отырғандықтан, ел чемпионатын  2 аймақтық кезеңге бөлуге тура келген. Биыл оның солтүстік-шығыс өңірлік бөлігін өткізу мәртебесі Семей қаласына бұйырған екен. Оған Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар,   Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысы командаларынан 200-ге жуық спортшы қатысуға ниет білдіріпті. Ал оңтүстік-батыс кезеңі Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

{jcomments on}- Семей — қазақтың киелі мекені. Сондықтан да ағымдағы жарысты Семей шаһарында  өткізуге бел будық. Бұл чемпионаттан іркілмей өткен балалар Астанадағы шешуші додаға жолдама алады. Семейде спорттың дамуы жақсы жолға қойылғаны бізді қуантып отыр. Әсіресе бокс, күрес және өзге де жекпе-жек түрлерінен жеткен жетістіктер аз емес екен. Заман талабына сай дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешені бар. Мұндай нысандар республикада саусақпен санарлықтай десе де болады. Кешен директоры Мерейғали Көшкінов дарынды балаларға арналған интернаттың құрылысымен таныстырды. Бұл өз кезегінде осы өңірдегі спорттың дамуына үлкен серпін беретіндігіне мен кәміл сенемін, — деді Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов.

 

Баспасөз мәслихатында Семейдегі аймақтық біріншіліктің жоғары деңгейде екендігі айтылып, қолдау танытқан ШҚО және Семей қаласының әкімдіктеріне, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына, ШҚО Бокс федерациясына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді. Сонымен қатар баспасөз мәслихатында өзге де тақырыптар көтерілді. Мәселен, үлкен спортта, оның ішінде жекпе-жек түрлерінде жарақаттар жиі орын алатыны жасырын емес. Осы ретте спорт медицинасын қолға алу қажеттілігі туындайтыны анық. Бұл орайда Ермахан Ыбрайымов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан ашылған дәрігерлік диспансер мен ғылыми орталықтың бар екенін атап өтті. Онда спортшылардың психологиялық әрі физикалық мүмкіндіктері тексеріледі.

— ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен орталыққа заманауи құрылғылар әкелінді. Ол кезегінде спортшыларды медициналық тұрғыда бақылауға мүмкіндік береді. Басқа  дамыған мемлекеттердегідей, біздің елімізде де спортшыларға жақсы жағдай жасалынып жатыр,- дейді бұл ретте Е.Ыбрайымов.

Бұған қоса ШҚО Бокс федерациясының атқарушы директоры Б.Жамангаринов Өскемен қаласында облыстық дене шынықтыру диспансері салынып жатқанын, алдағы уақытта бүкіл аймақ спортшылары сол жерде толық медициналық тексеруден өтетінін жеткізді.  Сондай-ақ аталмыш диспансердің филиалын Семейде ашу жоспарда бар екен.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС