"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

20.11.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 19 қараша күні Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге жоғары оқу орындарының оқу озаттары, жерлес студенттер, белсенді жастар қатысты. Іс-шараға ауданның білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ТҮКШ, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері де келді. Сонымен қатар кездесуге бұрын Тарбағатай ауданында тұрған, қазірде Семей қаласында тұратын аға буын өкілдері де арнайы келіп, жылы лебіздерін білдірді.

Жиынды ашқан Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков оқу орнында осындай дәстүрлі кездесулердің өткізіліп жатқанын, мұндай басқосулардың жастар үшін берер пайдасы мол екенін атап өтті. Ал аудан әкімі Ділдабек Оразбаев кездесуге арнайы келгендерге алғысын білдіріп, ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуы, бүгінгі күнгі демографиялық жағдайы туралы мәлімдей келіп, аудан болашағы жастардың қолында екенін айтып өтті. Жалпы, студент жастарды білім алып, жоғары оқу орнын тамамдап, мамандық игерген соң, туған ауылдарына қайтып оралуға шақырды.

Тарбағатай ауданының негізгі бағыты мал шаруашылығы болса, бүгінде аталмыш саладағы өнімнің жалпы көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы 22 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілсе, биылғы жылы ол көрсеткішті 23 млрд. теңгеден астам қаржыға көбейту көзделіп отыр екен. Бұл Шығыс Қазақстан облысында өндіріліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің 10 пайыздан астамын құрайды.

 

{jcomments on}Бүгінде ауданда 140 мыңнан астам ірі қара малы бар. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Ал облыстағы ірі қара мал басының 13 пайызы Тарбағатай ауданының еншісінде екен. Өңірде 420 мың бастың төңірегінде қой бар. Республика бойынша бұл да үлкен көрсеткіш болып саналады. Ал Қамбар ата тұқымының саны жыл сайын артып, бүгінгі күні 24 мыңға жеткен. Тиісінше ауданда ет, сүт, жұмыртқа өндіру артып келеді.

 

Әрине, жалпы көрсеткіш сапаға да байланысты. Осы ретте аудан әкімі өңірдегі мал басының сапасын арттыру үшін де біраз жұмыстар атқарған. Мәселен, ауданда асыл тұқымды шаруашылықтар саны осыдан екі жыл бұрын 11 болса, қазір ауданда 46 асыл тұқымды шаруашылық құрылып, нәтижелі жұмыс атқаруда. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы бұл шаруаның осымен тоқтап қалмайтынын, алдағы уақытта тағы да 12 шаруа қожалығы асыл тұқымға көшірілгелі жатқанын жеткізді. Оның сөзіне сенсек, 2016 жылы аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтардың жалпы санын 70-ке жеткізу көзделіп отыр екен.

Тарбағатай ауданында «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары да өз нәтижесін беруде. Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде аудан осы бағдарламалар арқылы 2,5 млрд теңге субсидия алған. Бұл — бір ғана мал шаруашылығына алынған қаражат.

Ауданда 20 мың гектардың үстінде суармалы жер болса, бүгінгі күні оның тек 10 мың гектары пайдалануда екен. Бұл көрсеткішті аудан әкімі жыл сайын арттыруды қолға алмақ. Мәселен, келер жылдың өзінде 3 мың гектар жерді пайдалану іске асырылса, бұл көрсеткіш алдағы жылдары жалғасын таба беретін болады. Осы салаға арнайы инвесторлар тарту бағытында да жұмыстар атқарылмақ. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығын дамытуға септігін тигізіп, дәнді дақылдар егуге мүмкіндік пайда болады.

— Аудан халқы биылғы жылы алғаш рет өзін-өзі көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күні аудан халқы толықтай картоппен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қызанақ, қияр, қырыққабат, сәбіз сынды көкөністер ауданның өзінде егіліп, халықтың арзан бағамен сатып алуына мүмкіндік жасалды. Келер жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, голландтық картоп егуді де қолға алмақпыз, — деді аудан әкімі Ділдабек Оразбаев.

Тарбағатай ауданы білім беру саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген. Мектептердегі мұғалімдердің білім сапасы көбейіп, біліктіліктері арттырылған. Ауданда балабақшалар саны да көбейген, соңғы екі жылда 22 балабақша ашылған. Осы балабақшалардың есебінен аудан халқының 300-ден астам тұрғыны жұмысқа орналасыпты. Өңірде денсаулық саласы да жақсы дамып келеді. Дүниеге келген нәрестелер саны артуда. Ауданда 60 елдімекен болса, бүгінгі күні солардың барлығында медициналық пункттер жұмыс жасап тұр.

Тәуелсіздік жылдары елімізде мәдениет саласы жаңа серпінмен дамып, қарыштап келеді. Қазір әрбір ауылда Мәдениет үйлері салынып, халықтың пайдалануына берілуде. Тарбағатай ауданында өткен жылы сегіз Мәдениет үйі жөндеуден өткізілген. Жұмыс орындары ашылып, қажетті жиһаздар мен әртістерге арнал-ған киімдерге дейін алынып беріліпті. Сонымен қатар ауылдың өнерпаздарын арнайы музыкалық аспаптармен де қамтамасыз етіліп  жатқан көрінеді. Спорт саласына салғырт қарамайтын тарбағатайлықтар жыл сайынғы      облыстық спартакиададаларда биылғы жылы қатарынан бесінші рет жеңімпаз болып, чемпион атанып отыр.

Ауданда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы да нәтижелі. Бүгінгі таңда ауданға келіп жатқан жастар осы бағдарламаның жемісін көріп, қалаған мамандықтары бойынша жұ-мысқа орналасуда. Осы бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тауып, ауданға қажетті 25-30 жас мамандарды шақыру жоспарланып отырған көрінеді.

— Жалпы, ауылда туып-өскен азаматтар мен азаматшаларды ауылға келіп жұмыс атқаруға шақырамын. Себебі ауыл жылдан-жылға жақсарып, көркейіп келеді. Мүмкіндігімізше біз сіздерге жәрдем береміз. Биылғы жылдың өзінде жиырма шақты маманға «Дипломмен –ауылға» бағдарламасы шеңберінде 3 млн. теңге төңірегінде көмек қаржы бердік, — деді студенттермен кездесуінде аудан әкімі.

Кездесуге Тарбағатай ауданының тумалары, бүгінгі күні көпшілікке танымал азаматтары, қазыналы қарттар да қатысты. Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев бірқатар тарбағатайлықтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Келелі кездесуді ұйымдастыруға атсалысқаны, Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары — 100 нақ- ты қадам» бағдарламасын жүзеге асырудағы еңбегі үшін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай–ақ Нәсен Сембаев, Кенжеш Нұрбаев, Мұратбек Керімбаев, Викентий Жұмағалиев, Ақынғазы Омарбеков сынды азаматтар «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Сонымен қатар бірқатар азаматтар «Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген елеулі еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Ал оқуда озат атанып, өздерін жақсы қырынан таныта білген студент – жастар Ділдабек Тәжібайұлының қолынан алғыс хат алды. Кездесуде аға ұрпақ өкілдері жастарға ақыл-кеңестерін беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында Тарбағатай ауданының әкімдігі мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті арасында жасалған әріптестік меморандумға қол қойылды. Келелі кеш аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 минуты бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

43 минуты бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС